Жаңалық орталығы

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК


Жаңалықтар

03

Қаң 2024

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ТРАНСПЛАНТОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕР 9 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Осы жаңа жылдық мерекелерде дәрігерлер шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсете отырып, өз қызметтерін жалғастыруда. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, санитариялық авиация күштерінің көмегімен және бірнеше қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында бірден 9 пациентке ағзаларды трансплантаттау бойынша операциялар жүргізілді.

Толығырақ...

11

Желт 2023

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

2023 жылдың 8 желтоқсанда «Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 005 Бюджеттік бағдарламасы аясында «Адам өлімінің критерийлері және қайтымсыз бас миының өлімін диагностикалау әдістері» тақырыбында дәрігерлерді оқытудың екінші циклы өтті. Толығырақ...

24

Қар 2023

АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҒЗАЛАРДЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУ ЖӘНЕ ДОНОРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 жылдың 23 қарашасында Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстандағы трансплантация және ағза донорлығы» халықаралық қатысуымен ведомствоаралық конференция ұйымдастырды. Толығырақ...

27

Қаз 2023

Жоғары дәрежелі марапат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» директоры Сәуле Шайсұлтанова Республика күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сәуле Шайсұлтанова 1968 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, 1987 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша бітірген.

Толығырақ...

05

Қаз 2023

Ағза донорлығы күні: өмірді құтқару шындыққа айналады

2023 жылдың 4 қазанында Еуропалық ағза донорының күніне орай Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мен ҚР ДСМ Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Жәнібек Успановтың қатысуымен брифинг өтті.
Қазақстан ағза донорларынын тапшылығы мәселелерін көрсету және Қазақстанда ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытудың маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру үшін Еуропалық ағза доноры күніне қосылды.
Жәнібек Успанов Қазақстанда донорлық органдарға сұраныс ұсыныстан айтарлықтай асып түсетінін, қазіргі уақытта елімізде бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек және «Жүрек-өкпе» кешенін қоса алғанда, орган трансплантациясын күтуде 3900-ден астам науқас бар екенін атап өтті. Айта кету керек, мәйіттік донорлар статистикасы жеткіліксіз болып қалып тұр - 2022 жылы 16 адамның өмірін сақтап қала алған тек 4 донор болды.
Келе жатқан Ашық есік күн аясында ҚР ДСМ Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығы 18 жастан асқан науқастарға трансплантация мәселелері бойынша және мәйіттік донорлық, Күту парағына тіркелу туралы тегін кеңестер береді.
Гүлназ Досмырзаева Астанада ағза трансплантациясын күтіп тұрған 500-ден астам науқас бар екенін айта келе, донорлық органның хабардарлығын арттыру және ақпараттандырылған қоғам құру қажеттігін айтты.
Донор күні аясында Астана қаласында түрлі іс-шаралар өткізілуде, соның ішінде LED-экрандарда және аялдамаларда орган донорлығы туралы ақпараттық материалдар мен бейнероликтерді орналастыру, трансплантациядан кейінгі науқастардың, дәрігерлердің, трансплантолог-хирургтардың және денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен Ақбұлақ өзенінің жағалауында орналсақан «Өмір аллеясына» көшет отырғызу іс-шарасы.
Сондай-ақ, дәрігерлер мен мамандар ұжымдармен және тұрғындармен кездесулер өткізіп, донорлық және ағза трансплантациясы туралы мәселелер бойынша ақпараттандырады.
Ағза донорлары күні Қазақстан тұрғындарын игі іс жасауға және адам өмірін сақтау үшін маңызды қозғалыстың бір бөлігі болу мүмкіндігі туралы ойлануға шақырады.

28

Қырқ 2023

2023 жылдың 9 қазанында Қазақстанда Еуропалық ағза донорының күніне орай. Донор күні атап өтіледі.

Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні медицинаның осы саласына адамдардың сенімін арттыру үшін 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол жыл сайын әртүрлі елдерде орган донорлығының қажеттілігі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ерікті және ақысыз донорлық қағидатын ілгерілету мақсатында өткізіледі.
Ағзаны трансплантациялау – маңызды медициналық жетістік, бірақ донорлық органдарға сұраныс ұсыныстан асып түседі.
Қазақстан ағза донорларынын тапшылығы мәселелерін көрсету және Қазақстанда ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытудың маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру үшін Еуропалық ағза доноры күніне қосылды.
2022 жылы не бары 4 мәйіттік донор 16 адамның өмірін сақтап қалды, ал 2023 жылы - 4 мәйіттік донор 9 адамның өмірін жалғастыруға үміт берді.
2023 жылдың 10 қыркүйегіндегі көрсеткіш бойынша, Күту парағында 3 953 науқас бар, оның ішінде бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек және «Жүрек-Өкпе» кешеніне мұқтаждар бар.
Еуропалық ағза доноры күні аясында ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» келесі іс-шараларға қатысуға шақырады:
Ашық есік күні – 2023 жыл 7 қазан
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықпен бірлесе отырып, 2023 жылдың 7 қазанында, Керей Жәнібек хандар 3.мекенжайы бойынша Ашық есік күні шарасын өткізеді.
Трансплантолог дәрігерлер 18 жастан асқан науқастарға трансплантация бойынша тегін кеңес береді. Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың трансплантация үйлестірушісі қайтыс болғаннан кейін органдардың донорлығына ниет білдіру, Күту парағын құру және жүргізу мәселелері бойынша, сондай-ақ туыстық ағза донорлығы мәселелері бойынша кеңестер береді.
«Өмір аллеясында» көшет отырғызу
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық, Алматы ауданының әкімшілігімен, «Өмір тынысы» трансплантацияланған науқастар ҚБ бірлесе отырып, Астана қаласында орналасқан «Өмір аллеясында» көшет отырғызу шарасын өткізеді.
Іс-шараға трансплантациядан кейін және күтудегі науқастар, трансплантолог дәрігерлер, Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, еліміздегі барлық трансплантациялық және донорлық ұйымдарда, басқа да медициналық мекемелерде, әлеуметтік желілерде және басқа да ресурстарда, ағза донорлығы мен трансплантация бойынша іс-шаралар өткізіліп, ақпараттық материалдар орналастырады.
Астанада Ағза доноры күні тақырыбына арналған плакаттар мен бейнероликтер Led экрандарда орналастырылады.
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық сайтында Ағза доноры күні тақырыбында плакаттар, бейнероликтер, ақпараттық материалдар орналастырылады.
Орталықтың «Facebook.com» әлеуметтік желісіндегі парақшасында (https://www.facebook.com/transplant.kz) челленджге қатысып желідегі қолданушы профилін тақырыпқа сай жаңартуға болады.
Ағза доноры күні тақырыбындағы барлық ақпаратты #БірӨмірденАртық#БольшеОднойЖизни хэштегі бойынша табуға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша Марлан Есілбаевқа хабарласуға болады - +77472392953.
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың баспасөз қызметі.

09

Там 2023

Мәйіттік донор. Туысы қарсы, өзі үнсіз...

Баяғыда «Қазақстанда бірінші рет жүрек ауыстырды, алғаш рет бүйрек трансплантациясы жасалды, бауыр ауыстыру операциясы сәтті өтті» деген жаңалықтар елді елең еткізетін. Қазір бұл жаңалық емес. Бүгінгі таңда елде жүрек, бүйрек, өкпе, бауыр трансплантациясы жасалады. Десек те, донор мәселесі күйіп тұр. Әлем елдерінде қалыпты саналатын мәйіттік донор бізде әлі күнге халық қорқа қарайтын, жіті түсінбейтін құбылыс күйінде.

20

Шіл 2023

Алматыда донорлық жүректің алғашқы трансплантациясы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жасалды

Жүрек трансплантациясы – соңғы сатыдағы жүрек жеткіліксіздігінің ең тиімді терапиясы.Ұзақтығы 6 сағаттан асқан күрделі операция Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен бірлесіп, еліміздің жетекші кардиохирургы Юрий Пяның тікелей басшылығымен жасалды. «Алматыда жүректі алғашқы алмастыру Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық мамандарының қолдауы мен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ командасының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды», – деп бөлісті Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов. Марат Орынбасарұлының айтуынша, органдардың донорлығы бойынша құқықтық және заңнамалық базаның құрылуы, кадрлық, зияткерлік, ғылыми және ресурстық әлеуеттің болуы, жақсы материалдық-техникалық базаны құру бүгінде еліміздің медициналық орталықтарында органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды жасауға мүмкіндік берді.Елімізде донор тапшылығы бар. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов елімізде 4 мыңға жуық науқас адамның өмірлік маңызды мүшелері трансплантациялауды қажет ететінін, жүректі трансплантациялау сияқты операциялар көп адамның өмірін сақтауға көмектесетіндігін атап өтті. «Алматының 53 жастағы тұрғыны органдар доноры болды, ол екінші рет мидың өліміне әкеп соқтырған ишемиялық инсультқа шалдыққан. 2023 жылғы 13 шілде күні туыстарының келісімінің арқасында 13 жасында жұқпалы зақымдануына байланысты барлық жүрек қақпақшаларын ауыстыру операциясынан өткен күрделі жүрек ауруынан (қақпаншалық кардиомиопатия) зардап шегіп жүрген 23 жастағы жас жігіттің өмірі сақталды. Жүрек ауруының өршуі басқа операция жасауға мүмкін еместігіне және жүрек трансплантациясынсыз ұзақ өмір сүрудің де мүмкіндігі аздығына әкелген. Енді науқас жүректі сау жүрекке ауыстырғаннан кейін пациенттің сапалы және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндігі бар», – дейді кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев. «Жүрек трансплантациясы – соңғы сатыдағы жүрек жеткіліксіздігінің ең тиімді терапиясы. Енді сырқат жүректі сау жүрекке ауыстырғаннан кейін пациенттің сапалы және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндігі бар», – деп атап өтті доктор.Адамгершілік, мейірімділік пен жанашырлық сияқты жақындарының адами қасиеттерінің арқасында бірнеше адамның өмірі сақталды. Марқұмның туыстарының осындай әрекеті құрметке лайық. Олардың шешімі дұрыс болды және жап-жас жігітке екінші өмір сыйлауға мүмкіндік берді. Жүрек басқа адамда соғуын жалғастырады. Оңтүстік астанада алғаш рет жүргізілген жүрек трансплантациясы операциясының сәтті өтуіне ешкім күмәнданбады, себебі үлкен команданы әйгілі кардиохирург Юрий Пя басқарды.
Донорларға арналған ақпарат