Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК 19.01.2025 жылы «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында 1979 ж.т. ықтимал донор Е. анықталғанын хабарлайды. Мамандар консилиум өткізіп, мидың өлімін растады, туыстарымен әңгімелесу жүргізілді және ағзаларды алуға келісім алынды. Орталық донорлық процесті ұйымдастырды, оның аясында екі бүйрек, жүрек, өкпе алынды. Сондай-ақ, 2020 жылдан бері алғаш рет мөлдір қабықты алу жүргізілді. Ағзалар одан әрі тексеру және реципиенттерге трансплантаттау үшін транспланттау орталықтарына жеткізілді: 

-бүйрек – Жетісу облысынан 2008 ж.т. пациент И.-ге ауыстырып салынды, «Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ;

-бүйрек – Астана қ. 2007 ж.т. пациент К.-ге ауыстырып салынды, «UMC» КҚ;

-жүрек – 1981 ж.т. пациент А.-ға ауыстырып салынды, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ;

-өкпе – Қостанай облысынан 1982 ж.т. пациент Е.-ге трансплантатталды, «UMC» КҚ;

-2 мөлдір қабық – кератопластика 21.01.2025 ж. жоспарланған, реципиенттерді зерттеп-қарау жүргізілуде.

Донорларға арналған ақпарат