KZ

Зерттеу нәтижелері регенеративтік медицинада революция жасауы мүмкін.

Америкалық ғалымдар тышқандарға адам миының жасушаларын импланттап, отаның олардың мінез-құлқына қалай әсер еткенін зерттеді, деп хабарлайды  Новости РАА.

Биологтар жасымық бидайындай адам миының органоидтарын пробиркада өсіріп, тышқанның басына қондырды. «Шағын ми» кеміргіштердің өздерінің миын ішінара алмастырды. Нәтижесінде жүйке жасушалары бейімделіп қана қоймай, дами бастады: 233 күн өткеннен кейін олардың құрылымы мен жетілуі жаңа туған сәбидің миымен салыстыруға жарамды болды. Зерттеу Nature Biotechnology журналында жарияланды.

«Адам» миы қондырылған тышқандардың мінез-құлқы әдеттегіден ерекшеленген жоқ. Алғашқы кезде тәжірибе жүргізілетіндер жады тестін жақсырақ өте бастады, алайда, нәтижесінде, өздері үшін стандартты көрсеткіштерге қайтып оралды.

Ғалымдар зерттеу нәтижелері регенеративтік медицинада революция жасай алады деп санайды: өсірілген жасушаларды кейін адамдарға импланттау үшін пайдалану мүмкіндігі бар.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау