KZ

Бауыры ауыстырып салынған әйел дені сау қыз босанды. Бұл оқиға өмірді жалғау осындай күрделі оталардан кейін де мүмкін екенін тағы да дәлелдеді. Барлық 9 ай бойы жүкті әйелдің жағдайын бір топ кәсіби мамандар бақылады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл отбасындағы төртінші, бірақ көптен күткен, аяулы қыз бала. Лариса оны еліміздің үздік дәрігерлерінің бақылауымен көтерді. 2015 жылы оған транспланттау бойынша ота жасалды. Науқас бауыр циррозы ауыр диагнозына шалдыққан. Ларисаның айтуынша, өмір тұрақты күрес пен ажалды күтуге айналды. Донорлық ағза жайлы ол армандамаған. Бұл шындыққа айналған ғажайып түс тәрізді: жаңа бауыр, жаңа өмір және Ларисаның отбасы ғана емес, бүкіл отандық медицина үшін айрықша оқиғаға айналған жүктілік.

«Мен мүмкін салдары жайлы ескертілдім. Барлығы болуы мүмкін. Мен оны түсінемін. Мен де ересек адаммын, бұл үлкен қауіп. Мен дәрігерлермен бұл тек менің еркім туралы келісіп, қолхаттар жаздым. Апта сайын көрсетілгендей талдаулар тапсырдым», - дейді Лариса Белякова.

Тәртіпті және жауапты пациент, оның үстіне сүйікті емделушіге айналды. Лариса дәрігерлердің жүректерін жібітіп, консилиум мүшелерін дені сау сәби сүюге көмектесуге көндірді. Жағдайдың ауырлығы науқастың бауыры бейімделуі үшін иммунитетті басатын дәрі-дәрмекті қабылдауында болды. Жүктілік – мұндай пациенттердің психологиясы мен денесіне үлкен жүктеме.

«Өткен жылы бізге келіп, жүкті екенін айтқанда, біз қатты күйзелдік. Қанның ұйыту жүйесінде бұзылулар орын алуы, қан кетуі тәуекелдері мүмкін болды. Іштегі нәресте өсе келе, бауыр қысылып, ишемия туындауының тәуекелі болды», - деп түсіндірді гепатолог Күлпаш Қалиасқарова.

39 жасар әйел барлық көрсеткіштері бойынша қауіп аумағында болды. Жүктілігін Лариса ұзақ уақыт білдірмеуге тырысты. Оны мойындаудан қорықты. Дәрігерлер тек жүктіліктің 20-шы аптасында білді. Бірегей жағдайды жүргізуге жеке мамандар ғана келісті.

«Біз, гепатологтар және акушер-гинекологтар жүкті әйелді бір бірімізге табыстап отырдық. Жүктілікті өмір сүруге қабілетті жағдайға жеткізу біз үшін маңызды болды. Әрине, науқастың өзінің көмегі мен өзара түсіністіксіз оған қол жету мүмкін болмас еді», - дейді Гүлнар Мырзабекова.

Салмағы 3 килограмнан жоғары және бойы 53 см дені сау қыз бала өмірге мерзімінде келді. Анасы мен баласы өздерін жақсы сезінуде және бүгін үйлеріне қайтты. Лариза ағзаны ауыстырып салу жүктілікті үзуге көрсетілім болып табылмайтынын тағы дәлелдеді. Өткен жылы Алматы қаласының тұрғыны донорлық бауырмен дені сау ұл баланы дүниеге әкелген.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау