Президентіміздің Жолдауында атап көрсетілген реформалар мен бастамалар еліміздің одан әрі дамуына бағытталған ауқымды жоспарларды қамтып отыр. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытында ұсынылған шаралармен стратегиялық мақсаттарымен толық қолдаймыз.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектілері, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және әділетті қоғам құруға бағытталған шаралар екені көрінеді. Жолдауда елдің экономикалық дамуындағы жетістіктермен қатар, алда тұрған сын-қатерлер мен оларды шешу жолдарына да ерекше назар аударылып отыр. Бірінші кезекте, қабылданған заңдардың қоғам өміріне әсері, оның ішінде балаларды қорғау, ғылым және қоғамдық бақылау мәселелері оң өзгерістерге бағытталғандығы қуантады. Ұлттық қордан балаларға төлемдерді енгізу және зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар жасалып барынша ауқымды осы бағыттың ел игілігіне жасалып отырғаны барынша жоғары бағалауға тұрарлық өзгеріс деп түсінемін.

Жолдаудың негізгі тұжырымдарының бірі – кадрлық әлеуетті дамыту және білім беру жүйесін жетілдіру. Елдің білікті мамандармен қамтамасыз етілуі, болашақ мамандықтарға сай жаңа кадрларды даярлау және білім беру сапасын арттыру – Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі.

Жолдаудың тағы бір маңызды аспектісі – құқық қорғау саласына аса назар аударылуы ол елдегі қауіпсіздік денгейінің күшейтілуі. Есірткімен күрес, жол қауіпсіздігі және қылмыспен күрес мәселелері ерекше назарда болуы керек екенін атап өтілді. Әскерлердегі тәртіпті қамтамасыз ету, сарбаздардың қауіпсіздігін арттыру мәселелері де көтерілді. Бұл қазіргі таңдағы елдегі түсініспеушілікпен тұрақсыздықты жоюдың жолы және де елдегі әрбір түйіткілді мәселе туындаса үкіметтің назары сол мәселені аса мәнмен шешілуі керек екені байқалады.

Экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмады. Бұл қазіргі заманғы ең өзекті жаһандық проблемалардың біріекнін білеміз. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, диалогты жақсарту, халық пен билік арасындағы сенімді арттыру және әкімдерді тікелей сайлау туралы бастамалар елдегі демократиялық процестерді нығайтудың бағыты екені түсіндірілді. Қорыта келгенде, бұл жолдауда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыты анықталып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, әділетті қоғам құруға және халықаралық аренада ұлттық мүдделерді ілгерілетуге бағытталған маңызды реформалар мен бастамалар ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры ретінде және Қазақстан Республикасының азаматы ретінде осы жолдауда белгіленген бағыттардың дамуын толықтай қолдаймыз. Біз өз тарапымыздан осы шаралардың іске асуына барынша үлес қосуға дайынбыз.

 

 

Донорларға арналған ақпарат