Жаңалық орталығы

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК


Жаңалықтар

07

Желт 2022

Донор болу – қайырымды іс

Бүгінде денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен де күрделі мәселенің бірі –трансплантология. Ағза ауыстыруға мұқтаж жандардың қарасы жыл санап өсіп келеді. Елімізде бүйрегі сыр беретіндер алғашқы орында. Екінші кезекте жүрек, одан соң бауыр мен ұйқы безін алмастырғысы келетіндер тізімді жалғастырады.

Толығырақ...

10

Қар 2022

Еліміздегі трансплантология тынысы қалай?

Жыл сайын ішкі органдарын ауыстыруды қажет ететін науқастар саны өсіп барады. Оның ішінде жасөспірімдер, еңбекке жарамды, орта жастағылардың саны көп. Ал науқасты айықтырудың бір жолы — донор табу. Жалпы трансплантация жайында біз не білеміз? Бұл мәселеге қоғам қалай қарайды? Бұл туралы «Бүгінгі тренд» бағдарламасының кезекті шығарылымында бірге білеміз.

Толығырақ...

02

Там 2022

Қазақстанда 3,5 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж – маманмен сұхбат

Қазақстанда ағза трансплантологиясы өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі күні 3500-ден астам адам шұғыл түрде бүйрек, бауыр, жүрек және өкпе ауыстыруды қажет етеді. Оның 79-ы кішкентай бала. Өткен жылы күту парағында ағза ауыстыруға кезекте тұрған 341 адам қайтыс болған. Басты проблема – донорлық ағзаның тапшылығы. Мамандардың айтуынша елімізде мәйіттік донорлық дамымай отыр. Себебі қоғам оған әлі дайын емес.

Толығырақ...

14

Маус 2022

Медицина қызметкері күнімен құттықтау

«Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК ұжымы өз әріптестерін Медицина қызметкері күніне орай марапат алуымен құттықтайды.

Толығырақ...

10

Маус 2022

Қазақстандағы қайтыс болғаннан кейінгі донорлық

Қазіргі уақытта елімізде донорлық ағзаларды транспланттауға күту парағында 3 540 адам, оның ішінде 92 бала бар. Олардың өмірі кез келген сәтте үзілуі мүмкін. 2021 жылы 341 адам ағза күтумен қайтыс болды. 38 жастағы Медет Қапаров бір жарым жыл бойы донорлық бүйректі күтті, деп хабарлайды SaryarqaNews тілшісі.

Толығырақ...

08

Маус 2022

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа тірі кезінде ерік білдіруді тіркеу рәсімін түсіндіру мәселелері бойынша оқыту семинары (тренинг)

2022 жылғы 7 маусымда Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық (бұдан әрі-ТЖТМҚҮРО) ТЖТМҚҮРО директорының 2022 жылғы 11 мамырдағы №22/20-н/қ бұйрығын орындау мақсатында қайтыс болғаннан кейін донорлыққа тірі кезінде ерік білдіруді тіркеу рәсімін түсіндіру мәселелері бойынша стационарлық және өңірлік транспланттаушы үйлестірушілер үшін онлайн форматта оқыту семинарын өткізді.

Толығырақ...

02

Маус 2022

Донорлық процесті ұйымдастыру бойынша оқыту семинары (тренинг)

2022 жылғы 1 маусымда Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық (бұдан әрі - ТЖТМҚҮРО) ТЖТМҚҮРО директорының 2022 жылғы 11 мамырдағы №22/20-н/қ бұйрығын орындау үшін донорлық стационар жағдайында өзекті донорларды анықтау тәжірибесі бойынша стационарлық және өңірлік транспланттаушы үйлестірушілер үшін онлайн форматта оқыту семинарын өткізді.

Толығырақ...
Донорларға арналған ақпарат