Навигация с языками и меню
Біз туралы
ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық - бұл Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық пен трансплантаттау жүйесін тәулік бойы үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым.

Қызметтің мақсаты - Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.
Донорство — это путь

Донорлық – жай ғана сандар емес,

анықтаудан бастап трансплантаттауға дейінгі жол: әр қадам маңызды

2024 жылғы көрсеткіштер

86
ықтимал донор анықталды
10
отбасы келісімін берді
6
мед. көрсеткіштер
бойынша сәйкес келді
23
трансплантаттау
жүргізілді
335
қайтыс болуына байланысты
күту парағынан шықты
Волеизъявление

Шешім қабылда — ерік білдіруіңді тірке

Шешім қабылдаған адамдардың саны күн сайын артып келеді
2025 ж. 22 мамырдағы жағдай бойынша
4,226
күту парағында
117,231
ерік білдіруін тіркеді
335
кезегіне жетпей көз жұмды
Маңызды істі кейінге қалдырма — өз еркіңді қазірдің өзінде білдір!
Оны қалай жасауға болады?
ТЖТМҚҮРО міндеттері:
  • Үйлестіру
    Қазақстан Республикасының аумағында тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіру
  • Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу
    Қазақстан Республикасында трансплантаттау қызметінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу
  • Оқытуды ұйымдастыру
    Кәсіпорын мамандары мен трансплантаттау қызметін үйлестіру мәселелерімен айналысатын медицина қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;
  • Бірыңғай Ұлттық тіркелім
    донорлар мен реципиенттердің Бірыңғай Ұлттық тіркелімін құру, мониторингілеу және жүргізу;
  • Ғылыми зерттеулер
    трансплантология саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, үйлестіру және жүргізу және өзге де ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
  • Халықаралық ынтымақтастық
    трансплантология және онымен байланысты салалардағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.

Сұрақ–Жауап

Төменде Сіз донорлық және ағзаларды трансплантаттау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Ағзаларды трансплантаттау дегеніміз не?
+
Ағзаларды трансплантаттау - ағзаларды (немесе олардың бөлігін), сондай-ақ тіндерді организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу.
Ағзаларды трансплантаттауға кім мұқтаж?
+
Трансплантаттау кез-келген ересек адамға немесе балаға қажет болуы мүмкін. Ағзаның функциясын жоғалтуы әртүрлі ауруларға байланысты болуы мүмкін, ал ауыстырып салу - өмірді сақтаудың жалғыз жолы.
Ағзалық донорлыққа ерік білдіруді қалай тіркеуге болады?
+
Тіркелген жеріңіз бойынша емханаға жүгіну немесе eGov.kz порталын пайдалану қажет. Өтініш бергеннен және жеке басыңызды сәйкестендіргеннен кейін Сіздің ерік білдіруіңіз Тіркелімге енгізіледі. Сізге анықтама беріледі және де Сіз шешіміңізді кез келген уақытта өзгерте аласыз.
Қазақстанда қандай презумпция қолданылады?
+
Қазақстанда сұралған келісім презумпциясы қолданылады. Азамат тірі кезінде келісімін білдірсе де, ағзалар тек туыстарының рұқсатымен ғана алынуы мүмкін.
Әлемдік діндер трансплантацияға қалай қарайды?
+
Барлық негізгі әлемдік діндер коммерциялық пайда болмаған жағдайда және өмірді сақтау мақсатында донорлық пен ағзаларды ауыстырып салуға рұқсат береді. Атап айтқанда, Орыс православие шіркеуі, ислам және католицизм ниеттің ізгілігі және қажеттілік жағдайында трансплантаттауды қолдайды.
Қазақстанда ағзаларды сатуға рұқсат етілген бе?
+
Жоқ. Қазақстанда ағзаларды сатуға тыйым салынады және «Халық денсаулығы туралы» ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жазаланады. Донорлық тек ақысыз негізде мүмкін.
Жаңалықтар
    Бізге хабарласыңыз
    Егер сұрақтарыңыз болса немесе кеңес қажет болса, бізге кез келген ыңғайлы тәсілмен хабарласыңыз.
    Казахстан, г.Астана, ул. Керей и Жанибек хандар 5/1
    Изображения: Freepik, Unsplash [Jessica Christian, Sotiris Savvides, VENUS MAJOR, Joel Muniz].

    Перед использованием, пожалуйста, ознакомьтесь с пользовательскими соглашениями указанных сервисов. Вы можете удалить этот блок.