Жүйе: келісім презумпциясы (opt-out) — егер адам тірі кезінде қарсы екендігін білдірмесе, ол ықтимал донор болып саналады. 2024 жылғы қайтыс болғаннан кейінгі донорлар саны: 16 989 адам Донорлар көрсеткіші: 1 миллион халыққа шаққанда 50,4 Күту парағы: 100 000-нан астам адам Күту кезінде қайтыс болғандар: жылына шамамен 6 700 адам Ерекшеліктері: ағзаларды алумен айналысатын ұйымдарының кең таралған желісі (OPO), бүйрек пен бауыр трансплантациясының жоғары деңгейде жүзеге асырылуы.
Ұлыбритания
Жүйе: 2020 жылдан бастап презумптивті келісім жүйесі (opt-out) қолданылады, бұл «Макс пен Кира заңы» ретінде белгілі. 2024 жылғы қайтыс болғаннан кейінгі донорлар саны: 1 510 Донорлар көрсеткіші: әрбір миллион адамға шаққанда 22,3 Күту парағы: шамамен 7 500 адам Күту кезінде қайтыс болғандар: жылына 415-тен астам адам Ерекшеліктері: белсенді ақпараттық кампаниялар мен донорлардың отбасыларына көрсетілетін қолдау трансплантация санының өсуіне ықпал етеді.
Аустралия
Жүйе: ерікті келісім (opt-in) — донор ретінде тіркелу ұлттық DonateLife тізілімі арқылы жүзеге асады. 2024 жылғы қайтыс болғаннан кейінгі донорлар саны: 527 Донорлар көрсеткіші: әрбір миллион адамға шаққанда 20,1 Күту парағы: шамамен 1 800 адам Күту кезінде қайтыс болғандар: шамамен 130 адам Ерекшеліктері: үкімет тарапынан ақпараттандыру кампаниялары белсенді жүргізіледі және донорлардың отбасыларына қолдау көрсетіледі. DonateLife ұйымы бұл бағыттағы орталық рөл атқарады.
Оңтүстік Корея
Жүйе: ерікті келісім (opt-in) — донор ретінде тіркелу ұлттық реестр арқылы жүзеге асады. 2023 жылғы қайтыс болғаннан кейінгі донорлар саны: 483 Донорлар көрсеткіші: әрбір миллион адамға шаққанда 9,4 Күту парағы: шамамен 31 000 адам Күту кезінде қайтыс болғандар: жылына 1 000-нан астам адам Ерекшеліктері: тірі кезіндегі донорлықтың үлесі жоғары.. Мәдени және діни көзқарастар қайтыс болғаннан кейінгі донорлық деңгейіне әсер етеді.
Испания
Испания Жүйе: презумптивті келісім (opt-out) — егер адам тірі кезінде қарсы екендігін білдірмесе, ол әлеуетті донор болып саналады. 2024 жылғы қайтыс болған донорлар саны: 2 562 Донорлар көрсеткіші: әрбір миллион адамға шаққанда 52,6 Күту парағы: шамамен 4 800 адам Күту кезінде қайтыс болғандар: шамамен 360 адам Ерекшеліктері: Ұлттық трансплантация ұйымы (ONT) арқылы орталықтандырылған үйлестіру, медициналық персоналды даярлау және отбасылармен белсенді жұмыс жүргізу.
Беларусь
Жүйе: келісім презумпциясы (opt-out)- барлық азаматтар тірі кезінде бас тартпаған болса, автоматты түрде донор болып саналады. 2024 жылғы қайтыс болғаннан кейінгі донорлар саны: шамамен 220 Донорлар көрсеткіші: әрбір миллион адамға шаққанда 23,6 Күту парағы: шамамен 1 000 адам Күту кезінде қайтыс болғандар: ресми деректер жарияланбайды (бағалау бойынша — ондаған адам) Ерекшеліктері: бейінді республикалық клиникалар мен дәрігерлік комиссиялардың белсенді қатысуымен мемлекеттік жүйе. Шешімдер алқалы түрде қабылданады. Мидың өлімі расталғаннан кейін үмітсіз пациенттерден трансплантаттау жасауға рұқсат етіледі.
Түркия
Жүйе: ерікті келісім (opt-in) — донор болу тек адамның тірі кезінде келісімін білдіруі арқылы мүмкін болады. 2024 жылғы қайтыс болғаннан кейінгі донорлар саны: шамамен 486 Донорлар көрсеткіші: әрбір миллион адамға шаққанда 5,5 Күту парағы: 25 000-нан астам адам Күту кезінде қайтыс болғандар: шамамен 2 000 адам Ерекшеліктері: тірі донорлардан жасалатын трансплантациялардың үлесі жоғары. Мемлекеттік деңгейде ақпараттандыру науқандары жүргізілгенімен, діни және мәдени кедергілерге байланысты қайтыс болғаннан кейінгі донорлық төмен деңгейде дамыған.
Сұрақ–Жауап
Төменде Сіз донорлық және ағзаларды трансплантаттау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
Ағзаларды трансплантаттау дегеніміз не?
+
Ағзаларды трансплантаттау - ағзаларды (немесе олардың бөлігін), сондай-ақ тіндерді организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу.
Ағзаларды трансплантаттауға кім мұқтаж?
+
Трансплантаттау кез-келген ересек адамға немесе балаға қажет болуы мүмкін. Ағзаның функциясын жоғалтуы әртүрлі ауруларға байланысты болуы мүмкін, ал ауыстырып салу - өмірді сақтаудың жалғыз жолы.
Ағзалық донорлыққа ерік білдіруді қалай тіркеуге болады?
+
Тіркелген жеріңіз бойынша емханаға жүгіну немесе eGov.kz порталын пайдалану қажет. Өтініш бергеннен және жеке басыңызды сәйкестендіргеннен кейін Сіздің ерік білдіруіңіз Тіркелімге енгізіледі. Сізге анықтама беріледі және де Сіз шешіміңізді кез келген уақытта өзгерте аласыз.
Қазақстанда қандай презумпция қолданылады?
+
Қазақстанда сұралған келісім презумпциясы қолданылады. Азамат тірі кезінде келісімін білдірсе де, ағзалар тек туыстарының рұқсатымен ғана алынуы мүмкін.
Әлемдік діндер трансплантацияға қалай қарайды?
+
Барлық негізгі әлемдік діндер коммерциялық пайда болмаған жағдайда және өмірді сақтау мақсатында донорлық пен ағзаларды ауыстырып салуға рұқсат береді. Атап айтқанда, Орыс православие шіркеуі, ислам және католицизм ниеттің ізгілігі және қажеттілік жағдайында трансплантаттауды қолдайды.
Қазақстанда ағзаларды сатуға рұқсат етілген бе?
+
Жоқ. Қазақстанда ағзаларды сатуға тыйым салынады және «Халық денсаулығы туралы» ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жазаланады. Донорлық тек ақысыз негізде мүмкін.