KZ

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері бүйректі транспланттау бойынша 250 артық ота жасады. Ол туралы «Қазақпарат» ХАА хатшысына орталықтың жетекшісі, профессор Болатбек Баймаханов хабарлады.

   «Бүгінгі күні, Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының мәліметтері бойынша 2012 жылдан бастап бүйрек мәйіттік донордан («ми өлімі тіркелген донор») 138 пациентке, тірі донордан 944 пациентке сәтті ауыстырып салынды. Олардың ішінде 258 ота Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында жасалды», - деп атап өтті Болатбек Баймаханов.

  Ол бүйректі транспланттау алмастырғыш бүйрек терапиясының басқа түрлерімен салыстырғанда пациенттің өмір ұзақтылығын 1,5-2 есе арттыратынын, аптасына үш рет төрт сағаттық шарадан өтуге тиіс бағдарламалық гемодиализдегі пациентті гемодиализ аппаратына байлаулы болуға мәжбүрлеусіз, оның өмір сапасын жақсартатынын түсіндірді.

   «Бүйректі транспланттау балалар үшін ең дұрыс таңдау, себебі гемодиализдегі баланың дамуы қатты азап шегеді. Адамға бүйректі транспланттаудың ең жиі түрі – гетеротоптық, аллогенді (басқа адамнан транспланттау). Кез келген басқа араласу тәрізді бүйректі транспланттау барлық пациенттерге рұқсат етілмейді, бір қатар абсолютті және салыстырмалы қарсы көрсетілімдер бар», - дейді ол.

   Статистикалық мәліметтер бойынша трансплантталған бүйректің бес жылдық өміршеңдігі - 87%, отадан кейінгі пациенттерде - 90% артық. Тірі туыстас донордан алынған ауыстырып салынған бүйректің орташа өмір ұзақтылығы – 12-15 жыл, мәйіттік донор жағдайында – 7-9 жыл. Бүйрек трансплантатын жоғалтқан кезде донорлық бүйректі қайта транспланттау мүмкіндігі бар.

   «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ – Қазақстандағы жетекші мамандандырылған көп бейінді клиникалардың бірі. Диагностикадан бастап пациент үшін барынша тиімділік пен қауіпсіздікке бағытталған заманауи медицина технологияларын қолданатын ерте сауықтырумен аяқтап, хирургиялық патология кезіндегі медициналық қызметтердің толық спектрін көрсетеді.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау