KZ

Бос орындар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК келесі бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

Бос қызмет орнына конкурсқа қатысу үшін кандидаттарға келесі құжаттарды:

  1. өңірдің донорлық стационарының басшысымен келісілген, конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  3. байланыс деректері көрсетілген, мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі түйіндемені;
  4. ерікті түрде жазылған өмірбаянды;
  5. білімі туралы құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет.

Кандидаттар кәсіби дайындығының деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже және атақ меншіктеу, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ, өткен жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хаттар және т.б.) ұсына алады.

Құжаттар қолма-қол немесе электрондық түрде хабарламаны жариялау күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, №5/1ғимарат, №654 кеңсе, электрондық пошта мекенжайы: info@transplant.kz.

Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша іріктелген кандидаттарға сұхбаттасу орны (форматы) мен уақыты туралы қосымша хабарланады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 69-24-72, +7 701 792 17 03.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау