Статистик дәрігердің лауазымдық міндеттері:

 

1) Орталық жұмысының барлық көрсеткіштері бойынша деректерді кейіннен өңдеу үшін статистикалық есепті ұйымдастыру және жүргізу және статистикалық ақпаратты дайындау;

 

2) республикалық, өңірлік және стационарлық транспланттаушы үйлестірушілерден, донорлық стационарлар мен транспланттау орталықтарынан келіп түскен деректерді жинау, талдау және қорыту;

 

3) Орталықта статистикалық құжат айналымын ұйымдастыру, Орталықтың бөлімшелерінде және архивінде есепті кезеңдегі жедел статистикалық құжаттаманы ұтымды сақтау;

 

4) есептік деректер бойынша мерзімді ақпаратты (апта, ай, тоқсан және т.б.) жасау және қорыту, өңдеу кезінде алынатын көрсеткіштерді статистикалық талдау;

 

5) Орталық қызметінің нақты міндеттері бойынша зерттеу бағдарламасын жасау, Орталық қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу;

 

6) Орталықтың тоқсандық және жылдық есебін дайындауға қатысу;

 

7) медициналық-статистикалық деректерді өңдеудің қазіргі заманғы технологияларын, кәсіпорын мен оның бөлімшелері жұмысының көрсеткіштерін техникалық-экономикалық талдау әдістерін енгізу;

 

8) «TRINIS» медициналық ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау;

 

  • Аталған бос қызмет орнына үміткерлердің жоғары медициналық білімі, талап етілетін лауазым бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Донорларға арналған ақпарат