Жаңалық орталығы

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК


Жаңалықтар

22

Қаз 2021

Заседание коллегии Жамбылского областного управления здравоохранения

22 октября 2021 года состоялось заседание коллегии Жамбылского областного управления здравоохранения, посвященное итогам 9 месяцев по реализации Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан на 2020-2025 годы.

Толығырақ...

07

Қаз 2021

Өмір доноры

Павлодарлық жас әйел қайтыс болды, бірақ басқа біреудің өмірін сақтап қалды. Қайтыс болғаннан кейінгі донордың ағзасы Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді. Дәрігерлер науқасқа жүректі ауыстырып қондырды. Қазір науқас қалпына келуде.

Толығырақ...

29

Қырқ 2021

119 адам жүрек трансплантациясына мұқтаж

Бүгін Дүниежүзілік жүрек күні. Бұл атаулы күн 2001 жылдан бастап Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен бекітілген. Өйткені өзге дерттерге қарағанда дәл осы жүрек-қантамыр аурулары қауіпті. Кей науқастарға тек трансплантация көмектеседі. Қазір елде 100-ден астам адам донорлық жүрекке мұқтаж және олардың қатары көбейіп те келеді. Мәселе неде?

Толығырақ...

29

Қырқ 2021

Қазақстандағы жүрек трансплантациясы

Бүгінде оны ауыстырып қондыруға жүзден астам қазақстандық мұқтаж. Осы тізімдегі адамдар үшін уақыт кері саналады. Дәрігерлердің айтуынша, ел тұрғындары қайтыс болғаннан кейінгі донор болудан әлі де қорқады. Сондықтан трансплантология бойынша операциялар азая түсуде, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Толығырақ...

28

Қырқ 2021

Өмір сүргім келеді...

Туғаннан бүйрегі ауыратын Шырайлым Есентай 17 жылдан бері донор іздеумен келеді. Себебі, бүйрегі дұрыс жұмыс істемегендіктен жап-жас қыздың сүйегі қисайып, ауруханада өмір сүруге мәжбүр. Ал, Қарағанды облысында соңғы бір жылда бірде-бір ерікті донор тіркелмеген. Өзгенің ағзасын күткендер 4 мыңға жуықтады.

Толығырақ...

27

Қырқ 2021

Дәрігерлер ағзалар донорлығы туралы заңға өзгеріс енгізуді сұрайды

Елімізде 3,5 мыңға жуық адам ағзаларды ауыстырып қондыруды қажет етеді. Оларға жүрек, бауыр және бүйрек қажет. Жыл сайын өмір сүруге екінші мүмкіндігі болмаған жүздеген пациенттер қайтыс болады. Дәрігерлердің айтуынша, сәтті трансплантациялар саны бойынша статистиканы заңның бір ғана жолымен жақсартуға болады.

Толығырақ...

23

Қырқ 2021

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың болмауы – қарағандылық мамандар үшін үлкен проблема

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық әдісі - көптеген пікірталастар мен келіспеушіліктерді тудыратын тақырып. 2020 жылы ҚР әрбір азаматының электрондық үкімет порталына кіріп, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін немесе одан бас тартуын рәсімдеуге мүмкіндігі пайда болды. Мұны өз емханаңызда да жасауға болады. Бұл тақырып әртүрлі себептермен алаңдаушылық тудырды. Алайда, бүгінде ағзаларды ауыстырып қондырумен айналысатын медицина қызметкерлері қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың пайдасына шешім қабылдауға насихаттауда. Оған көптеген себептер бар.  

Толығырақ...

23

Қырқ 2021

Қарағандыда донор қат

Жалпы, ағза трансплантациясы тұтас Қазақстанда тоқырап тұр десек, артық айтқандық емес. Республика бойынша 3 мыңнан астам адам жаңа ағзаға мұқтаж болса, оның 345-і – біздің облыс тұрғындары. Күту парағын толтырып жатқандар көп, ағза беремін деуші донорлар жоқ. Тұралап қалған мәселенің шешімі болады деген мәйіттік трансплантацияға халық үрке қарайды. Сонда қайтпек керек?

Толығырақ...

22

Қырқ 2021

Мәйіттік донор қажет

Облыс бойынша бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан 600-ден астам науқас бар. Оның 300-іне донор қажет. Ал мамандар мұндай ауруға ең тиімді жол мәйіттік донация екенін айтады.

Толығырақ...
Донорларға арналған ақпарат