KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Толығырақ

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Елімізде трансплантология саласы күн санап дамып келе жатыр. Әлемдік стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету – мемлекеттік тараптан халыққа ең үлкен көмек. Бірақ бұл салада жақсылығымен қатар қиындықтары бар екені мәлім. Осы саладағы жаңалықтар туралы студия қонағы профессор Жақсылық Досқалиев сөз қозғады. Жақсылық Досқалиев: Әр елдің медицина саласындағы көмегі трансплантация жасауымен өлшенеді. Осыған орай біздің дамыған елдің қатарына кіреміз деген үлкен бағдарламаларымыз бар. Қазақстанда 2012 жылдан бастап трансплантация саласы өте жақсы дамып келе жатыр. Атап кетсек, елімізде 7 орталықта трансплантация жасалады. Қуантарлық жағдай, соңғы 2-3 жылдың ішінде кішкентай балалардың ағзасын ауыстыруға қазақстандық дәрігерлердің қолы жетті. Бүгінгі таңда 1600-ден астам адамға ағзасын ауыстыру отасы жасалды. 2700 адам бауыр ауыстыруға мұқтаж. Ең күрделі ота – жүрек, өкпе, бауыр ауыстыру. Қазақстанның заңнамасына сәйкес тірі адам донор бола алады. Ол туысы болу міндетті емес. Генетикалық байланыс пен адамның ағзасының құрамы бір-біріне сәйкес болуы керек. Тағы бір қуантарлық жайт – қазақстандық медициналық туризм. Шетелден келіп, елімізде ота жасата алады. Біздің медицина саласы дамыған елдерден төмен емес.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау