KZ

Қазақстанда ағза донорлығына мұқтаж адамдар саны көбейіп барады. Қазір науқастардың дені қажет адам ағзасын шет елдерден сатып алуға мәжбүр. Сарапшылар жағдайдың күрделенуіне қолданыстағы жаңа кодекс кедергі болып отырғанын айтады.

Жуырда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният журналистердің сұрағына жауап беріп, мәйіт доноры болуға дайын екенін айтты. Ол өзін 2012 жылдан бастап Қазақстанда трансплантологияның дамуымен айналысқан министрлік мамандарының бірі екендігін айтады. Министр бұл бағытта ведомство тарапынан ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атаған. Осыдан соң қоғамда мәйіт донорлығы мәселесі қайта талқылана бастады.

МӘЙІТ ДОНОРЛЫҒЫ МҮШКІЛ ЖАҒДАЙДА

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 4 мыңнан астам науқас ағза трансплантациясына мұқтаж.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің пікіріне сүйенсек, Қазақстанда мәйіт донорлығы мүшкіл жағдайда тұр.

Біз АҚШ-тан 304 науқасқа көздің қасаң қабығын жеткізу туралы келісімге қол қойдық және 93 операция жасалды. Ал бұл жоба мәжбүрліктен туып отыр. Заңды өзгерту арқылы ғана бұл мәселе шешіліп, барлық мұқтаж жандар АҚШ-қа жүгінбей-ақ осы қабықты алуға болатын еді, - дейді Жәмішев баспасөз жиынында.

«АДАМ АҒЗАСЫН САУДАЛАУ – БОС ӘҢГІМЕ»

Танымал трансплантолог, хирург Жақсылық Досқалиев те донорлыққа мұқтаждар саны күннен күнге артып бара жатыр деген пікірде. Хирург Қазақстанда трансплантологияның дамуының тежелу себебін трансплантолгтар Ғани Құттымұратов пен Абылай Донбайға қатысты қозғалған қылмыстық іспен байланыстырады.

«Бұл – қабылданған екінші кодекс. Бұрынғы кодексте адам тірі кезінде келісім беретінін немесе қарсы екенін рәсімдемесе, қайтыс болғаннан кейін дәрігерлер оның ағзалары мен тіндерін транспланттау мақсатында ала алатын. Халықаралық деңгейдегі дамыған елдерде «келісім презумпциясы» бекітілген. Бірақ 2018 жылы екі трансплантолог істі болып, үлкен шу шықты. Сол кезде жаңа кодексте адам тірі кезінде донор болуға ерік білдірмесе жұбайы мен жақын туыстарының бірі ағзасын алуға өзінің келіспейтіні туралы жазбаша мәлімдеуге құқылы деп өзгертілді. Марқұмның туыстары көбінде рұқсат беруден бас тартып жатады. Сондықтан мәйіттен алынатын ағза саны азайып кетті, ал мұқтаждар саны көбейіп барады», - деді Жақсылық Досқалиев Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында.

Дәрігер Жақсылық Досқалиев ағза трансплантациясына қатысты бұрынғы жүйеге қайта оралу қажет деп санайды. Әрі Қазақстанда трансплантолог мамандар мен қажетті техникалық жабдықтар да жеткілікті. Ал адам ағзасын саудалауға қатысты күмән орынсыз деген пікірде. Заңнамаға қашан өзгеріс енетіні белгісіз.

Материалға сілтеме:https://halyq-uni.kz/aleumet/30702-olar-da-omir-surgisi-keledi-kazakstanda-m-iit-donorlygy-mushkil-kh-lde/

06.05.2024
"AMANAT" партиясы Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жүсіпова Сания Орынтайқызының ұйымдастыруымен талқылау "Жаңа өмір" сыйлайық атты пресс конференция өтті. ...
Подробнее
22.04.2024
АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Подробнее
08.04.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Подробнее
11.03.2024
Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Подробнее
22.02.2024
Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да жылдам көмек қажет. Өкпе-жүрек кешені және өкпеден ауыстыратын 15 адам, 138 адамның жүрек ауруының емі де донорлыққа мұқтаж. ...
Подробнее
20.02.2024
Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Подробнее

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау