KZ

Кіндік қанын транспланттау орындалған әлемдегі бірінші адам 30 жылдан кейінгі өмірі жайлы әңгімеледі. 2018 жылы кіндік қаны пайдаланылған бірінші транспланттаудың жүргізілуіне 30 жыл болады.

1988 жылы Парижде профессор Элиан Глюкман сирек кездесетін тұқым қуалайтын Фанкони анемиясына шалдыққан 6-жасар пациент Мэтью Ферроуға әлемде алғашқы рет кіндік қанының гемопоэтикалық бағаналық жасушаларын (ГБЖ) транспланттауды өткізді. Кіндік қанының доноры оның жаңа туған қарындасы болды. Транспланттау сәтті өтіп, бала сауығып шықты.

Бүгін Метью Ферроу бүкіл әлем бойынша отбасыларды кіндік қанының емдеу үшін құндылығы жайлы ақпараттандыру бойынша қоғамдық қызметпен айналысуда. Үйленген, дені сау екі баланың әкесі.

1988 жылы кіндік қанын емдеу үшін қолдану тиімді және қауіпсіз екені анық болды. Бүгінде мұндай транспланттаулар әлем бойынша жылына мыңдаған отамен есептеледі. Кіндік қанының гемопоэтикалық бағаналық жасушалары трансплантологияда кеңінен пайдаланылады және 100 артық әр түрлі ауруларды емдеуде қолданылады, олардың ішінде: қан, иммундық жүйе аурулары, оның ішінде, онкогематолоялық аурулар және бір қатар тұқым қуалайтын аурулар, сонымен қатар, БЦС, аутизм және кейбір басқалар.

Метью Ферроудың ойынша, көпшілік елдегі негізгі проблема – дәрігер мен болашақ ата-ананың бұл биоматериалдың құндылығы жайлы аз білуі. Қазір АҚШ тұратын бұрынғы пациенттің қызметі отбасылармен жұмыс жасауға, ғылыми конференцияларға қатысуға, сондай-ақ, биоматериалды сақтаумен және транспланттаумен айналысатын америкалық кіндік қаны банкіне жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған.

«Өкінішке орай, отбасын болашақ қорғау үшін кіндік қанының мүмкіндігі жайлы барлық дәрігерлер хабарламайды. Біз қоғамды әрбір жүргізілген транспланттау мен құтқарылған өмір жайлы ақпараттандыра отырып, қалыптасқан жағдайды өзгертуге тиіспіз деп санаймын», — деп қорытындылайды Ферроу.

Ресей бағаналық жасушалар банкінің директоры Александр Приходько «Әлемде шамамен 200 жеке меншік кіндік қанының банкі бар. Банктің 28 мың клиентінен 29 отбасы сақталған жасушаларды емдеу үшін пайдаланды. Бұл ретте олардың бір бөлігі – қантүзілімін қалпына келтіру мақсатында, онкогематологиялық аурулардың терапиясы үшін қолданды. Барлық транспланттаулар сәтті өтті, ол жасушаларды бөлу мен сақтаудың пайдаланылатын технологиясының сапасын растайды. Болашақта сақталған үлгілерді пайдалану пайызы мен олардың қажеттілігі аса түспек. Қолданудың жиналған тәжірибесі кіндік қанын әрбір нәресте үшін сақтау қажет екенін көрсетеді».

Авторы: Арина Корнеева

http://med-info.ru/content/view/8327

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау