Навигация с языками и меню



БАСШЫНЫҢ БЛОГЫ
Фото директора

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздерді жеке блогымда қарсы алуға қуаныштымын!

Бұл ресурс біздің орталықтың қызметіне және жалпы ағза донорлығы мен жоғары технологиялық медицинаны дамыту мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптарды талқылауға ыңғайлы әрі пайдалы алаң болады деп үміттенемін.

Мұнда әрқайсыңыз пікір қалдырып, өзіңізді толғандырған сұрақтарды қойып немесе пайдалы ұсыныстарыңызбен бөлісе аласыз. Егер орталықтың жұмысын жақсартуға септігін тигізетін идеяларыңыз болса – оларды үлкен қызығушылықпен тыңдауға әзірмін.

Құрметпен,
Айдар Кенжетайұлы Ситказинов
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры

Сұрақ–Жауап

Төменде Сіз донорлық және ағзаларды трансплантаттау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Ағзаларды трансплантаттау дегеніміз не?
+
Ағзаларды трансплантаттау - ағзаларды (немесе олардың бөлігін), сондай-ақ тіндерді организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу.
Ағзаларды трансплантаттауға кім мұқтаж?
+
Трансплантаттау кез-келген ересек адамға немесе балаға қажет болуы мүмкін. Ағзаның функциясын жоғалтуы әртүрлі ауруларға байланысты болуы мүмкін, ал ауыстырып салу - өмірді сақтаудың жалғыз жолы.
Ағзалық донорлыққа ерік білдіруді қалай тіркеуге болады?
+
Тіркелген жеріңіз бойынша емханаға жүгіну немесе eGov.kz порталын пайдалану қажет. Өтініш бергеннен және жеке басыңызды сәйкестендіргеннен кейін Сіздің ерік білдіруіңіз Тіркелімге енгізіледі. Сізге анықтама беріледі және де Сіз шешіміңізді кез келген уақытта өзгерте аласыз.
Қазақстанда қандай презумпция қолданылады?
+
Қазақстанда сұралған келісім презумпциясы қолданылады. Азамат тірі кезінде келісімін білдірсе де, ағзалар тек туыстарының рұқсатымен ғана алынуы мүмкін.
Әлемдік діндер трансплантацияға қалай қарайды?
+
Барлық негізгі әлемдік діндер коммерциялық пайда болмаған жағдайда және өмірді сақтау мақсатында донорлық пен ағзаларды ауыстырып салуға рұқсат береді. Атап айтқанда, Орыс православие шіркеуі, ислам және католицизм ниеттің ізгілігі және қажеттілік жағдайында трансплантаттауды қолдайды.
Қазақстанда ағзаларды сатуға рұқсат етілген бе?
+
Жоқ. Қазақстанда ағзаларды сатуға тыйым салынады және «Халық денсаулығы туралы» ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жазаланады. Донорлық тек ақысыз негізде мүмкін.
Сұрақ қою