1. Ағзаларды транспланттау деген не?

Ағзаларды транспланттау – ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмдегі басқа жерге немесе басқа организмге ауыстырып қондыру.

 

2. Ағзаларды транспланттауға кім мұқтаж?

Ағзаларды транспланттау ересек болсын, бала болсын, кез келген адамға қажет болуы мүмкін, денсаулығы нашарлаудан ешкім қорғалмаған. Адамның ағзасы қызметін атқара алмайтын және оны ауыстырып қондыру қажеттілігі туындайтын жағдайға көптеген аурулар әкеліп соғуы мүмкін.

 

3. Кім донор бола алады?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабы 1-тармағына және  212-бабы 1-тармағына сәйкес, әлеуетті донор:

- Он сегіз жастағы және одан үлкен, әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін, транспланттау үшін нотариат куәландырған келісімін білдірген адам ағзаның және тіндердің тірі кезінде доноры

- Он сегіз жастағы және одан үлкен, миының біржола семуі расталған, ағзалары немесе тіні реципиентке трансплантаттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам қайтыс болғаннан кейінгі донор болуы мүмкін.

Донордың ағзалары патологиясыз, қатерлі болуы керек және онда инфекциялық аурулар, қант диабеті және кейбір басқа аурулар болмауы тиіс

 

4. Қазақстанда қандай ағзаларды ауыстырып қондыруға болады?

Қазақстанда жүректі, өкпені, бауырды, бүйректі, ұйқы безін  транспланттау жүргізіледі.

 

5. Ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде қалай бас тартуға немесе келісім беруге болады?

Кодекстің 209-бабы 8-тармағына сәйкес ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімінде (бұдан әрі – Тіркелім) Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаннан кейін оның ағзаларын трансплантаттау мақсатында алуға келісімі немесе одан бас тартуы туралы ерік білдіруін тіркеу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға (МСАК ұйымы немесе емхана, бекіту орны бойынша) тікелей жүгінген кезде немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталында жүргізілуі мүмкін.

МСАК ұйымында бірінші басшының бұйрығымен қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа құқық білдірген азаматтардың өтініштерін қабылдау және тіркеу үшін жауапты тұлға белгіленген, өтініштер Тіркелімге енгізіледі.

Осылайша, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа ерік білдіруін тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының азаматына бекітілген орны бойынша емханаға жүгіну қажет, мұнда жауапты тұлға жеке басын куәландыратын құжаттарды және бекіту мәртебесін тексереді, содан кейін өтініштің сәйкес нысанын (бас тарту немесе келісім) береді. Толтырылған нысан Тіркелімге енгізіледі, ал өтініш білдірушіге бір жұмыс күнінің ішінде МСАК ұйымының бірінші басшысы қол қойған және мөрі басылған ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама беріледі.

Қазіргі уақытта қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа ерік білдіруді үйден шықпай, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тіркеуге болады. Ол үшін өтінішкер порталда авторизациядан өтуі және өтінімге ЭЦҚ қою қажет, бірнеше минуттан кейін мәртебе жаңартылады және екі тілдегі ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама қолжетімді болады.  

Бұл ретте өтінішкердің ерік білдіруін өзгертуінің саны шектелмеген.

Дербес деректерді қорғау Кодекске және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

 

6. Балалар донор бола алады ма?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 209-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантациялаған кезде кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) алуға тыйым салынады.

 

7. Белгілі тұрағы жоқ адамдар донор бола алады ма?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 209-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантациялаған кезде денсаулығының жай-күйі, жасы немесе өзге де себептер бойынша өзінің жеке басы туралы деректерді хабарлай алмаған және қайтыс болуын растау кезінде жеке басы анықталмаған адамдардан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға тыйым салынады.

 

8. Ағзалардың доноры кім бола алмайды?

Төмендегідей:

- жіті инфекциялық және контагиозды аурулары бар;

- бақыланбайтын бактериялық сепсисі бар;

- ЖИТС ауыратын және АИТВ-инфекциясын тасымалдаушылар;

- В (HBsAg) немесе С (anti-HCV) гепатиті вирусының оң маркері бар;

- ағзалар мен жүйелердің анықталған жіті және теңгерілмеген созылмалы, ошақтық және/немесе диффуздық ауруларымен қатерлі өскіні бар адамдар ағзалардың доноры бола алмайды.

Донордан ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау рұқсат етілетін инфекциялық аурулар тізімін уәкілетті орган (ҚР ДСМ) бекітеді.

 

9. Транспланттау мен донорлыққа қатысты әлемдік діндердің көзқарасы қандай?

Әлемнің барлық ірі діндері өтеусіз донорлық пен ағзаларды транспланттауға қарсы емес. Жақынының өмірін құтқару үшін ағзасын берудің идеясы діни сенімдердің көпшілігіне жақын болып табылады.

Орыс православиелік шіркеуі – адам өмірін құтқару немесе оның мүгедек болып қалмауы үшін қажетті болса, ағзаларды ауыстырып қондыруды қолдайды. Алайда, трансплантологияны табыс көзіне айналдыруға қарсы, себебі ол адам денесінің бөліктерінің сауда-саттығына әкеліп соғады. Яғни, ағзаларды тегін ғана ауыстырып қондыруға болады.

Ислам да ағзаларды ауыстырып қондыру мен қан құюға тыйым салмайды, бұл ретте ескерту бар: бөтен ағзаларды тек өмір үшін қауіп төнген жағдайда ғана беруге немесе қабылдауға болады. Бұл басқа баламасы болмаса, жануарлардан алынатын ағзаларға да қатысты.

Католиктік шіркеу трансплантологияны ғылымның жоғары жетістіктерінің бірі санайды және трансплантологияны қолдайды. Донор немесе оның заңды өкілдері барлық жағдайды түсіне отырып, келісімін бермеген жағдайда транспланттауға тыйым салынады.

 

10. Күту парағына қалай тұруға болады? /Транспланттауды күтетіндердің тізіміне қалай кіруге болады?

Ағзаларды транспланттауға күту парағы – Қазақстан бойынша ортақ. Күту парағында транспланттау қажеттілігі туралы нақты шешім қабылданған адамдар тұрады (өңірдің денсаулық сақтау басқармасының жанындағы нефрологиялық комиссияның хаттамалық шешімі немесе транспланттау орталығының мультипәндік тобының қорытындысы, пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме (027/у нысаны) (қан тобын, резус факторын, пациенттің бойы мен салмағын көрсетумен, транспланттауға қарсы көрсетілімдердің болмауы), жеке куәлік.

"Гемопоэздік дің жасушаларын транспланттауды қамтамасыз ету мақсатында гемопоэздік дің жасушалары (сүйек кемігі) донорларының тіркелімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-120/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Күту парағына енгізу үшін негіз:

1) республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанында қызмет ететін нефрологиялық комиссияның қорытындысы немесе,

2) МПТ қорытындысы (мамандардың мультипәндік тобы, консилиум) болып табылады.

Соған байланысты, Сізге транспланттауға көрсетілімдер болған жағдайда сәйкес комиссияға жіберу туралы мәселені шешу үшін бекіту орны бойынша МСАК ұйымына учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгіну қажет.

 

11. Қазақстанда ағзаны сатып алуға/сатуға болады ма?

Жоқ. Әлемнің көптеген мемлекеттеріндегідей, Қазақстанда ағзалар мен тіндердің саудасына тыйым салынған және заңмен қудаланады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 209-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, адамның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) сатып алуға-сатуға тыйым салынады.

 

12. Қазақстан азаматтарының ағзалары біздің республиканың аумағында және одан тыс тұрып жатқан шетелдіктерді емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін бе?

Кодекстің 209-бабы 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға трансплантаттау үшін алуға тыйым салынады.

Донорларға арналған ақпарат