KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Толығырақ

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

«Ағзалар мен тіндердің қайтыс болғаннан кейінгі донорлығы өлімнің арғы жағына да жалғасатын махаббаттың көрінісі болуы мүмкін. Мұндай сый немесе мирасты адамның міндеті деп санауға болмайды. Сондықтан донордың тірі кезіндегі ерікті келісімі эксплантацияның заңдылығы мен моральдық қолайлылығының шарты болып табылады» (Православие Шіркеуінің трансплантологияға көзқарасы).

«Ағзаны ауыстырып қондыру шын мәнінде қажетті болуы тиіс. 2014 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы ғалымдар кеңесінің отырысында қабылданған Пәтуәға сәйкес, дәрігерлер науқасты емдеу үшін тірі немесе өлі адамның сау ағзаларынан басқа амал жоқ екенін және бұл науқасқа пайда әкелетінін нақты көрсетуі тиіс.

Мәселен, 2021 жылғы 10 қыркүйекте Орал қаласында қайтыс болғаннан кейін донордан мультиағзалық алу алғаш рет өтті.

Күту парағындағы пациенттерге транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донордың жақын туыстарынан оның ағзаларын алып қоюға келісім беруі жоғары гуманизм мен азаматтықтың актісі болып табылады, бұл әрқайсымызға қайтыс болғаннан кейін ағзалар донорлығына көзқарасымызды және дүниетанымымызды қайта қарауға мүмкіндік береді.

Ағзаларды алып қою нәтижесінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының транспланттау орталықтары Қазақстан азаматтары үшін 2 донорлық ағзаны ауыстырып салуды жүзеге асырды.

Біз қайтыс болғаннан кейінгі донордың туыстарына олардың өмірлерінің қиын кезеңінде қабылдаған, күту парағындағы отандастарымызға жаңа өмір сыйлауға көмектесетін шешімі үшін алғыс білдіреміз.

Коронавирустық инфекциямен байланысты ағымдағы жағдайға қарамастан, транспланттаушы үйлестірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде ықтимал донорларды анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Коронавирустық инфекция бойынша шектеу іс-шаралары трансплантаттаулар санына теріс әсер етті.

2021 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 3365 адам, оның ішінде 104 бала донорлық ағзаларды ауыстырып қондыруға мұқтаж.

Өкінішке орай, 2021 жылдың 8 айында күту парағы қайтыс болу себебінен 235 адамға азайды.

Қазақстан азаматтарына трансплантаттау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен тегін орындалады.

 

Транспланттауды және жоғары

технологиялық медициналық қызметті үйлестіру

жөніндегі республикалық орталық

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау