Байланыс орнату үшін мүмкіндік табу:

Әлеуетті донордың туысқандарымен кездесу үшін уақыт және ыңғайлы орын табу;

Пациенттің жағдайы туралы ауқымды ақпарат беру, емдеу барысында бұл ақпаратты толықтыру;

Сөйлесу кезінде зерттеу материалдарын барынша артық пайдалану және мүмкіндігінше оларды көрсету;

Пациенттің динамикадағы жағдайы жайлы жақсы ақпараттандырылған отбасы өлім жағдайы туралы ақпаратты жеңілірек қабылдайды;

Міндетті түрде мәдени және діни көзқарастарды есепке алу;

Міндетті түрде қолдау көрсету, физикалық байланыс орнату;

Пациенттің өлімі туралы ақпаратты туысқандарымен үнемі байланыста болған, дайындалған команда мүшелері хабарлауға тиіс;

Туысқандарының өлімге қатысты туындайтын барлық сұрақтарына жауап беру маңызды;

Сөйлесу кезінде бірқалыпты салмақты болу – болған жағдайда Сіздің кінәңіз жоқ.

Адамдардың қасіретіне жанашырлық танытыңыз.

Өтініш жасамаңыз! Сіздің міндетіңіз – ақпаратты барынша артық ұсыну, келіссөз жүргізіп, ортақ шешімге келу. Ағзалар адамдарға қажет!

Өзіңізді сенімді ұстаңыз. Дәлелді болыңыз.

Бас тартуға дайын болыңыз. Әріптестермен талқылаңыз. Ешқашан өзіңізді кінәләмаңыз.

Көпшілігінде адамдар түсіністікпен және мейіріммен қарайды.

Бас миының өлімі расталған жағдайда туысқандарға «жалған» үміт бермеңіз.

ТУЫСҚАНДАР БОЛҒАН (БОЛАТЫН) ӨЛІМГЕ СЕНГЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА

ДОНОРЛЫҚ ЖАЙЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАУҒА БОЛАДЫ!

Донорларға арналған ақпарат