KZ

Ақтөбеде мәйіттік донорлық проблемаларын Қазақстанның жетекші трансплантологтары талқылады.

Өңір кездейсоқ таңдалған жоқ: ол елдегі озаттардың бірі саналады: өмірлік маңызы бар ағзаларды ауыстырып қондыру оталары мұнда 2014 жылдан бастап жасалуда. Бірнеше жыл ішінде Ақтөбе медициналық кластері негізінде донорлық бүйректі ауыстырып салу бойынша 38 ота және бауырды ауыстырып салу бойынша 12 ота жасалды. Дәрігерлер бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге дайын, алайда, ағзалар жетіспейді.

Қиындық – науқастың туысқанынан бастап кез келген адам оған көрсеткіштер бойынша жарамды бола бермейтінінде. Балама ретінде мәйіттік донорлық пайдаланылады. Бүкіл әлемде қолданылатын бұл әдіс жаңа болмаса да, біздің менталитет оған дайын емес тәрізді.

Бүйрек рұқсатсыз алынды

2017 жылдың жазында 22-жасар Серікболсын Көшербайдың туысқандары сотқа арызбен жүгінді. Олардың ұлдары төбелес кезінде ауыр бас жарақатын алды. Қайтыс болғаннан кейін дәрігерлер оның екі бүйрегін алды. Ол туралы туысқандары білген кезде ағзалар екі әйел адамға ауыстырып қондырылып үлгерген. Оталар сәтті өткенмен, игі іс дауға айналды. Донордың жақындары ұлдарының ағзаларын алып, транспланттауға дәрігерлердің рұқсат сұрамағандарына ашынды. Мамандар өздерін жазықсыз санады: ер жігіт тірі кезінде қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар донорлығынан бас тартпағандықтан, олар келісім презумпциясын пайдаланды, демек, заң оның ағзаларын алып, мұқтаж адамдарға ауыстырып қондыруға мүмкіндік береді.

Қоғам назарында болған іс сотта тараптардың татуласуымен аяқталды, алайда, оның да салдары болды: өңірдегі мәйіттік донордың ағзасын пайдаланумен жасалған транспланттаулар саны күрт төмендеді. Республикалық транспланттау орталығының мәліметі бойынша, биыл тек бір адамның туысқандары оның қайтыс болуынан кейін ағзаларды алуға келісімдерін берді.

Бұл проблеманы шешу үшін, өңірде түсіндіру жұмысы жүргізілуде, алайда, жағдай өзгеретін емес. Облыстың бас дәрігері Әсет ҚАЛИЕВ Ақтөбеде бірінші болып қайтыс болғаннан кейін ағзаларын алуға келісімін берді, алайда, бұл да жағымды әсер бермеді.

“Тірі кезінде адам донорлыққа келісім берумен қатар, одан бас тарта алады. ДСМ 2015 жылғы 18 мамырдағы № 360 бұйрығы, өтініштің бекітілген үлгісі бар, емханаларда журнал болуы тиіс. Өтініш ұсынылғаннан кейін донор қандай да бір аурулардың бар болуына база арқылы тексеріледі, оған анықтама беріліп, донорлар тіркеліміне енгізіледі”, – деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі.

Күту режимінде

Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Жақсылық ДОСҚАЛИЕВ та алаңдаушылық танытуда: донор ретінде қайтыс болған адамды пайдаланумен ағзаларды транспланттау оталарының саны Қазақстанда төмендеуді жалғастыруда. Биыл осындай тек сегіз ота жасалды. Бұрын мұндай оталар саны 24 болған. 2 250 қазақстандық болса, донорлық бүйректі, 450 жуығы – бауырды, 150 – жүректі, 10 – өкпені күтуде.

Көпшілігі кезекте тұрып қайтыс болады, олардың тізімдегі орнын басқалар басады”, – дейді Досқалиев.

Тек Ақтөбе облысында 137 адам бүйректі, 37 адам – бауырды транспланттауды қажет етеді.

Инфекция кедергі ме?

Адамдардың транспланттауға теріс көзқарасынан басқа проблема бар. Донорлардың 70 пайызында әр түрлі инфекциялар мен созылмалы патологиялар табылады. Мұндай ағзалар транспланттау үшін пайдаланыла алмайды.

Халықтың В, С вирустық гепатитін, сифилисті, туберкулезді жұқтыру деңгейі жоғары. Дегенмен, халықаралық тәжірибеге сай, В және С гепатиттері анықталған жағдайда, ағзаларды сондай диагнозы бар науқасқа ауыстырып салуға болады. Бұл сифилиске де қатысты”, – дейді Жақсылық Досқалиев.

Трансплантологтар 2019 жылдан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске инфекциясы бар адамның ағзаларын ауыстырып салуға рұқсат ететін түзетулер енгізу қажет деп санайды.

Авторы: Асия Нурлыбаева

 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау