KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Толығырақ

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Тамыз айының ортасында egov.kz электрондық үкімет порталында трансплантологияға арналған бірнеше бұйрық пайда болды. Олардың ішіндегі ең қызықтыратындары әлеуетті донорлар тіркеліміне қолжетімділікке және тірі кезіндегі донорлық жайлы сөз қозғалғанда әрекет ететін этикалық комиссиының құрамына қатысты. Қараулар санына қарағанда, қазақстандықтар арасында олар көп қызығушылық тудырған жоқ (тақырып ауыр болғанмен, өте өзіндік). Бүгін, 25-ші тамызда осы бұйрықтардың басым бөлігін талқылау аяқталады. Олар мемлекеттік органдарға кетіп, келісу мен түзетулерден кейін бекітіледі. Қазақстандықтар үшін мұның нені білдіретіні жайлы Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың басшысы Әділ ЖҰМАҒАЛИЕВПЕН әңгімелестік.

- Әділ Мұратбекұлы, бір ай бұрын мен тәжірибе жүргізіп, донорлықтан бас тартуға өтініш жазып көрдім, бірақ сәтсіздікке ұшырадым («Донорлықтан бас тарту? Бірінші рет естуім», 15.7.2020 ж. «Время» қар.). Еgov порталында қызмет автоматтандырылмаған, емханаларда ол жайлы ештеңе білмейді. Біз көптеген жылдар бойы трансплантологияны дамыту қажеттілігі, адамның таңдау құқығы бар екені жайлы айтудамыз, бірақ, барлығы сөз жүзінде ғана қалуда. Қалайша болғаны?

- Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс жүргізуде, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен кеңестер өткізіліп, осы жайлы сөз қозғалған. Сіз дұрыс атап өттіңіз: қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру барлық жерде жүзеге асырылмаған. Қазір өтінішті тек емханаларда ғана жазуға болады, бірақ мұнда да адам факторы себебінен әрбір басшының жылдамдығы мен атқарушылығы әр түрлі болғандықтан, бұл ақпаратты барлығы біле бермейді.

Алайда, бұл қызмет бұрыннан жүзеге асырылған емханалар бар. Менің әріптестерім мониторинг жүргізіп, оларға бас тарту немесе келісім беруге арналған сәйкес нысандар ұсынылды, журналға деректер енгізілді. Бірақ бұл қызметтің барлық жерде жұмыс істемейтінін білеміз. Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдадық – орындардағы басшылармен жұмыс жасау қажет, бұл процестерді олар ұйымдастыруы тиіс.

Еgov қатысты, бұл техникалық мәселе. Менің білуімше, бұл қызмет электрондық үкімет сайтының пайдаланушылары үшін қыркүйек айында қолжетімді болады.

- Осының барлығы баяғыда жүзеге асырылуы тиіс болатын! Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық туралы бап 2012 жылдан бері қолданылуда. Ол жайлы неге қазір ғана сөз қозғаудамыз?

- Сізбен келісемін, солай болуы тиіс. Бұл мәселемен алғаш рет кездескен кезде, осы сұрақтарға жауап таппадым. Сізге бұл шаралар ретке келтіріледі деген сөз беремін. Еgov порталы туралы айта алмаймын, бұл менің құзыретіме жатпайды. Емханалар жайлы айтатын болсақ, бас тартуға өтінішті жазуға болады. Біз сөз қозғайтын бұйрықтар осы саланың егжей-тегжейін ашады.

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тарту немесе келісім беру механизмі нақты жазылатын болады. Мысалы, емхана басшысы осы салаға жауапты адамды тағайындауы тиіс екендігі жайлы норма пайда болды. Екі нысан бар: қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тарту немесе келісім беру. Адам өз пікірін шексіз өзгерте алады. Соңғысы, әрине, басты болып табылады.

- Бұл нысан емханада ұсынылуы тиіс пе?

- Дұрыс, олар басып шығарылған түрде болуы тиіс. Одан басқа, таңдау құқығын жүзеге асырған азаматқа медициналық мекеме басшысы мен жауапты тұлғасы қол қойған анықтама ұсынылуы тиіс деген норма бар. Бұл анықтамада адамның ерік білдіруі тіркелгені айтылады. Бұл мемлекеттік қызмет, ол бір жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс. Содан кейін барлық ақпарат донорлар тіркеліміне енгізіледі.

- Ол бар ма? Әлде жоспар ғана ма?

- Ол бар және қолданылады. Емханаға жүгінетін азаматтың құжаттары сканерден өткізіліп, осы қорға түседі. Бұл заңмен қорғалатын дербес деректер. Сіздің назарыңызды осы қорға қолжетімділігі бар тұлғалар тобының заңмен айқындалатынын аударғым келеді. Бұл деректерді тек республикалық үйлестіру орталығының үйлестірушілері ғана қарай алады. Бірақ, барлығы емес, Денсаулық сақтау министрлігімен келісу бойынша бірінші басшының бұйрығымен тағайындалғандар ғана. Мұндай маманның логині және құпиясөзі, бас миының өлімі расталған қайтыс болған адамның ЖСН және бас миының өлімі туралы үзінді көшірмелері бар. Аталған құжаттар болған жағдайда ғана маман қорға кіріп, қайтыс болған адамның ғана деректерін көре алады. Барлық қалған ақпарат жабық болып қалады. Осыларды атап кету өте маңызды.

- Осының барлығы декларация болып қалмай, іс жүзінде жүзеге асырылуы маңызды.

- Бұл дерекқорға кіріп, оның ішінде қанша әлеуетті донор немесе қанша бас тартқан адам бар екенін мен де айта алмаймын. Қазіргі уақытта осы саладағы барлық шаралар барынша ашық болуы бағытында жұмыс жасаудамыз. Басқа елдердің тәжірибесіне қарағанда, өз құқықтарын білдіретін адам саны өте аз екенін айта аламын. Біз қазір осының барлығын жасаймыз, ол жұмыс істейтін болады, бірақ бас тарту немесе келісімді мәлімдеу үшін емханаға баратындар саны аз болады.

Тағы бір рет айтып кеткім келеді: бас миының өлімі расталған адам тірі кезінде таңдау жасамаса да, үйлестірушілер кез келген жағдайда ағзаларын алуға оның туыстарының рұқсатын сұрайтын болады. Егер қайтыс болған адамның жеке басы анақталмаса, оның ағзалары алынбайды – оған тыйым салынған.

- Бұйрықтардың бірі әлеуетті реципиент пен тірі донор арасындағы генетикалық байланысты орнату жөніндегі этикалық комиссияға арналған. Бұдан бұрын оның құрамына дәрігерлер кірген, ал қазір Денсаулық сақтау министрлігінің, Бас прокуратураның, ІІМ, СІМ, бейінді қауымдастықтардың өкілдері кіреді. Бұл трансплантологтарды қорғау әрекеті ме?

- Дәрігерлер – мүдделі тұлғалар. Бұл мәселені шешудегі біржақтылық болмауы үшін, оларды этикалық комиссия құрамынан шығару жоспарланған. Бұл бұйрықтың әлі қабылданбағанына назар аударғым келеді. Бұл не бәрі жоба. Прокуратураның, СІМ және т.б. түпкі шешімі қандай болатынын біз әлі білмейміз. Бұл мәселелер бұдан бұрын талқыланған, бірақ олардың тарапынан белсенді қолдау көрсетілген жоқ. Менің ойым: бұл бұйрық қабылданса да, келісу барысы күрделі болады.

Толығырақ https://time.kz/articles/ukogo/2020/08/24/anatomiya-vybora

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау