Навигация с языками и меню



ВОЛОНТЕРЛЕР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛЫЗ
Біздің командаға қосылыңыз!
Біз әлемді бірге жақсарта аламыз. Волонтер болып, адамдардың өмірін жақсартуға үлес қосыңыз.
Бізде қабілеттеріңіз бен дарыныңызды жұмсай алатын қызықты да маңызды істер жетерлік.
Сіздің үлесіңіз өте маңызды!
Донорлық саласында волонтерліктің маңызы зор: олар ақпарат таратуға, іс-шараларды ұйымдастыруға, әлеуметтік кампанияларды қолдауға, контент жасауға көмектеседі.
Біз студенттерді, белсенділерді, журналистерді және барлық жанашыр адамдарды іздейміз.
Сіз қандай істермен айналысатын боласыз?
  • Ағзалық донорлықтың дауысы болыңыз
    Ағзалық донорлықтың дауысы болыңыз - фактілермен бөлісіңіз, мифтерді жойыңыз және адамдарды маңызды таңдау жасауға шабыттандырыңыз. Бір хабарлама немесе әңгіме біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
  • Әлеуметтік науқандарды қолдау
    Әр қадам қоғамның донорлыққа деген көзқарасын өзгерту мақсатына жақындататын топтық жұмыстың бір бөлігі болыңыз.
  • Іс-шараларды ұйымдастыруға көмек
    Дәрістерден бастап сауда орталықтарындағы науқандарға дейін маңызды оқиғалар тудыруға қатысыңыз. Сіз қоғамға донорлық туралы жарқын, қол жетімді және шынайы түрде жеткізуге көмектесесіз.
  • Контент жасау (бейне, мақалалар, сторис)
    Сіздің шығармашылығыңыз мыңдаған адамды шабыттандыруы мүмкін. Стори жасаңыз, әңгімелер жазыңыз және жүрекке әсер ететін, адамдарды ойлануға шақыратын бейнелер түсіріңіз.
Нәтижесінде не аласыз?
  • Оқыту және Орталық командасынан қолдау
    Сіз жалғыз қалмайсыз - біз оқытып, кеңес беріп, әр кезеңде қолдау көрсетеміз. Донорлық және коммуникация туралы құнды білім аласыз.
  • Республикалық және халықаралық бастамаларға қатысу
    Ауқымды жобалардың бір бөлігі болыңыз, Қазақстанды халықаралық деңгейде танытып, әлемнің әр түкпірінен келген сарапшылармен бірге жұмыс істеңіз.
  • Сертификаттар мен алғыс хаттар
    Сіздің үлесіңіз ресми түрде мойындалады. Біз әрбір волонтерді бағалаймыз және портфолио немесе түйіндеме үшін Сіздің іс-әрекетіңізді құжаттауға дайынбыз.
  • Адамдардың өмірін өзгертуге нақты үлес
    Әрбір іс-әрекетіңіз біреуге өмір сыйлауы мүмкін. Бұл жай ғана еріктілік емес — саналы, маңызды істерге апарар жол.