Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды.

Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған он өңірде 3 мыңға жуық медицина қызметкері өздерінің ең маңызды миссиясын -азаматтарымызға медициналық көмек көрсетуді және олардың денсаулығын сақтауды жалғастырып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Су басқан аумақтарда 300-ге жуық жедел медициналық бригада жұмыс істеуде.

Төтенше жағдайларда медициналық мекемелер тәулік бойы жұмыс істейді, көмекке мұқтаждардың барлығын қабылдайды. Әрбір емделуші біздің дәрігерлерден қажетті медициналық көмек пен қолдау алуда.

Бейінді мамандар су тасқыны салдарынан күйзеліске ұшырап, мазасызданғандарға психологиялық көмек көрсетуде.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін өткізу үшін 900-ге жуық санитарлық-гигиеналық қызмет мамандары тартылды.

Қазір өзара түсіністік, ынтымақ пен бір-біріне қолдау көрсету ерекше маңызды. Дәрігерлер мұндай жағдайларда әрқашан алдыңғы қатардан табылып, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуде қиындықтарға жол бермей, табанды түрде қызметін мінсіз атқаруды жалғастырады.

Донорларға арналған ақпарат