АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Астана қаласында «Қазақстандағы этикалық донорлық» семинары өтті, оның алаңында сарапшылар ағза донорлығы мен трансплантаттаудың заңдық және этикалық негіздерін, ДДҰ-ның басшылық қағидаттарын талқылады, сондай-ақ ағымдағы жағдайды және Қазақстандағы ұлттық трансплантаттау бағдарламасын іске асырудағы негізгі қиындықтарды қарастырды.
«Трансплантологияның даму деңгейі денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық қызметтер сапасының дамуының өзіндік индикаторы болып табылады, өйткені ағзаларды сәтті трансплантаттау құқықтық база, дайындалған адам ресурстары, техникалық мүмкіндіктер және елде қалыптасқан донорлық мәдениет болған кезде ғана жүзеге асырылады.