KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Толығырақ

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Мамандардың айтуынша, жүрек донорларының тапшылығы себебінен Астананың кардиоорталықтарына баламалы шешімдерге жүгінуге – жасанды ағзаларды импланттауға тура келеді.

Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы (ҰҒКО) – донорлық ағзаларды транспланттау және жасанды жүректі импланттау жөніндегі бірегей оталар жүргізілетін елдегі жалғыз орталық. ҰҒКО басқарма төрағасының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Махаббат Бекбосынова  BNews.kz хатшысына сұхбатында кардиохирургиядағы жаңа технологиялар қалай туындайтынын және олардың пациенттердің өмірін ұзартуға және жақсартуға қалай көмектесетінін айтты.

- Біз кардиохиругиядаға жаңа технологиялар жайлы айтамыз. Қазақстанда қазір не енгізіліп жатыр? Мүмкін, сіздердің орталықта әлемде жоқ технологиялар бар шығар?

- Біздің клиника жұмысының негізгі бағдарламасы – жүрек жеткіліксіздігінің терминалды кезеңін хирургиялық емдеу. Терминалды кезең – пациенттің жүре алмайтын, өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, дәрілік заттарды тұрақты түрде тамырішілік енгізуде болатын кезеңі. Бұл ешқандай өмір сапасы жоқ пациент. Біздің пациенттердің қажеттілігінен жаңа технологиялар туындайды. Статистика бойынша, Еуропада шамамен 15 млн адам жүрек жеткіліксіздігіне, шамамен 500 мың адам жүрек жеткіліксіздігінің терминалды кезеңіне шалдыққан. Жүректі транспланттау қазір Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде проблемалы жағдай болып табылады, себебі донорлар саны азаюда. Жүректі транспланттау орнына жоғары технологиялар келуде.

- Қазақстанда жүректі ауыстыруды қанша адам қажет етеді?

- Біздің күту парағында бүгінде шамамен жүз адам бар және жыл сайын донор жоқтығынан қайтыс болатын 30-40 пациенттен айырыламыз. 1 млн халыққа жүректі транспланттауды қажет ететін 10 пациент келеді. Қазақстан халқы 18 млн адамды құрайтынын есепке алсақ, 180 пациентті санай аламыз. Алайда, бізде бұл бағдарлама ең басында болғандықтан, өкінішке орай, біз жоспарды орындамадық. Біздің орталықта донорды күтіп отырған алты пациент бар, ал бізде донор жоқ. Биылғы жылы біз бар болғаны сегіз жүрек транспланттауын орындадық. Біздегі жыл сайынғы қажеттілік – 180-200 ота, және біз бұл қажеттіліктің орнын толтырмайтындығымыздан, менің ойымша, Қазақстанда жыл сайын кем дегенде 300 адам транспланттауды қажет етеді деп ойлаймын. Сондықтан, бір жағынан, проблема – донорлардың аз болуында. Басқа жағынан, моральдық-этикалық құрауышы бар: жүректі транспланттау және донор туралы айтқан кезде, біз біреудің қайтыс болып, жүрегін басқа адамға беретінін күтеміз.

- Транспланттаудың баламалы шарасы не?

- Жүректі транспланттаудың орнына қазір жаңа технологиялар келуде. Бұл – жасанды сол жақ жүрек қарыншасы, осы бағдарлама бізде клиниканың ашылуынан бастап, 7 жыл жүзеге асырылуда. Әлемде ол 50 жыл бойы қолданылуда, бірақ сол жақ қарыншаны жаппай тәжірибелік қолдану соңғы 20 жылда жүзеге асырылуда. Бүгінде Халықаралық жүрек және өкпе транспланттау қоғамының тіркелімінде шамамен 15 мың пациент тұр. Оларға жасанды құрылғыларды транспланттау орындалған, олардың ішінде: жасанды сол жақ қарынша, екі қарыншаны қолдау, Total Artificial Heart отасы – жүректің толық алынып, механикалық құрылғының салынуы (15 мың пациенттен 2%).

- Махаббат Сансызбайқызы, Қазақстандағы мұндай пациенттердің саны қанша?

- Бүгінгі күні Қазақстанда біздің клиникада CARMAT халықаралық трейлі аясында үш Total Artificial Heart  отасы жасалды. CARMAT – француз компаниясы, жаңа технологияларды әзірлеумен айналысатын Air Bus медициналық бөлімшесі. Бұл жасанды жүректің авторы професоор Карпатти болып табылады. Бізде жасанды жүрекпен үш пациентке ота жасалды, Прагада – 7 пациент және Францияда 6 пациент. Біздің ел осы үш пациенттің екеуіне жүрек ауыстырып салынған әлемдегі жалғыз клиника болып табылатынымызбен ерекшеленеді.

Медициналық, өмірлік көрсеткіштері бойынша донорларын күте алмайтын пациенттерге толық механикалық жүрек имплантталды: бірінші пациентке – 8 айдан кейін, екінші пациентке – 5 айдан кейін. Бұл Қазақстанды әлемдік кардиохирургияда бөліп шығарады, себебі мұндай оталар әлемде әлі ешқайда жүргізілмейді.  

- Қазақстанда балаларға жүректі трансплантау орындалады ма?

- Бізде балаларға арналған жүрек жеткіліксіздігінің бағдарламасы, балалар кардиологиясы, балалар кардиохирургиясы бөлімшелері бар. Біз балаларды жүректі транспланттау жөніндегі отаға дайындаймыз, бес балаға Үндістанда ота жасалып, кейінгі бақылауға бізге қайтып келді. Бізде балалар донорлығы туралы заң жоқ, сондықтан біздің елде балаларға жүректі транспланттау орындалмайды. Біздің бағдарламада оның басталуынан бастап алты жыл ішінде орындалған 68 транспланттау арасында 15 және 17 жасар жасөспірімдер бар. Оларға жүректі транспланттау бізде орындалды, себебі оларға салмағы аз ересек адамның жүрегі ауыстырып салынды. Бұл пациенттер бізде ересектер тобында бақыланады. Сондай-ақ біздің клиникада балаларға сол жақ қарыншаны импланттау бойынша екі ота орындалды. Тараздық Жизель атты қыз бала жүректі транспланттаудан кейін бір жыл өмір сүруде. Бұдан бұрын ол алты ай ішінде жасанды сол жақ қарыншамен жүрген, біздің ауруханада жатты, біз оны шығара алмадық. Ол Үндістанға барып, донорын күтіп, содан кейін бізге қайтып келді. Екінші қыз баланың жасы 12, оған да сол жақ қарынша имплантталды. Бізге екінші рет терминалды кезеңде келіп түсті, реанимацияда болды. Бұл жаңа технология – жасанды қарыншаны импланттау болмаса, ол өмір сүре алмас еді, жағдайы ауыр еді. Бүгінде ол үйіне шығарылды, күту парағына орналастырылып, жүректі транспланттау үшін өз донорын күтетін болады. Бұл – пациенттерге өмір сүруге, өз донорларын күтуге және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар.

- Пациенттер жасанды жүрекпен қанша өмір сүре алады?

- Бұл құрылғы destination therapy – өмір бойылық терапия ретінде қойылатын пациенттер бар. Оларда қандай да бір себептермен жүректі ауыстырып салуға қарсы көрсетілімдер бар және мұндай пациенттер осы құрылғымен өмір сүреді, бұл жалғыз жол. Біздің бағдарламада да мұндай пациенттер бар. Көбінесе ол 65 жастан асқан қарт адамдар. Оларға жасанды сол жақ қарынша имплантталады, ол 5-8 жыл өмір сүруге мүмкіндік береді. Әлемде бұл құрылғымен 10-15 жыл өмір сүретін пациенттер бар, бізде бұл бағдарлама 8 жыл ғана қолданыста болғандықтан, бізде мұндай мәлімет әзірге жоқ.

- Ағзаларды транспланттау және импланттаудан кейін пациенттердің бейімделу мерзімдері қандай?

- Ол көптеген факторларға байланысты. Орта есеппен алғанда пациент жүректі транспланттаудан кейін клиникада екі апта болады. Барлығы жақсы болса, пациент бір жыл ішінде бізге жиі келіп тұрады, себебі бірінші жылы біз жүректің қабылданбауын бақылаймыз. Бұл ең ауыр асқыну. Егер пациент бірқалыпты күйге келсе, біз оны клиникаға жылына бір рет шақырамыз, ол тұрғылықты орны бойынша тексеріледі.

- ҰҒКО емделуге шетел азаматтары келеді ме және қаншалықты жиі келеді?

- Мұны медициналық туризм деп атағымыз келсе де, жыл сайынғы мұндай пациенттердің саны аз. Біздің клиника жайлы әлі аз біледі. Жуырда бізге Израиль медицинасының өкілдері келіп, біздегі медициналық көмек көрсету деңгейінің басқа елдермен бірдей, алайда, бағалар айтарлықтай төмен екенін айтты. Әрине, бізге жақын шетелден, ТМД елдерінен пациенттер келеді. Біздің картада америкалықтар, жапондықтар, кәрістер және немістер бар. Көбінесе бұл белгілі себептермен Қазақстанда болып, проблемалар туындауы себебінен осында көмек көрсетілген пациенттер. Бізге дамыған елдерден емделуге жоспарлы түрде келген жағдайлар әлі болған жоқ. Бұл болашаққа жұмыс істеу деп ойлаймын, клиниканы және Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дұрыс жарнамалау болуы тиіс. Бүгінде бізде екі мәрте расталған JCI сертификаты бар. Бұл ең алдымен, көрсетілген медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігі үшін берілетін халықаралық сертификат. Пациенттер бүкіл әлем бойынша клиниканы таңдаған кезде, клиникалар қорынан біздің орталықты таба алады.

- Сіздің ойыңызша, басқа елдердің пациенттерін тарту үшін, не істеу қажет?

- Біздің клиниканың маркетологы Мәскеу қаласына жәрмеңкеге барды, ол жерде медициналық компаниялардың өкілдері ғана емес, тұтынушылар мен клиникалар таңдайтын орталықтар арасындағы делдалдар да жиналды. Олардың көбі біздің клиника жайлы алғаш естіді, алайда, маркетинг бөлімінің арқасында біз мұндай жарнаманы береміз. Біздің жарнама қалқандарымыз Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда ілулі. Бізде ол жақтан келген пациенттер бар. Бірақ, клиника өз бетімен жеке дара бола алмайды деп санаймын. Иә, бізге жақсы көмек көрсетіледі, алайда, жақсы логистика да болуы тиіс. Ұшу сапарлары, қонақ үйлер үшін жауап беретін қызметтер – бұл да туризм. Туризм дамыған кезде, медицина да дамиды. Ең алдымен, ол біздің елімізге сенім білдіру. Елге сенім болмаса, клиникаға сенім болмайды.

- Қазақстандықтар ҰҒКО қай өңірлерден және қаншалықты жиі келеді?

- Бүкіл Қазақстаннан келеді. Біздің орталықтың жанында поликлиника бар. Бұл клиникалық-диагностикалық бөлімше, мұнда әрбір адам ақылы негізде амбулаториялық тексеруден өте алады, себебі бізде тек стационарлық емделуге ғана квота бар. Өңірлерден көп адам келгенімен, ақылы тексеруден өтуге көбінесе Астана тұрғындары келеді. Егер пациент ауыр сырқатқа шалдықса және ол амбулаториялық кезеңде диагностикаланса, біз оны бюрократиялық кідіріссіз бірден ауруханаға жатқыза аламыз. Пациентке бізде ота жасату немесе қандай да басқа ем алу көрсетілген болса, біз квота береміз.

- Донорлық жүректі транспланттау және жасанды ағзаларды импланттау тәрізді оталар МӘМС міндетті жүйесіне енгізілуі мүмкін бе?

- Олар онсыз да кіреді. Бұл пациенттердің өмірлік көрсеткіштері бойынша орындалатын бірегей технологиялар және қымбат оталар, оларды толығымен сақтандыру жабады.

- Адамдардағы жүрек жеткіліксіздігі – Қазақстан үшін және бүкіл әлем үшін үлкен проблема дедіңіз. Бүгінде елдегі жүрек ауруларымен ауыру өсуде ме, әлде төмендеуде ме?

- Өкінішке орай, жағдай жақсаруда деп айтуға болмайды. Бұл беталыс бүкіл әлемге тән, оның ішінде Қазақстанға да. Мұндай ауруға шалдыққан пациенттер саны да, бұл науқастардың анықталу көрсеткіші де артуда. Егер пациенттер саны азайса, мұның жақсы екеніне сенбеңіз. Себептер арасында бірінші орында стресс тұр. Қазір стреске барлығы бейім және біз онымен күресе алмаймыз. Адамзаттың тарихына үңілсек, ол әрқашан болған деп санаймын. Соғыстар, қиыншылықтар, табиғи апаттар әрқашан болған, алайда, ешқашан адамдар қазіргідей стреке бейім болмаған. Бұл менің жеке пікірім. Екінші себеп – экологияның нашарлауы. Біз тиісті заттарды жеп, ішпейміз, ал бұл болса, өте маңызды фактор. Жақсы денсаулық дұрыс тамақтанудан, жақсы ұйқыдан және денеге жүктеме түсіруден құралады. Біз дұрыс тамақтанбаймыз және ол балалық шағымыздан басталады. Өкінішке орай, біз дұрыс ұйықтамаймыз. Себебі маған келетін пациенттер түнгі 12 ерте жатпайды. Олар 5-6 сағат ұйықтайды және ол жеткіліксіз. Денеге жүктеме түсірудің болмауы – ауруларға, оның ішінде, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыратын маңызды фактор.

- Ауырмау үшін, қаншалықты жиі тексерілу қажет?

- Диспансерлеу болуы тиіс мектеп кезінен бастау қажет деп санаймын. Гипертонияның ерте түрлері сол кезде анықталады. Артық салмақты және гормондық бұзушылықтары, артериялық гипертониясы бар балалардың қаншалықты көп екенін қараңызшы. Бізге сондай балалар келеді. Студенттік жылдары дәл солай. Бұл тұтас жүйе, ұйымдастырушылық сипаттағы проблемалар бар, олар жайлы қазір министр көп айтуда (ред. еск. – денсаулық сақтау министрі). Бұл емханалардағы кезектер. Бұл процестерді ретке келтірудің әрекеттері жасалуда. Ауруларды, әсіресе, белгісіз өтуі мүмкін ауруларды ерте диагностикалау үшін, тексеруден жылына бір рет өту қажет деп ойлаймын.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау