KZ

Астанада ерлі-зайыптылар бүйректі 6 миллион теңгеге сатпақ болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, астаналық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылы ері Е. бүйрегінің біреуін 6 000 000 теңгеге сату мақсатында Интернет желісіндегі сайттарда хабарландыру орналастырған ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық іс қаралды. Содан кейін олар тірі тұлғаның ағзасын сатып алушысына еліктеген тұлғадан қолма-қол ақшасыз түрде төлем алып, бүйректі 6 000 000 теңгеге сату бойынша заңсыз мәміле жасады», - деп хабарланды астаналық сотта. 

Сот үкімімен ерлі-зайыптылар ҚР ҚК 24-бабының 3 бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 116-бабының 2 бөлігінің 4 тармағы (Адам ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) бьойынша айыпты танылды. Сот шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау