KZ

50 жасар Германия тұрғыны бүйрегін ауыстырып салу үшін Шымкентке келді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Еуропада мұндай отаны жасату үшін ГФР азаматы 60 мың доллардан жоғары соманы төлеуге тиіс еді, сондықтан, бүйректі ауыстырып салу үшін ол Шымкентті таңдап, 4,5 миллион теңге жұмсады. Ер адам шымкенттік дәрігерлер осындай ота жасаған бірінші шетелдік болды.

«Шетел азаматтары Қазақстанда, басқа ТМД елдерінде ота жасауға қызығушылық білдіруде. Біз бұл идеяны қолдаймыз, ары қарай дамытатын боламыз. Қазіргі уақытта келесі айға тағы екі пациент жазылған. Германиядан, Болгариядан және Румыниядан», - дейді ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Мұқан Егізбаев.

Германия азаматының доноры оның Украиналық туысқаны болды. Ол ауруханадан шығарылды. Науқастың өзі қазіргі уақытта стационарда. Медиктер оның жағдайын қанағаттанарлық ретінде бағалауда.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау