Коронавирустық инфекциямен байланысты ағымдағы жағдайға қарамастан, транспланттаушы үйлестірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде ықтимал донорларды анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.


Осылайша, 2022 жылғы 13 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында қайтыс болғаннан кейінгі донордан мультиағзалық алу өтті. Жүргізілген ағзаларды алу нәтижесінде күту парағындағы Қазақстанның азаматтары үшін Нұр-Сұлтан қаласының екі транспланттау орталығына 3 донорлық ағза (жүрек, өкпе және бүйрек) және Алматы қаласының транспланттау орталығына 1 донорлық ағза (екінші бүйрек) берілді.

Біз қайтыс болғаннан кейінгі донордың туыстарына олардың өмірлерінің қиын кезеңінде қабылдаған, ағзаларды күту парағынан біздің 4 отандасымызға жаңа өмір бастауға көмектескен шешімі үшін алғысымызды білдіреміз.

Ағзаларды күту парағынан пациенттерге ауыстырып қондыру мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын алып қоюға оның жақын туыстарынан алынған келісім жоғары гуманизм мен азаматтықтың актісі болып табылады, ол әрқайсымызға өзінің дүниетанымын және қайтыс болғаннан кейін ағзалар донорлығына көзқарасын қайта қарауға мүмкіндік береді.

2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 3374 адам донорлық ағзаларды ауыстырып қондыруға мұқтаж, оның ішінде 97 - бала жасында.

Өкінішке орай, 2021 жылы донорлық ағзалардың жетіспеушілігінен күту парағындағы 341 адам қайтыс болды.

Қазақстан азаматтарына транспланттау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен тегін орындалады.

 

Транспланттауды және жоғары

технологиялық медициналық қызметті

үйлестіру жөніндегі республикалық орталық

Донорларға арналған ақпарат