Навигация с языками и меню
Трансплантаттауға мұқтаж адамдардың бірыңғай тіркеліміне қалай тұруға болады?
Трансплантаттауды күту тізіміне кіру туралы маңызды ақпаратты біліңіз.
Күту парағына енгізу үшін негіз:
трансплантаттау үшін көрсетілімдер болған кезде тиісті комиссияға жіберу туралы мәселені шешу үшін тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгінген жөн

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы немесе трансплантаттау орталығы жанындағы мультипәндік топтың қорытындысы

Пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі
Пациент туралы мәліметтер
Шешімді кім қабылдайды?
Ағзаны ауыстырып салу қажеттілігі туралы шешімді мультипәндік топ - пациенттің организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылуының сипатына, оның клиникалық жағдайының ауырлығына байланысты қалыптасатын әртүрлі мамандар тобы қабылдайды. Егер олар трансплантаттауға көрсетілімдерді растайтын болса, онда олар ақпаратты транспланттаушы үйлестірушілерге жібереді. Пациент күту парағына енгізіледі. Ол қайтыс болғаннан кейін донордан тіндердің үйлесімділігі бар ағза анықталғанша сол жерде болады.
Жиі қойылатын сұрақтар