KZ

Қазақстанда мәйіттік донорлық проблемасы қайта қозғалды. Жыл сайын ағзаларды алмастыруды қажет ететін пациенттер саны артуда, алайда, кезек барлығына жетпейді. Қайтыс болған адамның туысқандары бүйректі, жүректі және бауырды алуға келіспейтіндері қиыншылық тудыруда. Оның екі себебі бар – діни көзқарастар және жергілікті менталитет. Батыста бұл дағдылы тәжірибе саналса, біздің азаматтар бұл болмысқа әлі дайын емес. Демекші, Қазақстанда ота жасаудың құны шетелмен салыстырғанда ондаған есе төмен. Медициналық қызметтердің төмен ақысы шетелдіктердің қызығушылығын арттыруда. Нәтижесі болса әлемнің жетекші клиникаларымен бірдей. Сондықтан, қазақстандық трансплантологтар шетел азаматтары үшін ағзаларды ауыстырып салу оталарының құнын жоғарылатуды ұсынады. Бахрамбек Талибжанов жалғастырады.

44 жасар Қарағанды тұрғыны Руслан Кенжебеков бүйректің созылмалы ауруына шалдыққан. Гемодиализ әдісімен емделуде. Бұл оның өмірін аз да болса ұзартады дейді. Көптеген науқастар тәрізді, донорлық бүйректі армандайды.

1 топ мүгедегі Руслан Кенжебеков:

- Барлығы мұндай диагнозы бар адамның еңбек ету қабілеті төмен деңгейде екенін жақсы түсінеді. Біз өз-өзімізді ұстауға, ары қарай қозғалуға тырысамыз. Қозғалыс – өмір. Бұл менің сұхбатым ғана емес, бұл ағзаларды ауыстыруға тапшы барлық адамдардың даусы.

Бүгінде Қарағанды облысында бүйрек жетіспеушілігі бойынша есепте 829 пациент тұр. Олардың 429 аптасына үш рет гемодиализ терапиясын алады. Өңірдің 239 тұрғыны ағзаларды жедел ауыстыруды қажет етеді.

«Облыстық клиникалық аурухана» КМК гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі Салтанат Сариева:

- Көбінесе еңбекке жарамды, орта жастағы адамдар және жастар, қарттар да бар. Транспланттау проблемасы өте өзекті болып табылады. Мәйіттік донациялар дамымаса, мүмкіндіктер өте төмен. Жылдан жылға денсаулық жағдайы жақсармайды, ауру асқынады.

Қазақстандықтардың арасында тірі кезінде ауруға шалдыққан туысқанымен ағзасын бөлісуге дайындар аз, - дейді өкінішпен медиктер. Оның үстіне, мәйіттік донорлық елде өте төмен дамуда. Дәрігерлердің айтуынша, адамдар қайтыс болған жақындарының ағзаларын алуға діни көзқарастары үшін келісімдерін бермейді.

Шымкент қ. ЖМЖА бас дәрігері Мади Бегалиев:

- Заң бойынша біз ағзаларды: бауырды, бүйректі, жүректі алуға құқылымыз. Алайда, біз туысқандарын мәлім етуге тырысамыз. Туысқандары болса, әрқашан қарсылық білдіреді. Халық менталитетін өзгерту үшін, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, дін басыларымен, молдалармен жұмыс жасаймыз, түсіндіру жұмысын жүргіземіз. Ақырында осыған жетеміз деп ойлаймын.

Дегенмен, өткен жылы Қазақстандағы мәйіттік донорлық саны айтарлықтай өсті. Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының мәліметтері бойынша, 2017 жылы елде қайтыс болған адамдардың ағзаларын отырғызу бойынша 77 ота жасалды. Ол өткен жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе жоғары. Алайда, бұл әлі де жеткіліксіз, дейді дәрігерлер. Себебі, транспланттау кезегінде шамамен 3,5 мың қазақстандық пациент бар».

