Қазақстанда жыл сайын 300 адам ағза жетіспеушілігінен тұрақты түрде көз жұмады. Бұл сандар көбейіп барады. Елде мәйіттен ағза алу процесі мүлде тоқтап тұр. Өйткені миы өлген адамның ағзаларын алу үшін туысының рұқсатын алу керек. Бір мәйіттік донор 7-8 адамның өмірін құтқара алады. Арнайы репортаж барысында ағза ауыстыру бойынша Испания бірінші орында тұрған Испания мен ТМД елдері ішінде көшбастап тұрған Беларусь тәжірибесін келтірілді. Қазақстанда адам ағзасын алуға рұқсатты көзі тірісінде eGov сайтында жазып, тіркеп кете алады. Бас тартуға да құқылы. Бірақ келісімін берген жағдайдың өзінде туысынан тағы сұралады. Ал мұндай кезде туғандары өте сирек жағдайда келіседі. Өйткені өзгенің өмірі үшін жауапкертшілік алғылары жоқ. Сондықтан әр адам өзі үшін жауап беріп, бұл процедураға туыстарын араластырмаған дұрыс. Мұны заң жүзінде бекіту қажет.
сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=9mcUPdrmgsI