Жаңалық орталығы

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК


Жаңалықтар

06

Мам 2024

Талқылау. Жаңа өмір сыйлайық.

"AMANAT" партиясы Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жүсіпова Сания Орынтайқызының ұйымдастыруымен талқылау "Жаңа өмір" сыйлайық атты пресс конференция өтті.

Толығырақ...

08

Сәу 2024

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды.

Толығырақ...

22

Ақп 2024

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да жылдам көмек қажет. Өкпе-жүрек кешені және өкпеден ауыстыратын 15 адам, 138 адамның жүрек ауруының емі де донорлыққа мұқтаж. Толығырақ...

24

Қаң 2024

Министр де, мүфтият та қарсы емес: Қазақстанда мәйіт донорлығы неге мүшкіл хәлде?

Қазақстанда ағза донорлығына мұқтаж адамдар саны көбейіп барады. Қазір науқастардың дені қажет адам ағзасын шет елдерден сатып алуға мәжбүр. Сарапшылар жағдайдың күрделенуіне қолданыстағы жаңа кодекс кедергі болып отырғанын айтады. Толығырақ...

09

Қаң 2024

Донорлық - бұл өмірді құтқарудың жолы

2024 жылдың 7 қаңтарында еліміздің донорлық ұйымдардың бірінде республикалық, облыстық, стационарлық трансплантология бойынша үйлестірушілердің, трансплантологтар, трансфузиологтар, аурухана дәрігерлерінің (анестезиолог-реаниматологтар, невропатологтар, хирургтер, патологоанатомдардың) бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде мәйіттік донор анықталды.

Толығырақ...

08

Қаң 2024

ҚР ДСМ ТРАНСПЛАНТТАУДЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айдар Ситқазинов 2024 жылдың 5 қаңтарынан бастап ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры болып тағайындалды. Бүгін ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығында жиналыс болып, онда министрліктің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов ұжымға жаңа басшы - Айдар Ситқазиновты таныстырып өтті. Айдар Ситқазиновтың медицина және денсаулық сақтауды басқару саласында үлкен тәжірибесі бар. Төрт жоғары білімді меңгерген. Семей мемлекеттік медицина институтында, Павлодар мемлекеттік университетінде, Инновациялық Еуразия университетінде және Семей мемлекеттік медицина университетінде білім алған. Ол медицина докторы, қаржы бакалавры, бизнесті басқару магистрі MBA, денсаулық сақтау магистрі. Еңбек жолын 1996 жылы уролог-дәрігер болып бастап ол емдеу мекемелерінде түрлі қызметтерді атқарған. Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханада жұмыс істеді. Шарбақты орталық аудандық ауруханасында бас дәрігер, Павлодар облыстық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары болды. Сондай-ақ Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында және Павлодар облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалында негізгі қызметтерді атқарған. 2019 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласының филиалының директоры болып тағайындалды. 2020 жылдың 6 тамызынан бастап денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. ТЖТМҚҮРО Баспасөз қызметі Толығырақ...
Донорларға арналған ақпарат