ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.
ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.
Қызметінің міндеттері ТЖТМҚҮРО :
1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық ұйымдардың тінді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау саласындағы қызметін үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасындағы транспланттау қызметінің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
3) Кәсіпорын мамандарын және транспланттау қызметін үйлестіру мәселелерімен айналысатын медицина қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;
4) Донорлар мен реципиенттердің Бірыңғай Ұлттық тіркелімін құру, мониторингтеу және жүргізу;
5) трансплантология саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, үйлестіру және жүргізу, басқа да ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
6) трансплантология және байланысты салалардағы халықаралық ұйымдармен қызметтестік.
ТЖТМҚҮРО негізгі функциялары:
1) Ағзалар мен тіндерді алу және транспланттауға көмек көрсету үшін хирургиялық бригадалардың жедел шығуы арқылы, тінді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) операциялық алу және кейінгі транспланттауды ұйымдастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарының стационарларымен өзара әрекеттесу;
2) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), тіндерді алу, консервациялау, транспланттау алгоритмдерін әзірлеу;
3) диагностикалау және емдеу хаттамаларын, әлеуетті донорлардан ағзаларды (ағзалардың бөлігін), тіндерді алу және транспланттау бойынша медициналық-экономикалық хаттамаларды әзірлеу;
4) қайтыс болғаннан кейін тінді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға тірі кезінде келісімін берген тұлғаларды есепке алу механизмін әзірлеу және енгізу;
5) тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) донорлары мен реципиенттерінің тіндік үйлесімділігін анықтау мәселелері бойынша медициналық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарымен, сонымен қатар, инфекциялық бақылау зертханасымен өзара әрекеттесу;
6) ағзалар және (немесе) ағзалардың бөліктерін алу мен транспланттауды жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың хирургиялық бригадаларын құру;
7) Реципиенттерге транспланттау үшін донорлардың ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін Қазақстан Республикасының шектерінде тәулік бойы тасымалдауды ұйымдастыру;
8) донорлық және транспланттау сұрақтары бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу;
9) Қазақстан Республикасы халқының арасында ағзалық донорлықты насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу;
10) дәрігерлер мен орта буынды медициналық қызметкерлер үшін отандық және шетелдік мамандарды шақырумен, конференциялар және симпозиумдар, семинарлар, телеконференциялар жүргізу;
11) отандық және шетелдік медициналық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу;
12) баспасөз басылымдарын шығару;
13) Қазақстандық және шетелдік қоғамның трансплантологияның өзекті проблемалары жөнінде танысуы үшін, трансплантология проблемалары бойынша жарияланымдарды дайындау және ғылыми еңбектер мен ақпараттық материалдарды таратуға көмектесу;
14) жоғары және орта арнайы оқу орындары үшін трансплантология мәселелері бойынша оқу-әдістемелік оқу құралдарын әзірлеуге қатысу;
15) трансплантология саласындағы халықаралық, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және жүзеге асыруға жәрдемдесу;
16) трансплантология дамуының құқықтық және ұйымдастырушылық проблемаларын зерттеуге қатысу.
Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.
Донорлар мен реципиенттерді есепке алудың бірыңғай тіркелімі құрылуда, тіркелім донорлардың, күту парағындағы пациенттердің және реципиенттердің электрондық тізімін қалыптастыру процестерін, сондай-ақ, транспланттау жөніндегі үйлестіру қызметінің бизнес-процестерін автоматтандырады. Бұл тіркелім «донор-реципиент» жұбын іріктеуді жеңілдетеді, процесс автоматты орындалатын болады.