Сол кезде, Солтүстік Қазақстан облысының ауруханалары мәйіттік донорларды ұсыну үшін қаржыландыру проблемасына тап болды. Биоматериалды тексеру, жөнелту және әлеуетті донордың өмірлік маңызды функцияларын қолдау бүгінде медицина ұйымдарының бюджетіне жүктеледі.

СҚО облыстық ауруханасының басты өңірлік транспланттау жөніндегі үйлестірушісі Сергей Ишин:

- Аурухана шығын материалдарына, жабдық жұмысына, амортизацияға, коммуналдық қызметтерге, қызметкерлердің жұмысына ақы төлейді, осының барлығы уақыт және қаржылай шығынды қажет етеді, олар өтелуі тиіс. Министрлік бұл проблеманы біледі. Бұл мәселені пысықтауды реттеп, қаржылық, нормативтік базаны дайындауды уәде еткен.

Қаржы мәселесін шымкенттік трансплантологтар да қозғауда. Олар шетелдіктер үшін ағзаларды ауыстырып салу оталарының құнын жоғарылатуды ұсынуда. Қазақстандықтар үшін мұндай оталар тегін жасалады! Қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Мади Бегалиев Қазақстанда басқа мемлекеттер азаматтары үшін ота жасау бағасы 4,5 бастап 5 миллион теңгеге дейінгі аралықта екенін айтты. Шетелде бағалар 40 мың доллардан басталады. Бұл ретте шетелдік мамандар ұсынатын медициналық қызметтер сапасы қазақстандықтардан ерекшеленбейді.

Шымкент қ. ЖМЖА бас дәрігері Мади Бегалиев:

- Қазақстан Республикасында ағзаларды транспланттауға бағаларды жоғарылату қажет. Біз бағадан аспауға тырысуымызбен, баға тым төмен болып табылады. 4,5-5 миллион теңге тым аз. Бұл сомадан трансплантологтар тобына еңбекақы төлеу қажет. Мен осыған байланысты деп ойлаймын.

Медициналық қызметтердің төмен бағалары Шымкентке шетелдіктердің қызығушылығын арттыруда. Мысалы, өткен аптада жергілікті ауруханада Германия азаматына бүйректі ауыстырып салу бойынша ота жасалды. Шымкенттік медиктердің арзан қызметтерін жақын уақытта Болгария мен Румыния тұрғындары пайдалануға ниетті. Теріні ауыстырып салу отасы сұранысқа ие.

ОҚО ОДВД меңгерушісі Әлия Қасымханова:

- Біздің жол басында екенімізді есепке алумен, бүгінде отаның құны шамамен 62 мың теңге, ол көршілес елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Өзбекстанда бұл отаның құны 600-700 доллар. АҚШ мемлекетінде - 2000 доллардан бастап. Бұрынғы ТМД бұл отаны Өзбекстан ғана жасайтынына байланысты қызығушылық тудырады деп ойлаймын, бүгінде бұл отаны біз де жасаймыз.

Қолжетімді бағалар Қазақстанда медициналық туризмді дамытады, деп санайды Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой. Оның мәліметтері бойынша, пациенттердің көпшілігі қазақстандық дәрігерлерге Орталық Азия аймағының елдерінен жүгінеді.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой:

- Стоматология,экстракорпоралды ұрықтандыру қызметтері, кардиохирургиялық оталар сұранысқа ие. Тараз қаласының заманауи клиникаларында жүрекке ота жасататын Жамбыл облысының шекаралас аудандарының, Қырғызстан азаматтары өте көп.

Вице-министр атап өткендей, Қазақстандағы хирургиялық оталардың құны Түркиямен салыстырғанда үш есе, Кореямен салыстырғанда 5 есе арзан. Қазақстан медицинасының деңгейін бұдан әрі жоғарылату үшін біздің дәрігерлер шетелдік тәжірибені зерттеуді жалғастырады. Жуырда отандық трансплантологтар ота жүргізудің заманауи техникасы мен тактикасын игеруді жоспарлауда. 2013 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ғана медиктер бүйректі ауыстыру бойынша шамамен 100 отаны және бауырды ауыстыру бойынша 13 отаны сәтті жасағанын атап кеткен жөн.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау