KZ

 Жеті жасар Джей Краучке Бирмингемнің балалар ауруханасында бірден бес ағзаны – екі бүйрегін, бауырын, ұйқы безін және аш ішегін ауыстыру бойынша ота жасалды. Бала өзін жақсы сезінуде және сауығу жолында, деп жазады Daily Mirror.

Ауыстырып салынатын ағзаларды дәрігерлер қайтыс болған баладан алды. «Біз донор жайлы ештеңе білмейміз. Тек оның Джейден де жасы кіші бала болғаны ғана мәлім», - дейді Кэти, құтқарылған баланың анасы. 28 жасар жалғыз басты ана оның ұлына жарамды ағзалар табылғаны жайлы жаңалықты 15 ай күтті.

Соңғы бірнеше ай ішінде баланың бүйректерінің жағдайы нашарлап, ағзаны ауыстырусыз ол өмір сүрмейтіні белгілі болды, деп бөлісті Кэти.

 Отаға дейін Джей бүкіл өмірін дерлік ауруханаларда өткізді: туғанынан алты апта өткенде оның аш ішегі семіп, солды. Бала өмір бойы түтік арқылы тамақтануға мәжбүр болды.

Балаға жасалған ота өте сирек жасалады: Бирмингем клиникасында соңғы рет мұндай ота 20 жыл бұрын жасалғанын айтты.

 Келесі алты ай ішінде Джей мектепке бармайды. Оның жаңа ағзалары бейімделгенше, ол иммунитетті басатын дәрі-дәрмек қабылдайтын болады. Джейдің атасы болса, баланы «тамақтанудың қуанышына» ортақтастыруды жоспарлауда, деп жазылған газетте.

 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау