«Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК ұжымы өз әріптестерін Медицина қызметкері күніне орай марапат алуымен құттықтайды.

 

Құрметті Ляззат Жәнібекқызы!

Сіздің жоғары тұлғалық қасиеттеріңіздің тікелей растауы болып табылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталуыңызға байланысты ең шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыз. Алдағы өмір жолыңызда табыс, жоспарларыңыздың орындалуын және мақсаттарыңыздың іске асуын тілейміз.

 

 

Құрметті Валентина Сергеевна!

«Еңбек ардагері» медалін алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл марапат - Сіздің көп жылғы адал еңбегіңіздің жоғары бағасының белгісі, Сіздің отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлкен жеке үлесіңіздің мойындалуы. Сізге зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір, отбасыңыз бен жақындарыңызға жақсылық тілейміз. Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға әрқашан сәттілік серік болсын!

 

 

         Құрметті Әмірхан Тұрғанбайұлы!

Жоғары жетістіктеріңізбен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталуыңызбен құттықтаймыз! Сіз биік шыңды бағындырып, мақтан тұтуға лайықсыз! Әрі қарайғы жетістіктеріңіз жарқын болсын! Сізге күш-қуат, денсаулық және сәттілік тілейміз, әріптестеріңіз, сүйікті отбасыңыз және адал достарыңыз қолдаушыларыңыз болсын!

 

 

Құрметті Рүстем Болатұлы!  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұл Құрмет грамотасы Сіздің жетістіктеріңіздің басы болсын. Барлық алдағы жылдар Сіз үшін одан да табысты болсын. Сізге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық және бақыт тілейміз!

 

 

Құрметті Меруерт Қуандыққызы!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатын алу сынды осындай биік нәтижеге қол жеткізуіңізбен құттықтаймыз! Шын жүректен зор денсаулық, бақыт, өркендеу тілейміз! Сіздің өміріңізде бәрі ойдағыдай болсын және кез келген мақсатыңыз міндетті түрде іске ассын!

 

Донорларға арналған ақпарат