Ситказинов Айдар Кенжетайұлы
ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК директоры.
Айдар Ситказинов медицина және денсаулық сақтауды басқару саласында мол тәжірибеге ие. Төрт жоғары білімі бар. Семей мемлекеттік медицина институтында, Павлодар мемлекеттік университетінде, Инновациялық Еуразия университетінде және Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінде оқыған. Емдеуші дәрігер, қаржы бакалавры, МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі, денсаулық сақтау магистрі болып табылады. 1996 жылы уролог дәрігер ретінде мансабын бастап, медициналық мекемелерде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. Сұлтанов ат. Облыстық клиникалық ауруханада жұмыс істеді, Шарбақты аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері және Павлодар облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары болды. Ол сондай-ақ Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облысы бойынша филиалында түйінді позицияларда жұмыс істеді. 2019 жылы Айдар Ситказинов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалының директоры болып тағайындалды. 2020 жылдан бастап Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды, ал 2020 жылғы 28 қыркүйектен бастап Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.