KZ

Шығыс Қазақстанда бірегей роботталған техника арқылы бүйректі ауыстырып салу бойынша алғашқы екі ота жасалды. Өскеменнің №1 қалалық ауруханасында астаналық медициналық бригадамен профессор Жақсылық Досқалиев шығысқазақстандық мамандармен бірігіп ағымдағы жылдың маусым айының соңында екі пациентке бүйректі транспланттауды орындады.

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Анар Аубакироваға бүйректің ауыр сырқаты – гломерулонефрит диагнозы қойылды. Сол кезден бастап әйел адам дәрігерлердің үздіксіз бақылауында, ал соңғы 9 айда – «жасанды бүйрек» аппаратында болды. Аптасына 3 рет пациент облыс орталығына гемодиализге келуге мәжбүр болды. Анар Аубакирова үшін қалыпты өмір сүрудің жалғыз мүмкіндігі – бүйректі транспланттау еді. Медицина саласында жаңа технологиялар дамуымен Шығыс Қазақстанда күрделі оталарды бірегей роботталған хирургиялық жабдықты пайдаланумен жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Анар Аубакирова Өскеменнің трансплантология орталығының алғашқы пациенттерінің бірі.

Сергей Белых, Өскемен қ. бірінші қалалық ауруханасының ота жасау бөлімінің меңгерушісі:

«Бұл – біз дамытатын екінші бағыт. Биыл ол ағзаларды, ең алдымен бүйректі транспланттау. Біздің ауруханада, жалпы ШҚО бұл алғашқы рет жасалды. Астаналық әріптестерімізбен бірге мұндай екі ота жасадық. Қазір бір пациент ауруханадан шығарылады. Екіншісі ем қабылдауда».

Анар Аубакирова, пациент:

«Менің донорым – туған сіңілім Әлия, менен 2 жас кіші. Қазір ол осында. Өзін жақсы сезінуде. Өзім екі баланың анасымын, үлкен ұлымның жасы 25, кішісі – 18. Бір айдан кейін 50 толамын. Енді өмір бойы дәрігерлердің бақылауында боламын. Астаналық 5 медик ота жасады. Барлығы тегін жасалды».

Сергей Белых, Өскемен қ. бірінші қалалық ауруханасының ота жасау бөлімінің меңгерушісі:

«Бірнеше жыл бойы ауырғандықтан. Соңғы жылдар ішінде ол диализде, яғни, жасанды бүйрек аппаратына байлаулы. Аптасына үш рет осында келіп, осы шараларды қабылдауға мәжбүр. Енді, құдайға шүкір, қолы босап, біздің ауруханаға байлаулы емес. Толымды өмір сүре алады».

Дәрігерлердің айтуынша, отаның сәттілігі пациенттің организміне, жаңа ағзаны қалай қабылдайтынына, бүйректің қалай бейімделетініне байланысты.

Сергей Белых, Өскемен қ. бірінші қалалық ауруханасының ота жасау бөлімінің меңгерушісі:

«Сәтті өткен екі жағдаймен шектелмеуді жоспарлаудамыз. Ағзаны ауыстырып салуды қажет ететін пациенттер саны біздің өңірде ғана 160 адамды құрайды. Келесі отаны күзде, Өскемен қаласында, Астаналық мамандардың қатысуымен, 2-3 жұп үшін жасауды жоспарлаудамыз. Келесі жылы өздігімізден, астаналық әріптестердің қатысуынсыз жұмыс жасайтын боламыз».

Қазақстанда жоғары дәрежелі денсаулық сақтау мен дені сау ұлтты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында осы саланы жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау