Навигация с языками и меню



Қазақстандағы статистика

Ағзаларды трансплантаттауды күту парағы

2026 жылғы 8 қыркүйек жағдай бойынша

Бүйрек

Бүйрек

Ересектер: 4220
Балалар: 91

Бауыр

Бауыр

Ересектер: 287
Балалар: 27

Өкпе

Өкпе

Ересектер: 29
Балалар: 1

Жүрек

Жүрек

Ересектер: 205
Балалар: 7

Жүрек Өкпе

Жүрек-өкпе

Ересектер: 4
Балалар: 1

Ағзалар мен жасушалар донорлығы —
- бұл адамның өз ағзаларын немесе жасушаларын емдеуді қажет ететін басқа адамға беруге ерікті келісімі.

Донорлық өмірді сақтап, денсаулықты қалпына келтіріп, үміт сыйлайды.
Донорство — это путь

Донорлық – жай ғана сандар емес,

анықтаудан бастап трансплантаттауға дейінгі жол: әр қадам маңызды

2026 жыл 9 ай көрсеткіштері

143
ықтимал донор анықталды
16
отбасы келісімін берді
13
мед. көрсеткіштер
бойынша сәйкес келді
42
трансплантаттау
жүргізілді
257
қайтыс болуына байланысты
күту парағынан шықты
Волеизъявление

Шешім қабылда — ерік білдіруіңді тірке

Шешім қабылдаған адамдардың саны күн сайын артып келеді
2026 ж. 8 қыркүйек жағдай бойынша
4,867
күту парағында
188,163
ерік білдіруін тіркеді
342
кезегіне жетпей көз жұмды
Маңызды істі кейінге қалдырма — өз еркіңді қазірдің өзінде білдір!
Оны қалай жасауға болады?

Сұрақ–Жауап

Төменде Сіз донорлық және ағзаларды трансплантаттау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Ағзаларды трансплантаттау дегеніміз не?
+
Ағзаларды трансплантаттау - ағзаларды (немесе олардың бөлігін), сондай-ақ тіндерді организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу.
Ағзаларды трансплантаттауға кім мұқтаж?
+
Трансплантаттау кез-келген ересек адамға немесе балаға қажет болуы мүмкін. Ағзаның функциясын жоғалтуы әртүрлі ауруларға байланысты болуы мүмкін, ал ауыстырып салу - өмірді сақтаудың жалғыз жолы.
Ағзалық донорлыққа ерік білдіруді қалай тіркеуге болады?
+
Тіркелген жеріңіз бойынша емханаға жүгіну немесе eGov.kz порталын пайдалану қажет. Өтініш бергеннен және жеке басыңызды сәйкестендіргеннен кейін Сіздің ерік білдіруіңіз Тіркелімге енгізіледі. Сізге анықтама беріледі және де Сіз шешіміңізді кез келген уақытта өзгерте аласыз.
Қазақстанда қандай презумпция қолданылады?
+
Қазақстанда сұралған келісім презумпциясы қолданылады. Азамат тірі кезінде келісімін білдірсе де, ағзалар тек туыстарының рұқсатымен ғана алынуы мүмкін.
Әлемдік діндер трансплантацияға қалай қарайды?
+
Барлық негізгі әлемдік діндер коммерциялық пайда болмаған жағдайда және өмірді сақтау мақсатында донорлық пен ағзаларды ауыстырып салуға рұқсат береді. Атап айтқанда, Орыс православие шіркеуі, ислам және католицизм ниеттің ізгілігі және қажеттілік жағдайында трансплантаттауды қолдайды.
Қазақстанда ағзаларды сатуға рұқсат етілген бе?
+
Жоқ. Қазақстанда ағзаларды сатуға тыйым салынады және «Халық денсаулығы туралы» ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жазаланады. Донорлық тек ақысыз негізде мүмкін.