KZ

Қазақстанда 3,5 мыңға жуық адам донорлық органдарды трансплантациялауды қажет етеді.

Қазақстанда 3,5 мыңға жуық адам донорлық органдарды трансплантациялауды қажет етеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының трансплантация бойынша үйлестірушісі Сәуле Шайсұлтанова Шымкент жүрек орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Сәуле Талғатқызының айтуынша, жүрек алмастыруды қажет ететіндердің ішінде 150-ге жуығы балалар. — Бүгінде бүкіл әлемде трансплантациялық белсенділіктің өсуі және донорлық процесті ұйымдастыруда ілгерілеу байқалады. Жыл сайын органдарды алмастыру бойынша 115 мыңнан астам операция жасалады, ал заманауи технологиялар пациенттердің өмірін көптеген жылдарға ұзартуға мүмкіндік береді. Біздің елімізде қайтыс болғаннан кейінгі донордан донорлық органдарды трансплантациялау 2012 жылдан бастап жүргізілуде. Осы кезеңде 84 жүрек және 14 өкпе трансплантациясы жасалды. Дегенмен донорлық мәселесі біз үшін әлі күнге дейін шешімін таппаған күрделі мәселе, — дейді С. Шайсұлтанова.

Баспасөз конференциясында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қаладағы Жүрек орталығының трансплантация жасауға дайын екендігін атап өтті. Жоспар бойынша алдағы үш айда Жүрек орталығының мамандары ағза алмастыру отасын жасамақ. Бұл үшін емдеу мекемесінің ота жасау залы операцияға қажетті жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Бұған қоса кардиохирург мамандары арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырған.

Дереккөз http://adym.kz/29975/shymkentte-zh-rek-almastyru-otasy-zhasalma 

22.04.2024
АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Подробнее
08.04.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Подробнее
11.03.2024
Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Подробнее
22.02.2024
Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да жылдам көмек қажет. Өкпе-жүрек кешені және өкпеден ауыстыратын 15 адам, 138 адамның жүрек ауруының емі де донорлыққа мұқтаж. ...
Подробнее
20.02.2024
Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Подробнее
09.02.2024
E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Подробнее

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау