KZ

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да жылдам көмек қажет. Өкпе-жүрек кешені және өкпеден ауыстыратын 15 адам, 138 адамның жүрек ауруының емі де донорлыққа мұқтаж.

Ал, Алматы облысы бойынша 400-ге жуық науқас ағза трансплантациясына мұқтаж. Бұл туралы Алматы облыстық қайтыс болғаннан кейінгі донорлығы және оған деген көзқарасы туралы трансплантология жөніндегі өңірлік үйлестірушіАқерке Тоеке мәлімдеді. Маманның айтуынша, ағзаға мұқтаж жандарға дер мерзімінде қол ұшын созып көмек беруіміз қажет. Сондықтан қазірде мәйіттік донорлықты дамыту шарасы қолға алынып жатыр.

“Қазақстан бойынша 7 транспланттау орталығы жұмыс істейді. 40 донорлық стационар, 4 иммунологиялық типтеу зертханасы ұйымдастырылған. Донорлық процесті үйлестіруді, анықтауды және ұйымдас­тыруды қамтамасыз ететін республикалық, өңірлік және стационарлық үйлестірушілер желісі құрылды. 2020 жылы 7 шілдеде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы заңнамаға сәйкес, оның ішінде 212-баптың 3-тармақшасы, яғни «Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) транспланттау үшін алуға, егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін осы тармақтың екінші бөлігінде аталған өзге адамдар оның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) алуға өзінің келіспейтіні туралы мәлім­дегенінен хабардар болса, жол берілмейді» делінген”, – дейді Ақерке Тұрсынбайқызы.

Осы аталған бапқа жаңа редакциямен, яғни «Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) транспланттау үшін алуға, егер азамат тірі кезінде ерікті түрде жазбаша нысанда бас тартпаса онда келісілді деп есептеледі. Өзге адамдар оның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) алуға не алмауға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеменің күші болмайды» деп өзгеріс енгізілсе, мұқтаж адамдардың «күту парағы» азаяр еді.

Жоғарыда айтылған заңнамадағы өзгерістер енгізілсе, өлімнен кейінгі донорлық транспланттауды қарқынды дамыта аламыз. Ағзаларды трансплантаттау мидың өлімі расталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Мидың өлімі – орталық жүйке жүйесінің, соның ішінде бас миы, ми бағанасы, көпірі, ортаңғы ми және мишықтың функциясының қайтымсыз жоғалуы. «Мидың өлімі» диагнозы жүрек жұмыс істеп тұрған кезде және өкпені жасанды желдету кезінде қойылады және адам өліміне тең болып табылады.

ТІРІ КЕЗІНДЕ ДОНОР БОЛУДАН ҚАЛАЙ БАС ТАРТУҒА НЕМЕСЕ ҚАЙТЫС БОЛҒАННАН КЕЙІН ДОНОР БОЛУҒА КЕЛІСУГЕ БОЛАДЫ?

Қайтыс болғаннан кейінгі ерікті ағза донорлығының тақырыбы әлі де көптеген сұрақтар мен күмәндар тудыруда.

Бірақ егер адам басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өзіне қайтыс болғаннан кейін донор болуға шешім қабылдаса, онда ол кез келген уақытта «Электрондық үкімет» порталында немесе медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгініп, келісім білдіре алады, бұл тіркелген жері бойынша емхана болуы мүмкін.

Сіз сондай-ақ eDensaulyq бөлімінде eGovMobile мобилдік қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ келісіміңізді тіркей аласыз.

Өтініш бергеннен кейін сіз оны өңдеу және келісіміңізді растау туралы бірден жауап аласыз. Сіз қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісімді тіркеу туралы анықтама ала отырып, мемлекеттік қызмет нәтижелерімен бірден таныса аласыз.

Сіз келісімді немесе бас тартуды шектеусіз бере алатыныңызды айта кеткен жөн. Осылайша, адам кез-келген уақытта өз шешімін өзгерте алады.

https://alatau24.kz/almaty-oblysynda-400-ge-zhuyq-adam-agza-auystyruga-muqtazh/

22.04.2024
АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Подробнее
08.04.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Подробнее
11.03.2024
Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Подробнее
22.02.2024
Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да жылдам көмек қажет. Өкпе-жүрек кешені және өкпеден ауыстыратын 15 адам, 138 адамның жүрек ауруының емі де донорлыққа мұқтаж. ...
Подробнее
20.02.2024
Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Подробнее
09.02.2024
E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Подробнее

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау