KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Толығырақ

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Қазақстанда ағзаларды сату және сатып алу тыйым салынған, алайда, азаматтар заңнан ілік табуда. Донорларға бұның не үшін қажет және олардың мақсаты неде екені туралы Informburo.kz.

Донорлық ағзаны кезек тәртібінде алу өте ауыр. Біріншіден, трансплантологтарда материал жеткіліксіз, себебі Қазақстанда әлі де мәйіттік донорлық таралмаған, екіншіден, ағзаларды бөлу қатаң критерийлермен өтеді: ағзалар жастарға немесе ауыр халдегі науқастарға беріледі. Мұнда география факторы да үлкен рөл атқарады. Ауыстырып салуды қажет ететіндерде басқа да мүмкіндік бар, ол - қол ұшын беруге дайын туысқандарының көмегі. Кейде қазақстандықтар ағзаларды қара нарықта сату және сатып алу арқылы, заңды бұзып, өміріне қауіп төндіріп, ақырғы шараларға да барып жатады. Informburo.kz Қазақстанда заңды және жасырын донорлықтың қалай ұйымдастырылғаны және ресми трансплантология қандай проблемалармен кездесетіні туралы әңгімелейді.

Адамдар ағзаларды неге сатады?

"Бауырымның 40% бөлігіне дейін сатамын. II оң қан тобы", – мұндай хабарландыруды 27 жасар қызылордалық жазды. Ол дені сау екенін және қажет жағдайда медициналық тексеруден өте алатынына сендірді. Informburo.kz журналистімен мекен-жайын хабарландыруда көрсеткен электрондық пошта арқылы хат алмасу барысында ер адамның кредиттер мен микроқарыздар бойынша үлкен қарызы бар екені, сондықтан, донорлық үшін кемінде 20 мың доллар сұрайтыны анықталды. Алайда, аталған бағаны саудаласпай-ақ 17 мыңға дейін түсірді. Сатушы кепілдіктер туралы білгісі келді, алайда, қандай кепілдіктер қажет екенін анық түсіндіре алмады.

"Мені алдап кетпейтінін, үйге қайтып оралатынымды және тағы сол сияқты басқаларды білгім келеді. Интернетте донорға ақша төленбеген жағдайлар көп...", – деп жауап берді ол.

Донорлыққа байланысты алаяқтық бойынша қолжетімді статистика жоқ. Қазақстанда ағзаларды сатып алу да, сату да тыйым салынған және заңмен қудаланады, сондықтан, мәміле қатысушылары полицияға жүгінбейді және жағдайды жария етпейді. 2015 жылы 40 жасар алматылық қарызға батуына және өміріне қауіп төнуіне байланысты бүйрегін сатуға бел буғаны, алайда, отадан кейін оған уәде етілген 4 миллион теңге берілмегенімен қоса, ұрып-соғылып, құжатсыз далада қалтырылғаны туралы теледидар арқылы бүкіл елге жария еткен жағдай ерекшелік болды. Ер адам қаржылық проблемаларын шеше алмады және кредиторлардан жасырынуда. Жалғыз бүйрекпен шот бойынша төлемдер жасау және отбасын қамтамасыз ету ол үшін ауырлады.

Ағзаларды сатуға тыйым салу қаржылық проблемалары бар адамдарға сатып алушыларды іздеуге кедергі жасамайды.

"Оның денесінің қызуы күнделікті көтеріледі. Шынына келгенде, ол үйге де қонбайды, оны тауып алады деп қорқады. Қазір бір жерде жұмыс істейді. Әйелімен ажырасты деуге болады. Ата-анасы да қабылдамайды", – деді Informburo.kz донордың күйеу баласы.

Болған жағдай үшін ешкім жауапкершілік артқан жоқ. Заң бойынша дәрігерлер тірі адамдардың ағзаларын ауыстырып салуға тек бұл адамдар ағзаларын тегін беруге дайын жағдайда ғана кірісе алады. Алматылық донор бүйрегін ақысыз табыстау туралы еркін транспланттау алдында рәсімдеп, нотариалдық түрде куәландырды, сондықтан, реципиентке қандай да бір шағым түсіре алмады.

"Донордың құқықтары Халық денсаулығы туралы кодексте, Денсаулық сақтау министрлігінің транспланттау туралы хаттамаларында қашан толық реттелетін болады?" – деген сұрақты Джохар Утебеков Facebook парақшасында қойды.

Адвокат Facebook парақшасында ағзаларды сатудың тағы бір жағдайы жайлы айтты. Қазақстандық азамат өзімен шектеліп қоймай, жұбайына да бүйрегін сатуды ұсыну арқылы баю шешімін қабылдады. Түсірген ақшаның бір бөлігін ерлі-зайыптылар қарыз өтеуге жұмсауды, ал қалған бөлігіне автомобиль сатып алуды жоспарлады. Әйелі отаға дайын болған кезде, тексеру барысында оның жүкті екені анықталды. Отадан кейін азаматтың денсаулығы күрт нашарлап, көз жұмды, ал әйелі үш баламен қалды.

"Астанадағы және Алматыдағы дәрігерлер қайда қарайды? Бізде неге бүйректі оңай сатуға болады? Донорларды неге психиатрлар тексермейді? Есі дұрыс қандай адам бүйрегін көлікке ауыстырады? " – деген сұрақтар заңгерді ойға салды.

Донорлар қалай іріктеледі?

Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығында клиника әкімшілігінің сөздері бойынша, әлеуетті донорлармен арнайы этикалық комиссия жұмыс жасайды. Оның құрамына әр түрлі мамандар кіреді, олардың ішінде, донорлардың және пациенттердің жеке мәліметтерін тексеретін заңгерлер. Егер донор пациентпен туысқандығын мәлімдесе, осындай туысқандық дәрежесін анықтап, барлық ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын айқындайды.

Әлеуетті донорлар әр түрлі мамандардан өтеді

"Біз, хирургтар, туысқан болып табылатын донормен сұхбат жүргіземіз: оның моральдық тұрғыдан қаншалықты дайын екенін, белгілі мүдделіліктің жоқтығын анықтаймыз. Кәмелетке толмаған донорларды алмаймыз, донор – әкесі, анасы, ұлы, қызы болғанда барлығы түсінікті, бірақ кейде жиені немесе немесе немере ағасы донор болуға дайындалғанда біз олардың жақын туысқандарын, ата-анасын немесе жұбайларын шақыртып, олардың ұлы немесе ері ағзасын беруге ниетті екені білетіндерін сұрауға тырысамыз – деді Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының хирургия департаментінің жетекшісі Әділбек Мұқажанов.

2015 жылы бүйрексіз және ақшасыз қалған алматылық донорға Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығында ота жасалған. Оның айтуынша, ол реципиенттің алыс туысқаны болып табылатыны жайлы клиника қызметкерлерін оңай сендірді. Бұл қалай болғаны белгісіз, алайда, дәрігерлер қатемен жұмыс жасағандарын айтады.

Әділбек Мұқажанов / Фото informburo.kz

Ағзалар донорлығының түрлері

Донорлық екі түрлі болады: ағза тірі адамнан алынғанда және ағзалар мәйіттен ауыстырып салынғанда.

Заң тұрғысынан, тірі кезінде кез келген азамат донор бола алады. Жалғыз шарт – ағзаларды беру ерікті және ақысыз болуы тиіс. Донор мен реципиент арасында туысқандықтың болмауы отадан бас тарту негізі болып табылмайды. Бөтен, бей-жай емес адамдар басқа қалаларда тұратын балаларға көмегін ұсынған жағдайлар да болған – заң бұған тыйым салмайды. Ауыстырып салудан медициналық көрсетілімдер бойынша да бас тартылуы мүмкін. Өзіне де, басқаға да зиян келтіріп алмау үшін, донордың дені сау болуы тиіс.

Қазақстанда мәйіттік донорлық 2009 жылдан бастап рұқсат етілген. Заң бойынша, мемлекет аумағында қайтыс болған адам (қазақстандық немесе шетелдік) тірі кезінде оның ағзаларын алуға тыйым салатын құжатты рәсімдемесе, дәрігерлер оның донор болатынын немесе болмайтынын өздері шешуге құқылы.

Осыған қарамастан, қайтыс болған адамдардың туысқандары жиі қарсы болып жатады. Мысалы, 2017 жылдың жазында Ақтөбе қаласында қайтыс болғаннан кейін бүйрегі алынған пациенттің туысқандары бұл әрекеттер діндарлардың сезіміне тиді деген мәлімдеумен сотқа жүгінді. Бұл процесс сот шешімі жарияланғанға дейін аяқталды: медиктер келісім презумпциясын басшылыққа алып, заң аясында әрекет еткендерін хабарлағаннан кейін талапкерлер арызын қайтарып алды. Пациент тірі кезінде жазбаша бас тартуды рәсімдемеген еді.

Жазбаша түрде бас тартусыз, ҚР әрбір азаматы әлеуетті донор болуы мүмкін

Қайтыс болған пациенттердің ағзаларын алу туралы шешім қабылдау қажеттілігінен арылтып, медиктердің жұмысын жеңілдету және туысқандармен шиеленісті жағдайлар тудырмау үшін, әрбір азамат тірі кезінде тыйым салу немесе келісу түрінде өз еркін тұрғылықты орны бойынша емханада рәсімдей алады. Денсаулық сақтау министрлігінде дәрігерлердің пациенттің ауыр жағдайын пайдалана алатыны жайлы алаңдаудың қажеті жоқ, себебі медиктер пациенттің еркі жайлы ақырына дейін білмейтін болады дейді.

"Азаматтың ерік білдіруі туралы ақпаратты стационарлық медициналық ұйым дәрігерлері тек ми өлімін растаудан кейін ғана ала алады, осы кезге дейін дәрігерлерде азаматтың тіркелген ерік білдіруі болуы немесе болмауы туралы білмейді", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің редакцияның ресми сұрауына жауабында.

Мәйіттік донорлық қалай ұйымдастырылған

Мысалы, жол апатына түскен пациентте бас миының өлімі расталған кезде, оның басқа ағзаларының қызметін арнайы медициналық жабдық арқылы тағы бір аптадай сақтауға болады. Осы уақыттың ішінде ол донор бола алады.

"Адамдар өлгеннен кейін көрде оған ағзалар қажет емес екенін түсінуі тиіс, бұл ағзалар биоматериал ретінде жер астында ыдырайды. Бірақ адам қайтыс болғаннан кейін де кем дегенде тағы бес басқа адамның өмірін құтқара алады, адамның екі бүйрегін, бауырын, жүрегін, ұйқы безін ауыстырып салуға болады. Одан басқа, өкпені қосқанда 6 және көздің қасаң қабығын санағанда 7", – деп атап өтті ҰҒМО Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының жетекшісі Жақсылық Досқалиев.

Кәмелетке толмағандардан мәйіттік донорлық мәселесі ғана шешілмеген қалуда. Бір жағынан, қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып, қазақстандық дәрігерлер қайтыс болған балалардан және жасөспірімдерден ағзаларды ала алады, басқа жағынан, ерекшеліктерін есепке алатын арнайы құжат болмағанша, оны жасау мүмкін емес дерлік.

Используйте лучшие ресурсы HTML, CSS, JavaScript, чтобы получить идеальный код в ваших веб-проектах.

Жақсылык Досқалиев / Фото informburo.kz

"Елестетіңізші, адамның отбасында ауыр жағдай болды – баласы жол апатына түсті. Әрине, ол ауруханаға келіп, дәрігерге үмітпен қарап жалынады, баласының сауығып кетуін армандайды, сол кезде дәрігер: балаңыз қайтыс болды, біз оның ағзаларын аламыз дейді. Бұл ата-анасы үшін үлкен соққы болады, олар мұндай сөздерді тыңдамайды. Ересек пациенттің туысқандарына да бұл сөздер ауыр тиеді – олармен психологтар жұмыс жасайды, алайда, ересектер үшін осының барлығы жазылған, балаларға қатысты – әзірге ондай ережелер жоқ. Қазір нормативтік-құқықтық акт талқылау кезеңінде, егер ол қабылданса, біз ағзаларды балалардан алуға қадам жасай аламыз", – деп түсіндірді Жақсылық Досқалиев.

Донорлық ағзалардың тапшылығы

Қайтыс болғаннан кейін ағзаларын транспланттауға мұра етіп қалтыратын азаматтардың саны жылдан жылға өсіп келе жатқанына қарамастан, бұл транспланттауды қажет ететіндердің жартысының да проблемасын шешпейді. Кейбір пациенттер ота жасауға кезегін күтпей қайтыс болады.

"Қазақстанда мәйіттік донорлық менталитет немесе адамдардың хабарсыздығы себебінен болар, әлі дамымаған. Мысалы, қазір, транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының мәліметтері бойынша күту парағында бүйрек ауыстыруды шамамен 3 000 адам күтуде. Бауырды шамамен 523 адамға транспланттау қажет. Жүректі транспланттау 114 адамға қажет. Әрине, бұл өте көп, ал біз аз ота жасаймыз", – деп түсіндірді Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының хирургия департаментінің жетекшісі.

"Туысқан донорлары болмаса, аурудың асқынуына байланысты олардың көпшілігі кезектеріне жетпейді", – деп толықтырды ол.

29 жасар Нұржан Оразалиевтың өмірін бауыры құтқарды. Ағзаны транспланттау - көмектесудің жалғыз жолы екені белгілі болғаннан кейін бірден жақын туысы оған бүйрегін берді. Дәрігерлердің айтуынша, ота сәтті өтті және енді ағалы-інілер денсаулығын күтетін болса, олардың өмірлерінің сапасы екі бүйрегі бар адамдардыкінен нашар болмайды. 

Нұржан Оразалиев / Фото informburo.kz

"Кезекке тұрған жоқпын – лайықты ағза табылғанша ұзақ күту қажеттігін бізге бірден ескертіп айтты. Туысқанның ағзасын алған дұрыс деп те айтты, сондықтан, бауырым бірден донор болуға келісті", – дейді пациент.

Ұқсас жағдай Гауһар Жақашевамен болды: оған бауырының бір бөлігін жиені берді. Ағзаның жарамдылығы мінсіз болып, енді, дәрігерлердің болжамдары бойынша, әйел адам оңалуға тиіс. Туысқандар шынымен ең жақсы донорлар саналады, себебі генетикалық ұқсастық алмастырылған ағзаның басқа организмде бейімделуінің мүмкіндіктерін арттырады.

"HLA (адамның тіндік үйлесімділігі жүйесі. – Авт.) жүйесі бар. Кем дегенде алты параметр сәйкес болуы тиіс. Егер олар сәйкес келмесе, оперативті араласудың нәтижелілігінің мүмкіндігі өте төмен болып, ауыстырып салу жасалмайды. Транспланттау донор мен реципиенттің сәйкес келуі 70% жоғары болғанда ғана жасалады", – дейді Жақсылық Досқалиев.

"Отаға дейінгі талдаулар донор мен реципиент арасындағы үйлесімділікті көрсеткенімен, ауыстырып салынған ағзаның күрт қабылданбауы жағдайлары болады. Бізде бүйректі ауыстырып, бірнеше күннен кейін ағзаны алып тастауға мәжбүр болған екі жағдай болды. Созылмалы қабылдамау жағдайлары болады – ол, мысалы, пациент препараттарды қабылдау режимін бұзғанда немесе қабылдамаудың себебі ауруда болған кезде. Бірақ қазір онымен күресудің әдістемелері бар", – деп түсіндірді Әділбек Мұқажанов.

Қандай да бір себептермен туысқандары донор бола алмаған кезде, пациент мәйіттік донорлыққа үміт артады. Бұл жағдайда аман қалудың мүмкіндіктері айтарлықтай төмендейді. Ағзалар бөлінген кезде кезектен бастап донор мен реципиенттің үйлесімділігіне дейінгі көптеген факторлар есепке алынады.

"Біз жас пациенттерге және бұдан әрі күте алмайтын ауыр халдегі науқастарға артықшылықты қараймыз. Егер екі бүйрек бар болса, біреуін міндетті түрде балаларға, үйлесімділік пайызы жоғары болса, екеуін де балаларға береміз. Қабылдамау мүмкіндігі ең төмен болатындай, үйлесімділікке де қараймыз", – деді Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының хирургия департаментінің жетекшісі.

Қара нарықтың қатысушылары

Ағзаларды сату туралы хабарландыруларды әдетте 18 жастан 30 жасқа дейінгі жастар жазады. Олардың өз істерін толық түсінетіндері не түсінбейтіндері күмәнді және осы сұрақ бүйректі сатудан кейін көлік сатып алуды жоспарлаған отбасы жайлы жазған адвокат Джохар Утебековты да ойландырды. Медицина қауымдастығы қолданыстағы заңнамамен толық келіседі: дәрігерлер бұзушылықтар үшін мәміленің нәтижесінен тәуелсіз, сатып алушыны да, сатушыны да жазалау қажет деп санайды.

Дәрігерлер бұзушылық жағдайында екі тарапты да жазалауды қолдайды

"Заң тұрғысынан бұл дұрыс. Адамдар біздің құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды түсінуі тиіс. Егер заң ағзаларды сатуға тыйым салса, оны жасамау қажет, ол ұрлықпен тең", – деп санайды Жақсылық Досқалиев.

"Ол кішкентай бала емес, адам бұл қадамға саналы түрде барады және ертең шындық ашылса, ол ағзасымен бірге бостандығынан да айырылатынын түсінуге тиіс. Бұл әділ, осылай болуы тиіс деп санаймын, бұл менің пікірім", – деді Әділбек Мұқажанов.

Ағзаларды транспланттау бойынша оталар Қазақстан азаматтарына тегін жасалады. Шетелдіктер үшін бұл шара 3 бастап 4 млн теңгеге дейін құрайды. 2017 жылы отандық транспланттау орталықтарының негізінде шетел азаматтарына тірі донордан 30 артық бүйрек транспланттауы жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, заң бұл ағзалар кезектегі қазақстандық пациенттерге жарамаса, мәйіттің ағзаларын шетелдіктерге транспланттауға тыйым салмайды.

Іс жүзінде отандастар арасында бір де бір жарамды реципиенттің талыбмауы қиялмен бірдей. Одан басқа, мәйіттік донорлық ерекшелігін есепке алумен, ағзаларды ең қысқа мерзімде ауыстыруды қажет етеді, сондықтан оларды географиялық жағынан ең жақын орналасқан пациенттерге береді, әдетте ол жергілікті клиникалар пациенттері.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау