KZ

Еуропа кеңесі адам денесі және оның бөліктері қаржы пайдасының көзі болмауы тиіс екендігі туралы қағида шығарылатын жаңа нұсқаулықты жариялады.

Овьедо Конвенциясында және адам ағзалары мен тіндерін транспланттау туралы оның Қосымша хаттамасында баяндалған, қаржы пайдасына тыйым салатын қағида адам абыройын құрметтеуге кепілдік береді. Адам ағзалары мен тіндерінің саудасымен күресудің нақты басты қағидасына сәйкес, адам ағзаларын және тіндерін сатуға немесе ағзалары үшінші тарап пайдасына алынатын тұлға үшін, сондай-ақ, осы үшінші тарап үшін немесе транспланттау процесінің қатысушылары үшін қаржы пайдасын түсіруге немесе салыстырмалы артықшылықтар алуға тыйым салынады.

Бұл қағида сондай-ақ альтруистік донорлықты дамытуға және донорлықтың сенімді жүйесі үшін донорлардан алынатын адам ағзаларының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Нұсқаулықта қаржы пайдасын түсіруге тыйым салу тірі донорларға табысынан айырылу үшін өтемақы алуға не медициналық шығындарын өтеуге, немесе ағзаларды, тіндерді немесе жасушаларды алуға байланысты негізделмеген зиян үшін өтемақы алуға кедергі жасамайтыны нақтыланады.

Биоэтика бойынша комитеттің жетекшілігімен әзірленген осы нұсқаулық Ағзаларды транспланттау жөніндегі Еуропа комитетімен бекітілді (Ішінара келісім).

источник

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау