KZ

АСТАНА. KAZINFORM – Бауырды транспланттау жөніндегі ауыр отадан кейін дені сау сәби босанудың екінші бірегей жағдайы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында болды, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап «KAZINFORM» ХАА.

Алматы облысының тұрғыны Айдарова Толқын 2015 ж. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығында сәтті орындалған бауыр транспланттау отасынан кейін тұңғышын босанды.

Босану ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының базасында өтті.

«Әйел адам табиғи жолмен қыз босанды, оның салмағы 3 250 грамм, бойы – 52 см. Медиктер айтатындай, анасы және сәби өздерін жақсы сезінуде», - дейді орталықта.

Жүкті әйел тұрғылықты жері бойынша әйелдер консультациясында акушер-гинекологта, гепатопанкреатобилиарлық хирургта бақыланды, терапевтпен, гепатологпен көрсетілімдер бойынша кеңесті.

2-ші акушерлік бөлімшенің меңгерушісі Батыр Өскінбаев бала көтеру кезінде туындайтын қауіптерге қарамастан, трансплантаттың өзі жүктілікті үзуге көрсетілім болып табылмайтынын хабарлады.

«Біздің тәжірибемізде ағзаларды ауыстырып салудан кейінгі жүктілік эксклюзив емес. Соңғы уақытта біз ағзалары (бүйрек, жүрек, өкпе, ұйқы безі, бауыр тәрізді) ауыстырылған, кейін ана атанған әйелдер санының өсуін жиі бақылаймыз.

Алайда бұл бауырды күрделі ауыстырып салу отасынан кейін біздің базамызда дені сау бала босанудың екінші бірегей жағдайы. Трансплантологияның бұл түрі хирургиялық тұрғыдан ең күрделілер қатарына жатады және жүктілік пен сау баланың туылуына кедергі болған жоқ. Әрине, бұл қадам қауіпті шешімді қажет етеді. Мұндай оталардан кейін асқынулар байқалмаса, бала тууға болады», - деп түсіндірді ол.

Дамир Байманов

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау