Әділ Мұратбекұлы Жұмағалиев
ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК (Астана) директоры
1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Денсаулық сақтау ұйымдарындағы жалпы жұмыс өтілі - 25 жыл, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінде 12 жылдан астам.
2019 жылдың 8 сәуірінен бастап ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК директорының міндетін атқарушы.
Сіздерді өзімнің блогымда көруге қуаныштымын!
Осы блог Сізге біздің кәсіпорынның қызметі жайлы толығырақ білуге, ал маған Сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге қосымша мүмкіндік беретініне үміттенемін.
Құрметпен,
Жұмағалиев Әділ Мұратбекұлы