KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Толығырақ

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Қазақстанда мәйіттік донорлық тоқтатылды дерлік. Бұл жүрегі мен өкпесін ауыстырып қондыруға мұқтаж жандарды өмір сүру мүмкіндігінен айырады.

Қазақстандағы мәйіттік транспланттауға байланысты көптеген мифтер бар. Қоғамның бір бөлігі келісім презумциясына – адамның тірі кезінде бас тартуын құжаттамаған жағдайда оның ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз алуға қарсы. Қарсылық білдірушілердің дауыстары Мәжілісті Халық денсаулығы туралы жаңа кодекстің жобасына қайтыс болғаннан кейінгі донорлық үшін туыстарының келісімін алу қажеттілігі туралы түзету енгізуге мәжбүрледі. Келісім презумпциясына қарсылық білдірушілердің бас аргументі – дәрігерлердің пациенттерді ағзалар үшін өлтіруі және ол үшін ақша алуы.

Біз қазақстандық трансплантолог Мылтықбай Рысмахановпен әңгімелестік. Ол «Ақтөбе медицина орталығы» МКК жоспарлы хирургия және трансплантация бөлімшесінің меңгерушісі. Дәрігер мәйіттік трансплантацияның кезеңдері және ол жерде не себепті сыбайлас жемқорлық болмайтыны жайлы айтып берді.

Өкпесі мен жүрегін ауыстырып қондыруға мұқтаж адамдарда Қазақстанда тірі қалуға мүмкіндік жоқ

2020 жылдың ішінде дәрігерлер тек бір адамның ағзаларын алды. Донор – бас миының өлімі расталған 31-жасар Павлодарлық ер адам болды. Оның арқасында бес адам жаңадан өмір сүре алатын болады. Қайтыс болған ер адамның туыстары келісімін беріп, қазақстандық хирургтар оның бес ағзасын алды. Соңғы рет Қазақстанда қайтыс болған донордың ағзалары 2019 жылдың тамыз айында алынды. Яғни Қазақстанда мәйіттік транспланттау қазір жоқ дерлік.

Қолданыстағы заңнама медиктердің бас миының өлімі расталған адамнан ағзаларды туыстарының рұқсатынсыз алуға құқылы екенін білдіретін келісім презумпциясын қарастырады. Алайда, іс жүзінде заң бойынша әрекет ету мүмкін емес болып шықты.  Дәрігерлер қайтыс болған адамның туыстарының қудалауынан қорқып, әрқашан рұқсат сұрайды және әрқашан дерлік бас тартуға жолығады.

2017 жылы Қазақстанда мәйіттік донорлықтың қарқынды дамуы жайлы айтуға болар еді. Ол кезде бір жылдың ішінде 32 қайтыс болған адамның ағзаларының көмегімен 100 артық реципиенттің өмірі құтқарылды. Бірақ, қайтыс болған адамның туыстары оның ағзаларын заң бойынша, рұқсат алусыз алған дәрігерлерге сотқа берген Ақтөбеде болған жанжалдан кейін мәйіттік транспланттау төмендеп, қазір жүргізілмейді деуге болады.

"Біздің Денсаулық туралы кодекске сай, дәрігерлер бас миының өлімі расталғаннан кейін, бұл адам тірі кезінде бас тартпаған жағдайда, оның ағзаларын қандай да бір рұқсатсыз ала алады. Осы заңның қолданылуының 11 жылғы кезеңінде тек бір рет – 2017 жылы Ақтөбеде ағзалар туыстарының рұқсатынсыз алынды, яғни, дәрігерлер заң шеңберінде әрекет етті. Алайда осы жағдайдан кейін қоғам қайраткерлері мен жалған белсенділердің бастамасымен қазақстандық дәрігерлерді ІІМ органдары мен прокуратура – дәрігерлердің заң баптарын орындауы үшін тексере бастады. Заңға қарама-қайшылық туындады – қоғам дәрігерлерді заңды орындаулары үшін сөкті", – дейді Мылтықбай Рысмаханов.

Бас прокуратура және ІІМ қызметкерлері алудың заң шеңберінде орындалғаны туралы қорытынды шығарып, бір де бір дәрігер жауапкершілікке тартылмады.

Рысмаханов не себепті қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту қажет екенін түсіндірді. Егер бүйректі немесе бауырды биологиялық параметрлері бойынша лайықты және ағзасын беруге дайын адамды табу арқылы тірі донордан ауыстырып қондыруға мүмкін болса, жүрек немесе өкпені науқас тек қайтыс болған адамнан ғана ала алады. Дәрігер Қазақстанда жүрегін немесе өкпесін ауыстырып қондыруға мұқтаж жандардың тірі қалуға мүмкіндігі жоқ екенін атап өтті.

"Мысалы, бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан адамның таңдауы бар – диализге бару немесе донор болуға келісетін туысын табу. Жүректі ауыстырып қондыру қажет болса, мұндай таңдау жоқ. Тек мәйіттік донорлық қарастырылады. Сондай-ақ, Қазақстанда балалардың ағзаларын мәйіттік алу жоқ. Ересек қайтыс болған донор болған жағдайда да балаға оның жүрегін ауыстырып қондыруға болмайды, себебі оның көлемі балаға жарамсыз. Үлкен жүрек кішкентай кеуде қуысына еш жолмен ауыстырып қондырылмайды. Демек, балаларды қоса, барлық пациенттердің Қазақстанда тірі қалуға мүмкіндігі жоқ", – деп атап өтеді Мылтықбай Рысмаханов.

Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының ақпараты бойынша, ағзаларды ауыстырып қондыруға 3,5 мыңнан артық қазақстандық мұқтаж. Олардың ішінде жаңа жүрек 150 артық пациентке қажет, олардың жетеуі - балалар.

Скриншот с сайта transplant.kz

 

Мәйіттік ауыстырып қондырудың кезеңдері. Бас миының өлімі және донорды зерттеу

Мылтықбай Рысмаханов дәрігерлердің әлеуетті донорды ағзалары үшін қасақана өлтіре алады деген пікірдің орынсыздығын атап өтеді. Бұл жағдай теория жүзінде де, тәжірибе жүзінде де мүмкін емес. Мәйіттік донордан ағзаларды алу процесіне әр түрлі өзара бейтаныс және тәуелсіз бригадалардан шамамен 100 адам қатысады:

  1. Бас миының өлімін растау кезеңі (невропатологтар, реаниматолог-анестезиологтар, нейрохирургтар, кейбір жағдайларда сот-медицина сарапшылары және басқалар).
  2. Әлеуетті донорды сәйкестендіру кезеңі («Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының» өңірлік және республикалық деңгейдегі қызметкерлері).
  3. Әлеуетті мәйіттік донорды зерттеу кезеңі, бұл ретте ішкі ағзаларының жағдайын бағалау жүргізіледі (емдеуші дәрігер, «Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының» қызметкерлері, әр түрлі зертханалар қызметкерлері, Республикалық иммунологиялық зертхана қызметкерлері, неврологтар, нефрологтар, УДЗ дәрігерлері, рентгенологтар және т.б.); зерттеу нәтижелері жол берілетін болған жағдайда Нұр-Сұлтан қ. орналасқан «Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының» бас кеңсесінің үйлестірушілері алумен кім айналысатынын анықтайды, ағзаларды алу орны мен уақытын тағайындайды.
  4. Ағзаларды алу кезеңін әр түрлі транспланттау орталықтарынан келетін дәрігерлер мен мейірбикелер жүргізеді (әдетте бірнеше бригада). Мысалы, жүректі алу үшін ғана кардиохирургиялық емханадан бес қызметкерден 15 қызметкерге дейін келеді.
  5. Тасымалдау кезеңі Республикалық санавиация және ІІМ ЖПҚ қызметкерлерінің (диспетчерлер, жүргізушілер, ұшқыштар, инспекторлар және басқалар) қатысуымен өтеді.
  6. Ағзаны ауыстырып қондыру бойынша операция кезеңі әр түрлі емханаларда және тіпті әр түрлі қалаларда өтеді (бес-алты хирург, анестезиологтар, нефрологтар, мейірбикелер, санитарлар, патологоанатомдар, УДЗ дәрігерлері, зертханашылар, Республикалық және облыстық қан қызметтерінің қызметкерлері және басқалар).

Мәйіттік қайтыс болғаннан кейінгі донорды анықтау кезінен бастап ағзаларды алатын хирургтардың келуіне дейін мәйіттік транспланттаудың барлық кезеңдерін Денсаулық сақтау министрлігінің транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық бақылайды. Орталықтың үйлестірушілері еліміздің барлық өңірлерінде және Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясы бар емханаларда ғана жұмыс істейді. Көптеген азаматтардың пікіріне қарамастан, пациенттің бас миының өлімі туралы қорытындыға үйлестіруші де, трансплантологтар да әсер ете алмайды.

"Бас миының өлімін пациент орналасқан аурухананың комиссиясы растайды. Оның құрамына емдеуші дәрігер, реаниматолог, бас дәрігердің орынбасары, невропатолог, хирургтар кіреді. Оған транспланттаумен айналысатын адамдардың қатысы жоқ. Олар сол сәтте бұл пациент туралы білмейді де. Бас миының өлімі адамның ағзасын алу үшін емес, оның қайтыс болуы туралы қорытынды ретінде расталады. Ал оның ағзаларының алынуы немесе алынбауына – пациенттің емдеуші дәрігеріне қатысы жоқ, бұл олардың құзыретіне жатпайды. Бас миының өлімі туралы қорытындыдан кейін ғана транспланттау жөніндегі республикалық орталықтың үйлестірушісі жұмысын бастайды", – деп түсіндірді дәрігер.

Ол бас мының өлімі – бас ми қабығының жасушаларының қайтарымсыз семуі екенін атап өтеді. Одан кейін адам ешқашан «тірілуі» мүмкін емес.

Үйлестіруші қордан қайтыс болған адамның тірі кезінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартуын тексереді. Мұндай құжат болмаса, үйлестіруші ағзаларды алуға туыстарынан рұқсат сұрайды. Біреудің келісімінсіз алудың заңдылығына қарамастан, қазір барлығы осылайша әрекет етеді. Егер рұқсат алынған болса, қайтыс болған донорды жарамдылыққа– АИТВ, мерез, барлық инфекцияларға, ісіктердің болуына зерттейді.

Егер донордың ағзалары бұл тексеруден өтсе, республикалық орталық алудың қашан болатынын, қандай трансплантологтардың, қай емханадан және қаладан келетінін және т.б. шешеді. Сонымен бір уақытта реципиенттермен үйлесімділікті анықтау үшін донорды генетикалық типтеуге алу жүргізіледі.

"Бүйрекке күту парағында 2,5 мыңнан артық қазақстандық тұр. Ағзаның қалғанынан артық кімге барынша қонымды болатынын анықтау қажет. Бұл мәселені Trinis автоматтандырылған жүйесі шешеді. Ол бірнеше жыл бұрын енгізілген. Донордың генетикалық талдауының қорытындысы бойынша бұл жүйе ең лайықты және география жағынан жақын орналасқан реципиентті іріктейді. Егер донор Ақтөбеде пайда болса, ағза мысалы, Семейге шығарылмайды. Жүйе жақын орналасқан реципиенттерді таңдайды. Яғни, трансплантологтар реципиент таңдау процесіне де еш қатыспайды", – дейді Мылтықбай Рысмаханов.

Генетикалық талдаулардан басқа, адамның қан тобы мен физикалық параметрлері бойынша үйлесімділік болуы тиіс.

"Бауырды ауыстырып қондыру кезінде адамның параметрлері де: салмағы, бойы, құрсақ орамы есепке алынады. Жүрек те осы параметрлерді есепке ала отырып ауыстырып салынады", – дейді дәрігер.

Ағзаларды алу

Бұдан әрі республикалық үйлестіру орталығы трансплантологтарды ағзаларды алуға жіберетін емханаларды және ағзаларды алу уақыты анықтайды.

"Белгілі ағзаға әрбір орталық өз бригадасын жібереді. Бір дәрігер шабаданмен келіп, ағзаны алып кетті деген жоқ. Бұл күрделі процедура, барлық шарттар орындалуы, қажетті жабдық болуы тиіс. Санитариялық қызметкерлерден бастап, хирургтарға дейін арнайы дайындалған бригадалар қажет. Күнделікті аппендицитті кесетін адам ағзаны ала алмайды", – деп атап өтті Мылтықбай Рысмаханов.

Ағзаны барынша жылдам алу қажет, оған әдетте шамамен 2-2,5 сағат кетеді. Алынған ағза дәріханада сатылмайтын арнайы ерітіндісі бар контейнерде сақталады. Оны бірыңғай дистрибьютор сатып алады және тек Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясы бар трансплант-емханаларға ғана береді. Қарапайым ауруханаға бұл консервантты ешкім бермейді.

Содан кейін ағза тіршілік ету қабілетін жоғалтқанша ауыстырып-қондыру бойынша операцияны шұғыл орындау қажет. Жүрек 4-6 сағат, бауыр 8-12 сағат, бүйрек – 48 сағатқа дейін сақтала алады. Неғұрлым көп уақыт өтсе, ағзаның қызмет етуі кейін соғұрлым нашар болады. Сондықтан барлық бригадалардың үйлесімді және жылдам жұмысы өте маңызды. Мылтықбай Рысмаханов ағзаның кедергісіз және барынша жылдам жеткізілуі үшін алынған ағзаны тасымалдайтын дәрігерлермен ілесіп жүретін ЖПҚ қызметкерлері де болысатынын айтты.

Ағзаларды ауыстырып қондыру

Trinis жүйесі ағза жарамды болатын бірнеше реципиентті іріктей алады. Олардың барлығы ағза жеткізілуі тиіс трансплант-емханаға шұғыл шақырылады. Осы бірнеше адамның арасынан трансплантолог дәрігерлер операцияның кімге жасалатынын анықтайды. Биологиялық параметрлері жағынан ағзаның жарамды болуымен қатар, реципиенттің жағдайының операцияға дайын болуы да маңызды.

"Мысалы, біреудің баспа ауруы және дене қызуының жоғарылауы болуы мүмкін. Біреу тұмауратуы және пневмонияға шалдығуы мүмкін. Мұндай адамдарға ауыстырып қондыруды жасауға болмайды. Реципиент операцияға дайын болуы тиіс және дәрігер денсаулық жағдайы ең жақсы адамды таңдайды", – дейді Мылтықбай Рысмаханов.

Ағзаны ауыстырып қондыруды қайтыс болған адамнан ағзаны алған емес, басқа бригада орындайды. Орта есеппен жүректі транспланттау бойынша операция 12-17 сағатқа созылуы мүмкін. Мұндай ұзақ операция кезінде хирургтар бірін бірі алмастырады.

"Транспланттау – көлемді және көп еңбекті қажет ететін процесс. Бір адам алу мен ауыстырып қондыруға 12 сағат қатыса алмайды, оның жұмысының сапасы жоғалады. Сондықтан дәрігерлер бірін бірі алмастырады", – деп атап өтті ол.

Жалпы алу және ауыстырып қондыру процесі 12 сағаттан бастап бірнеше тәулікке дейінгі уақытты алады, әрбір кезең құжатталады, тіркеледі және Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің уәкілетті органдарымен бақыланады және мемлекетпен қаржыландырылады.

"Мәйіттік донордан ағзаларды алу операциялары тек сәйкес лицензиясы мен жоғары технологиялық медициналық жабдығы бар емханада ғана жүргізіледі. Мұндай жағдайларда адамдарды бөлшектеу теория жүзінде де, тәжірибе жүзінде де мүмкін емес. Екі-үш дәрігердің ағзаларды Ақтауда немесе Оралда алып, оларды жасырын түрде ұшақпен Алматыға әкеліп, оңаша емханада генетикалық талдаусыз үнсіз ауыстырып қондыру жүргізуі мүмкін емес", – деп атап өтті трансплантолог.

Әлемдік статистика 85-90% жағдайларда мәйіттік транспланттаудан кейінгі бес жылдық өміршеңдікті көрсетеді.

Трансплантолог бір донордың екі бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек арқылы кемінде бес адамның өмірін құтқара алатынын атап өтті. Соңғы уақытта сондай-ақ көздің қасаң қабығы мен ұйқы безін алу тәжірибесі қолданылады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Атырау облысында ғана жыл сайын 350-400 адам инсульттен қайтыс болады және осы қайтыс болған адамдардың 1/9 бөлігі Атырау өңірінде тұрақты гемодиализдегілердің донорлық бүйректегі қажеттілігін толықтай жаба алады", – дейді Мылтықбай Рысмаханов.

Мәйіттік донорлық туралы аңыздар

Алайда, қоғам мәйіттік транспланттауды қабылдағанша, жүздеген қазақстандықтар ағзаларын күтумен өмірден озады. Қазақстанда бұл бағытты дамытуға көптеген аңыздар кедергісін тигізуде. Олардың бірі: реципиенттердің ағзалар үшін дәрігерлерге ақша төлеуі. Мылтықбай Рысмаханов ауыстырып қондыруға мұқтаж пациенттердің көпшілігі – табысы орташа көрсеткіштен төмен екенін, мемлекеттің оларға қала ішіндегі диализге барудың жол ақысын да төлейтінін айтып, бұл жаңылысты жоққа шығарады.

"Олар өздерін асырай алмайды. Ал ақшалары барлар осында күтіп отырмайды, заң жүзінде транспланттау рұқсат етілген басқа мемлекетке барып, сол жерден жасатады", – дейді дәрігер.

Көп жағдайда бұл тақырыпта жаңылыстыратындар арасында БАҚ болады. Әлеуметтік желілерде осыдан 2-3 ай бұрын 2012 жылы Данияда комада болған, дәрігерлер ағзаларын алуға дайындаған қыздың тірілуі туралы орыс тілді жаңалықтар желісінің біріндегі хабарлама талқыланды. Қазақстандық дәрігерлерге қатысты мысқылшыл түсініктемелер көп күттірмеді.

Скриншот с сайта medalternativa.info

Мылтықбай Рысмаханов еуропалық ғылыми сайттардағы ақпаратпен танысып, бұл жағдайды зерттеді. "Іс жүзінде оның емдеуші дәрігері, нейрохирург пациенттің ата-анасына ауыр жағдайды түсіндіріп, халінің нашарлауы және бас миының өлімі расталуы жағдайында, Данияда қабылданғандай, ағзалар донорлығының мүмкіндігі туралы ойлануға дайын болу қажеттілігін айтқан. Солайша, бұл ауруханада пациенттің бас миының өлімі расталмаған, ағзаларды алуға дайындалмаған. Алайда, журналистер бұл жағдайды теледидардағы ток-шоуға шығарып, оны таңғаларлық оқиға ретінде ұсынған (пациенттің өз бетімен тіріліп, емдеуге қарамай комадан шықты дегендей). Бұл ретте журналистер қоғамнан аурухананың барлық мамандары пациенттің жазылуы үшін қолынан келгеннің барлығын жасағанын жасырып, оның медициналық қызметкерлердің қатысуынсыз өзі комадан шыққаны туралы жалған ақпарат таратты. Бас миының өлімі расталғаны туралы қорытындының жоқтығын жасырмаса, оларда дүрліктірер материал болмас еді. Өкінішке орай, ақпараттық кеңістікте мұндай жалған мақалалар мен ақпарат жетерлік", – дейді дәрігер. Келісім презумпциясы Қазақстанда келісім презумпциясы 2009 жылдан бері заңдастырылған. Бұл норма трансплантацияның дамуы үшін үдемелі болып саналады. Кеңес Одағында «Абсолютті келісім презумпциясы» әрекет еткенін, яғни, барлық қайтыс болған адамдар халықтың меншігі болып саналғанын, ал мәйіттік ағзалардың транспланттауға немесе ғылыми-білім беру зерттеулерінде анатомиялық сый түрінде пайдаланылғанын атап кеткен жөн. Қазір Парламентте талқыланып жатқан Халық денсаулығы туралы кодексте қолданыстағы келісіп презумпциясын шектеу және туыстардың келісімін алу қажеттілігі туралы норманы заңдастыру жоспарлануда. Трансплантологтардың пікірінше, бұл түзету саланың дамуындағы кері қадам. Мылтықбай Рысмаханов келісім презумпциясының қолданылуының 11 жылы ішінде оның ағзалар үшін дәрігерлерге өлтіруге баруға мүмкіндік беретіні жайлы қоғам қайраткерлерінің пайымдауы расталмағанын атап өтеді. Осы уақыттың ішінде пациенттерде бас миының өлімін заңсыз растаудың бір де жағдайы болмаған. Сонымен қатар, мәйіттік транспланттаудың қарқынды дамуы кезеңінде – 2015-2017 жылдары Қазақстанда керісінше бас миының тамырлы ауруларынан өлім көрсеткіші төмендеді. Ол туралы Денсаулық сақтау министрлігінің инсульттен қайтыс болу көрсеткіші туралы статистикалық деректері дәлелдейді: 2015 жылы – 100 мың халыққа 71,8 өлім жағдайы; 2016 жылы – 66,6; 2017 жылы – 65,7 өлім жағдайы. "Сондықтан қазақстандықтарды «ағзаларға бөлшектеу» қаупінен қорғаудың негізсіз қажеттілігі туралы айтатындардың ұстанымы түсініксіз. Біздің қоғамда өкінішке орай, мәйіттік донорлық проблемасына өмір сүру үшін ауыстырып қондырудан басқа мүмкіндігі жоқ әлі тірі отандастарымыз жағынан емес, қайтыс болған «әлеуетті» донорлардың туыстарының жағынан қарайды. Барлығы «блогерлер» мен «лайк» жинайтын әлеуметтік желілердің жұлдыздарына сенеді. Ал күнделікті транспланттаудың қажетті амалдарымен кездесетін медицина қызметкерлері, ағзаларды күту парағындағы пациенттерді, ауыстырып қондырудан өткен және медицина қызметкерлерінің зор еңбегін өз көзімен көрген реципиенттерді ешкім тыңдамайтын тәрізді", – деп таң қалады дәрігер. Жағдайды қалай өзгертуге болады? Мылтықбай Рысмахановтың ойынша, істің болмысын тек дәрігерлер ғана өзгерте алады. Бүкіл қоғам қосылуы тиіс. Мәйіттік донорлықты дамытудың маңыздылығы туралы күнделікті айту қажет. Бұған танымал адамдар, әртістер, спортшылар, еңбек сіңірген қайраткерлер, имамдар және адамдардың сенім білдірген тұлғалары үлкен үлес қоса алады. Мәйіттік донорлық туралы әлеуметтік роликтер теледидарда және тіпті кинотеатрларда көрсетілуі тиіс, бұл жағдайда ғана қоғам біртіндеп оны түсініп, қабылдай алады, деп санайды Мылтықбай Рысмаханов. "Иранның жоғарғы көшбасшысы қайтыс болғаннан кейін оның ағзаларын алуға рұқсатқа бірінші болып қол қойды, осыдан кейін оның қолдауымен мәйіттік транспланттау алға жылжыды. Исламдық республика болып табылатынына қарамастан, бауыр мен жүректі мәйіттік транспланттау бойынша бірінші орында. Кезінде испан королі де қолдаушылық көрсеткен. Бұл елде шіркеулерде: «Ағзаларыңды аспанға бірге алып кетпе, олар жер үстінде қажет» деп жазылған. Ұлыбританияда кейбір діншіл журналистер қоғамды «донор болудың – қалыпты жағдай, ал донорлықтан бас тартудың – өзімшілдіктің белгісі саналуы тиістігін» түсінуге үндейді", – дейді Мылтықбай Рысмаханов. Дәрігердің айтуынша, бұл мәселеде қазақстандық имамдар ешқашан бастаманы өз қолдарына алмаған. "Олар өздерінің оқшау әлемінде өмір сүретіндей және отандастарына көмектесуге тырысып көруге де амал жасағылары келмейтіндей. Науқастарды ауруына бой ұсынып, шыдамдылыққа шақырумен ғана қалады. Қоғамдық пікірталастарға қатысса да, имамдарымыз көбінесе бас миының өлімі расталғаннан кейін ағзаларды алуға қарсылық білдіреді. Мұндай ұстанымдарын исламның ережелеріне өзіндік түсінік берулерімен түсіндіреді. Алайда, басқа исламдық мемлекеттерде жағдай өзге. Олардың пікірінше, Қазақстанда басқа, оңаша ислам ба, немесе Иран не Сауд Арабиясында мұсылман дінінің ауыстырып қондыруға қатысты ережелерін білмейді, әлде дұрыс түсінбейді ме? Көптеген елдерде донордың немесе оның туыстарының қайтыс болғаннан кейін ағзаларын мұқтаж науқастарға қалдыру ең жоғары рухани және қайырымды әрекет болып табылады және Ислам тілінде оған«ихра» немесе «сауап» деген түсінік беріледі. Түркияда ағзалар балалардан да алынады және оған ешкім қарсылық білдірмейді, – дейді трансплантолог. Жағдайды өзгертудің екінші тәсілі – Беларусь Республикасының президенті тәрізді, «жігерлі шешім» қабылдау. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жағынан табысты бұл елде қайтыс болған адамдар мемлекет меншігі болып саналады.

 

Дереккөз https://informburo.kz/stati/-net-takogo-chto-priehal-odin-vrach-s-chemodanom-zabral-organ-i-ushyol-chto-nado-znat-o-trupnom-donorstve.html

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау