Навигация с языками и меню



АҒЗАЛЫҚ ДОНОРЛЫҚ ТУРАЛЫ МИФТЕР
Сұрақтарыңыз немесе күмәндарыңыз бар ма?
Төменде донорлық туралы кең таралған мифтер келтірілген.
Мифтерді жоққа шығару адамдарға саналы шешім қабылдауға көмектеседі.
Шынайы білім - құтқарылған өмірге алғашқы қадам.

Сұрақ–Жауап

Төменде Сіз донорлық және ағзаларды трансплантаттау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Ағзаларды трансплантаттау дегеніміз не?
+
Ағзаларды трансплантаттау - ағзаларды (немесе олардың бөлігін), сондай-ақ тіндерді организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу.
Ағзаларды трансплантаттауға кім мұқтаж?
+
Трансплантаттау кез-келген ересек адамға немесе балаға қажет болуы мүмкін. Ағзаның функциясын жоғалтуы әртүрлі ауруларға байланысты болуы мүмкін, ал ауыстырып салу - өмірді сақтаудың жалғыз жолы.
Ағзалық донорлыққа ерік білдіруді қалай тіркеуге болады?
+
Тіркелген жеріңіз бойынша емханаға жүгіну немесе eGov.kz порталын пайдалану қажет. Өтініш бергеннен және жеке басыңызды сәйкестендіргеннен кейін Сіздің ерік білдіруіңіз Тіркелімге енгізіледі. Сізге анықтама беріледі және де Сіз шешіміңізді кез келген уақытта өзгерте аласыз.
Қазақстанда қандай презумпция қолданылады?
+
Қазақстанда сұралған келісім презумпциясы қолданылады. Азамат тірі кезінде келісімін білдірсе де, ағзалар тек туыстарының рұқсатымен ғана алынуы мүмкін.
Әлемдік діндер трансплантацияға қалай қарайды?
+
Барлық негізгі әлемдік діндер коммерциялық пайда болмаған жағдайда және өмірді сақтау мақсатында донорлық пен ағзаларды ауыстырып салуға рұқсат береді. Атап айтқанда, Орыс православие шіркеуі, ислам және католицизм ниеттің ізгілігі және қажеттілік жағдайында трансплантаттауды қолдайды.
Қазақстанда ағзаларды сатуға рұқсат етілген бе?
+
Жоқ. Қазақстанда ағзаларды сатуға тыйым салынады және «Халық денсаулығы туралы» ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жазаланады. Донорлық тек ақысыз негізде мүмкін.