Іс-шараның негізгі мақсаты – ағза донорлығын ілгерілету және әртүрлі көзқарастар бойынша қамту мәселелерін талқылау, еліміздегі трансплантацияны одан әрі дамыту үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен көзқарасты орнату.
Конференцияны ашу барысында денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник трансплантация соңғы онжылдықтарда, соның ішінде Қазақстан үшін медицинадағы ең маңызды жетістікке айналғанын, бұл науқастардың өмірін ұзақ жылдарға ұзартуға мүмкіндік беретінін және көбінесе бұл емдеудің жалғыз әдісі болып табылатынын атап өтті.
Ол трансплантологияның қазіргі даму деңгейі денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен медициналық қызмет сапасының ерекше көрсеткіші болып табылатынын атап өтті, өйткені ағзаларды сәтті трансплантациялау тек заңдық база, білікті мамандар ресурстары, техникалық мүмкіндіктер және елде қалыптасқан донорлық мәдениет болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Конференция бағдарламасына сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылардың, трансплантациядан кейінгі науқастардың, «Қазақстан халқына» қоғамдастық қорының, дін қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің баяндамалары кірді.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы трансплантология қызметінің дамуымен, проблемалары мен оларды шешу жолдарымен таныстырды.
ҚР ДСМ Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының директоры Сәуле Шайсұлтанова донорлық бағдарламаны ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ерекшеліктеріне тоқталды. «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КЕАҚ Басқарма төрайымы Махаббат Бекбосынова қатысушылармен жүрек трансплантациясы бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.
«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қордың еліміздегі орган донорлығын қолдау мен дамытуға қосқан үлесі туралы баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар онкогематрологы Ләззат Манжуова балалардың гемопоэтикалық трансплантациялау нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісті.
Сондай-ақ ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Скендер Сыла, Минск хирургия, трансплантология және гематология ғылыми-практикалық орталығының «Бірыңғай трансплантация тізілімі» бөлімінің меңгерушісі Сергей Лещук, Беларусь, Астана медицина университетінің ректоры - Басқарма төрағасы- Камалжан Надыров, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Абай Байгенжин сөз алды.
Іс-шараға қатысушылар қоғамды донорлық және трансплантаттау мәселелері бойынша одан әрі ағарту, мемлекеттік ведомстволарды осы жұмысқа, білім беру мекемелері мен азаматтық секторға неғұрлым белсенді қосу қажеттілігі туралы келісті. Қатысушылар заң нормаларын қолданыстағы талаптарға сәйкес келтіру, атап айтқанда, келісім презумпциясын Ұлт денсаулығы туралы Кодекске қайтару қажеттілігіне ерекше назар аударды.
ҚР ДСМ Трансплантауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының
Баспасөз қызметі