• Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу
  • Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
  • Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Басшының блогы

жиі қойылатын сұрақтар

Трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмдегі басқа жерге немесе басқа организмге қондыру
Ағзаларды трансплантаттау кез келген адамға, ересек адамға да, балаға да қажет болуы мүмкін, денсаулығынан айырылудан ешкім сақтанбаған. Көптеген аурулар адам ағзасының жұмысын тоқтатуына және оны трансплантаттау қажеттілігіне әкелуі мүмкін
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 210-бабының 1-тармағына және 212-бабының 1-тармағына сәйкес, ықтимал донор: - он сегіз жастағы және одан үлкен, әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін, трансплантаттау үшін алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін білдірген адам тірі кезіндегі донор; он сегіз жастағы және одан үлкен, миының біржола семуі расталған, ағзалары немесе тіні реципиентке трансплантаттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам қайтыс болғаннан кейінгі донор болуы мүмкін. Донордың ағзалары патологиясысыз, қатерлі және жұқпалы аурулары, қант диабеті және басқа да аурулары жоқ болуы керек.
Қазақстанда жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі трансплантацияланады.
Кодекстің 209-бабының 8-тармағына сәйкес, ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімінде (бұдан әрі – Тіркелім) Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаннан кейін оның ағзаларын трансплантаттау мақсатында алуға келісімі немесе одан бас тартуы туралы ерік білдіруін тіркеу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға (МСАК ұйымы немесе тіркелген жері бойынша емхана) тікелей жүгінген кезде немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталында жүргізілуі мүмкін. МСАК ұйымында бірінші басшының бұйрығымен қайтыс болғаннан кейін донорлық құқығын білдірген азаматтардың өтініштерін қабылдауға және тіркеуге жауапты тұлға анықталады, өтініштер Тіркелімге енгізіледі. Осылайша, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өзінің ерік білдіруін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының азаматы тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуі керек, онда жауапты адам жеке басын және тіркеу мәртебесін куәландыратын құжаттарды тексереді, содан кейін өтініштің тиісті нысанын (келісім немесе келісімді қайтарып алу/бас тарту) ұсынады. Толтырылған нысан Тіркелімге енгізіледі, ал өтініш берушіге бір жұмыс күні ішінде бірінші басшының қолы қойылған және МСАК ұйымының мөрімен бекітілген ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама беріледі. Қазіргі уақытта "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы үйден шықпай-ақ қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркіңізді тіркеуге болады. Ол үшін өтініш беруші порталда авторизациялануы және қызметке тапсырыс беруі, бұдан әрі барлық қажетті жолдарды толтыруы және өтінімге ЭЦҚ арқылы қол  қоюы қажет, бірнеше минуттан кейін мәртебе жаңартылады және ерік білдіруді тіркеу туралы екі тілде анықтама қолжетімді болады. Бұл ретте өтініш беруші өзінің ерік білдіруін өзгертуінің саны шектелмейді. Дербес деректерді қорғау Кодекске және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі ҚР Кодексінің 209-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантациялаған кезде кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) алуға тыйым салынады.
Кодекстің 209-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантациялаған кезде денсаулығының жай-күйі, жасы немесе өзге де себептер бойынша өзінің жеке басы туралы деректерді хабарлай алмаған және қайтыс болуын растау кезінде жеке басы анықталмаған адамдардан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға тыйым салынады.
- Жіті инфекциялық және контагиоздық аурулары бар; - бақыланбайтын бактериялық сепсисі бар; - ЖИТС-пен ауыратын және АИТВ - инфекциясын тасымалдаушылар; -В (HBsAg) немесе С (anti-HCV) гепатиті вирусының оң маркері бар; - ағзалар мен жүйелердің анықталған жіті және декомпенсацияланған созылмалы, ошақтық және/немесе диффузды аурулары бар қатерлі ісіктері бар адамдар ағза доноры бола алмайды. Донордан ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауға рұқсат етілетін жұқпалы аурулардың тізбесін уәкілетті орган (ҚР ДСМ) бекітеді.
Әлемдегі барлық ірі діндер өтеусіз донорлық пен ағзаларды трансплантаттауға қарсылық білдірмейді. Жақыныңыздың өмірін сақтап қалу үшін өз ағзаңызды беру идеясының өзі - әлемдегі көптеген діндерге жақын асыл мақсат. Орыс православие шіркеуі - егер адамның өмірін сақтап қалу үшін немесе мүгедек болып қалмас үшін қажет болса, ағзаларды ауыстырып қондыруды қолдайды. Бірақ трансплантологияны коммерцияландыруға қарсы, өйткені бұл адам денесі бөліктерінің саудасына әкеледі. Яғни, ағзаларды трансплантаттауға болады, бірақ тек ол тегін жасалуы керек. Ислам діні де ағзаларды трансплантаттауға және қан құюға тыйым салмайды, бірақ өмірге қауіп төнген жағдайда ғана басқа адамдардың ағзаларын беруге немесе қабылдауға болады дегенді ұстанады. Егер басқа балама жолы болмаса, бұл жануарлардан алынған органағзаларға да қатысты. Католик шіркеуі трансплантологияны ғылымның ең жоғары жетістіктерінің бірі деп санайды. Егер донор немесе оның заңды өкілдері келіспесе, ағзаларды трансплантаттау қолайсыз саналады.
Ағзаларды трансплантаттауға арналған күту парағы – Қазақстанда бірыңғай. Күту парағында трансплантаттау қажеттілігі туралы нақты шешім қабылданған адамдар (өңірдің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы нефрологиялық комиссияның хаттамалық шешімі немесе транспланттау орталығының көпбейінді тобының қорытындысы, пациенттің медициналық картасынан үзінді (027/у нысаны) (қан тобын, резус факторын, пациенттің бойы мен салмағын көрсете отырып, трансплантацияға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы), жеке куәлік, мекенжайы және байланыс телефондары). Трансплантаттау мақсатында ағзаны күту тізіміне енгізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 "Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Күту парағына енгізу үшін мыналар негіз болып табылады: 1) республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың денсаулық сақтау басқармалары жанынан жұмыс істейтін нефрологиялық комиссияның қорытындысы не 2) ДСБ МПТ (мамандардың көпбейінді тобының, консилиумның) немесе транспланттау орталығының қорытындысы. 3) пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі. Осыған байланысты, трансплантаттау үшін көрсетілімдер болған кезде тиісті комиссияға жіберу туралы мәселені шешу үшін тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгіну керек.
Жоқ. Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегідей, ағзалар мен тіндердің саудасына тыйым салынады және заң бойынша қудаланады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 209-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес трансплантаттау кезінде адамның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) сатып алуға-сатуға тыйым салынады.

Кері байланыс

Егер сіз пациент болсаңыз, онда өтінімді қалдырыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз.

image

Статистика

Пациенттердің күту парағы -  2025 ж. 10 сәуірдегі жағдай бойынша, 4199 пациент

Бүйрек
Ересектер: 3726
Балалар: 82
Бауыр
Ересектер: 197
Балалар: 16
Өкпе
Ересектер: 25
Балалар: 2
Жүрек
Ересектер: 139
Балалар: 6
"Жүрек-өкпе" кешені
Ересектер: 4
Балалар: 2

Соңғы жаңалықтар

15

Сәу 2025

Өлімнен кейінгі өмір. Елде жыл сайын 300 адам ағза жетіспеушілігінен көз жұмады | Арнайы репортаж

Қазақстанда жыл сайын 300 адам ағза жетіспеушілігінен тұрақты түрде көз жұмады. Бұл сандар көбейіп барады. Елде мәйіттен ағза алу процесі мүлде тоқтап тұр. Өйткені миы өлген адамның ағзаларын алу үшін туысының рұқсатын алу керек. Бір мәйіттік донор 7-8 адамның өмірін құтқара алады. Арнайы репортаж барысында ағза ауыстыру бойынша Испания бірінші орында тұрған Испания мен ТМД елдері ішінде көшбастап тұрған Беларусь тәжірибесін келтірілді. Қазақстанда адам ағзасын алуға рұқсатты көзі тірісінде eGov сайтында жазып, тіркеп кете алады. Бас тартуға да құқылы. Бірақ келісімін берген жағдайдың өзінде туысынан тағы сұралады. Ал мұндай кезде туғандары өте сирек жағдайда келіседі. Өйткені өзгенің өмірі үшін жауапкертшілік алғылары жоқ. Сондықтан әр адам өзі үшін жауап беріп, бұл процедураға туыстарын араластырмаған дұрыс. Мұны заң жүзінде бекіту қажет. сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=9mcUPdrmgsI...

Толығырақ

10

Сәу 2025

Елімізде Түркия трансплантация қорымен әріптестік артып келеді

Елімізде Түркия трансплантация қорымен әріптестік артып келеді. Қор төрағасы бастаған топ Түркиядан Астанаға арнайы келіп, тәжірибе алмасып жатыр. Жалпы, Түркияда ең көп трансплантация бүйрекке жасалады. Жылына 4 мыңға жуық операция. Оның 20 пайызы мәйіттік донордың ағзасы. Бұл елде мәйіттік донорды трансплантациялау бағытында технологияны дамытуға басымдық берілген. Түркиядағы ең белсенді коммерциялық емес трансплантология қоры донорлық мәдениетті насихаттаумен, мамандарды оқытумен және трансплантацияға жаңа стандарттарды енгізумен айналысады. Олар Африка, Балтық, Таяу Шығыс елдерімен де әріптестікті нығайтып келеді. Эйюп Кахведжи, Түркия трансплантация қорының төрағасы: Біз Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің шақыртуымен келдік. Тәжірибе алмасып жатырмыз. Мысалы, мәйіттік донордың ағзасы көп жағдайда жақсы болмауы мүмкін. Оны жақсартатын арнайы технология бар. Ол қалай жасалады? Не істеу керек? Сол бағытты үйретеміз. Самал Қабышева   cілтеме: https://qazaqstan.tv/news/209392/...

Толығырақ

14

Нау 2025

"Асыл Қадам" Алғыс айту күні

Бұл іс-шара тек құрмет емес, сонымен қатар іс-әрекетке жанашыр болып, қол ұшын беріп, атсалысып жүрген азаматтарымыз да аз емес. Осы ретте сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасының орынбасары Ахатай Баян Орынбасарқызы трансплантологияны ілгерілетуде үлес қосып, қолдау білдіріп жүрген абзал жанашыр жандардың бірі. - Статистикаға сай елімізде 1 млн адамға 0,2 ағза донорынан келеді, бұл өте аз көрсеткіш. Бұған себеп: қоғамның қабылдау деңгейі, ақпараттың толыққанды, дұрыс жетпеуі. Бұл ретте Аналар кеңесі барлық өңірде қолдау көрсетіп жүргенін Баян Орынбасарқызы жеткізді. Сондай-ақ, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманына Бауыржан Абдуалиевке, Протоиерей Димитрий Филиппович Байдекке сөз берілді. Алғыс айту күнінде адамның өмірін сақтауда жасалып жатқан ізгі-істерде дінімізде 5 құндылық бар екенін айтып, соның ішінде адамның өмірін қорғау немесе сақтап қалу, ең маңызды құндылық екенін, - Бауыржан Абдуалиев, шариғат және пәтуа бөлімінің маманы атап айтты.Алғашқы жүрек реципиенті - Жәнібек Оспанов өз сөзінде “өзіме аманатталған жүректің неғұрлым ұзағырақ соғуына жұмыс жасаймын” ,- деген жүрек жарды сөзін айтып, бұл салада атқарылып жатқан істердің аз еместігін және атсалысып қызмет жасап жүрген азаматтардың аз еместігі де атап өтті.Сондай-ақ, Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасының басшысы Жанболат Бердібайұлына, Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі Әділхан Бейбітұлына, Павлодар облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі Дмитрий Николаевичке Zoom арқылы байланысқа шығып, сөз беріліп жүрек жарды алғыс тілектерін білдірді. Ағза күтіп, үміт үзбеген сырқат жандарымыздың үмітттері үзілмеуіне қол ұшын беріп, қызмет жасап жүрген осындай барлық азаматтарымызға, ізгі жұмыстарға алғысымыз шексіз. Үмітін үзбеген барша жандарға тек шыдамдылық тілейміз....

Толығырақ

14

Нау 2025

"Асыл Қадам" Алғыс айту күні

Бұл іс-шара тек құрмет емес, сонымен қатар іс-әрекетке жанашыр болып, қол ұшын беріп, атсалысып жүрген азаматтарымыз да аз емес. Осы ретте сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасының орынбасары Ахатай Баян Орынбасарқызы трансплантологияны ілгерілетуде үлес қосып, қолдау білдіріп жүрген абзал жанашыр жандардың бірі. - Статистикаға сай елімізде 1 млн адамға 0,2 ағза донорынан келеді, бұл өте аз көрсеткіш. Бұған себеп: қоғамның қабылдау деңгейі, ақпараттың толыққанды, дұрыс жетпеуі. Бұл ретте Аналар кеңесі барлық өңірде қолдау көрсетіп жүргенін Баян Орынбасарқызы жеткізді. Сондай-ақ, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманына Бауыржан Абдуалиевке, Протоиерей Димитрий Филиппович Байдекке сөз берілді. Алғыс айту күнінде адамның өмірін сақтауда жасалып жатқан ізгі-істерде дінімізде 5 құндылық бар екенін айтып, соның ішінде адамның өмірін қорғау немесе сақтап қалу, ең маңызды құндылық екенін, - Бауыржан Абдуалиев, шариғат және пәтуа бөлімінің маманы атап айтты.Алғашқы жүрек реципиенті - Жәнібек Оспанов өз сөзінде “өзіме аманатталған жүректің неғұрлым ұзағырақ соғуына жұмыс жасаймын” ,- деген жүрек жарды сөзін айтып, бұл салада атқарылып жатқан істердің аз еместігін және атсалысып қызмет жасап жүрген азаматтардың аз еместігі де атап өтті.Сондай-ақ, Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасының басшысы Жанболат Бердібайұлына, Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі Әділхан Бейбітұлына, Павлодар облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі Дмитрий Николаевичке Zoom арқылы байланысқа шығып, сөз беріліп жүрек жарды алғыс тілектерін білдірді. Ағза күтіп, үміт үзбеген сырқат жандарымыздың үмітттері үзілмеуіне қол ұшын беріп, қызмет жасап жүрген осындай барлық азаматтарымызға, ізгі жұмыстарға алғысымыз шексіз. Үмітін үзбеген барша жандарға тек шыдамдылық тілейміз....

Толығырақ

18

Ақп 2025

19 қаңтар 2025 жылы орталық донорлық процесс өтті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК 19.01.2025 жылы «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында 1979 ж.т. ықтимал донор Е. анықталғанын хабарлайды. Мамандар консилиум өткізіп, мидың өлімін растады, туыстарымен әңгімелесу жүргізілді және ағзаларды алуға келісім алынды. Орталық донорлық процесті ұйымдастырды, оның аясында екі бүйрек, жүрек, өкпе алынды. Сондай-ақ, 2020 жылдан бері алғаш рет мөлдір қабықты алу жүргізілді. Ағзалар одан әрі тексеру және реципиенттерге трансплантаттау үшін транспланттау орталықтарына жеткізілді:  -​бүйрек – Жетісу облысынан 2008 ж.т. пациент И.-ге ауыстырып салынды, «Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ; -​бүйрек – Астана қ. 2007 ж.т. пациент К.-ге ауыстырып салынды, «UMC» КҚ; -​жүрек – 1981 ж.т. пациент А.-ға ауыстырып салынды, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ; -​өкпе – Қостанай облысынан 1982 ж.т. пациент Е.-ге трансплантатталды, «UMC» КҚ; -​2 мөлдір қабық – кератопластика 21.01.2025 ж. жоспарланған, реципиенттерді зерттеп-қарау жүргізілуде....

Толығырақ

18

Ақп 2025

2025 жылғы 3 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында мультиағзалық алу жүзеге асырылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Транспланттауды жәнежоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалықорталық" ШЖҚ РМК 2025 жылғы 2-3 ақпанда донорлық процесс жүргізілгенінхабарлайды. 2025 жылғы 3 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Көпбейіндіқалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК базасында "UMC" КҚ, "ҰҒОО" ЖШС мамандарының қатысуымен 1962 ж.т. қайтыс болғаннан кейінгі донор М.-нан мультиағзалық алу жүзеге асырылды. Операция нәтижесінде: ​* Алматы қ., 1971 ж.т. реципиент Т.-ға жүрек; ​* Астана қ., 1981 ж.т. реципиент Ш.-ға бауыр; ​* Павлодар облысы, Екібастұз қ., 1985 ж.т. реципиент Б.-ға бүйректрансплантатталды. Қазіргі уақытта реципиенттердің жағдайы өткен операциялар процесіне сәйкес келеді...

Толығырақ

Біздің серіктестер

Донорларға арналған ақпарат