Азамат Бекеев 2 жылдан бері осы аппараттың көмегімен күнелтіп келеді. Құрылғыны бір сәтке ажыратуға болмайды. Дәрігерлер тыйым салса да, жұмыс істеуге мәжбүр. Өйткені төленетін жәрдемақы дәрі-дәрмегінен аспайды.

Азамат Бекеев, реципиент:

Легкийдің астында су жиналып қылыпты, сары су. Шығу болмаған соң оны басып тастады, жүректі. Жүректің функциясы түсіп қалды. Екі баланы тәрибелеу, сол мақсатымыз, арманымыз. Жолдасымыз жуырда қайтып кетті. Осы екі балаға ие болып қалдық.
Жалғызбасты ер адамға бала тәрбиелеу оңай емес екенін айтады. Денсаулығының жоқтығы да алаңдатады.
Эльмира Кәленова, тілші:
Кейіпкеріміз қазір Петропавлдың Жұмысшы кентінде мына екі қабатты ескі үйдің пәтерлерінің бірінде тұрып жатыр. Жуық арада үйінің қарызын өтемесе, баспанасынан айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан ол тезірек донор табылса деп армандайды.
Елімізде Азамат сынды жүрек алмастыруға мұқтаж 150-ден астам адам бар. 177 науқас бауыр трансплантациясын қажет етеді. 3200 адамға бүйрек керек.

Әділ Жұмағалиев, Республикалық транспланттауды үйлестіру орталығының директоры:

Биыл 6 ай қорытындысы бойынша 104 операция жасалды. Тек трансплантация ғана. Осы 104 операцияның 80 пайызында тірі донор ағзасы пайдаланылған болса, тек 15 пайызында мәйіттік донордың ағзасы қолданылған. Енді бұл көрсеткіш былай айтқанда төмен.
Өйткені ағза тапшы. Бұл саладағы басты проблема. Мәйіттік донорлық дамымай келеді. Көпшілік бұл мәселеге үрке қарайды. Жыл басынан бері ағза ауыстыруға мұқтаж 147 науқас қайтыс болған. Ал былтыр 340 адам көз жұмды.
Мэлс Ақылбаев, Ұлттық ғылыми онкология орталығының трансплантолог-хирургі:

Дәрігерлердің де жеткіліксіздігі бар. Адамды физикалық жағынан, моральдық жағынан ауырлық туындатады. Неліктен? Өйткені күндіз-түні сен ауруханада болуың керексің. Жастар ондай жұмысқа барғысы келмейді. Неліктен? Көбінесе жеңіл направлениені таңдайды да.

Елімізде трансплантация тек мемлекеттік ауруханаларда жасалады. 5 орталық бар. Бүйрек ауыстыру отасы 3, бауыр 6, жүрек пен өкпе трансплантациясы 15-20 млн теңгеге бағаланады. Қазақстандықтар медициналық сақтандыру аясында бұл қызметті тегін алып жүр.

Эльмира Кәленова

Дереккөз:https://www.youtube.com/watch?v=x97K44mlMPA

Донорларға арналған ақпарат