KZ

Мәйіттік донорлықты Қазақстанда реформалау қажет. Дәрігерлердің пікірінше, өзгерістер заңнамада да, менталды деңдейде де қажет. Олардың кезекті бастамасы – ағзаларды жүрек тоқтауын күтпей, пациенттің бас миының өлімі жағдайында ауыстырып қондыру.

Донорлық ағзаларға тапшылар саны күнделікті дерлік өсуде.

Қарлығаш Жылқайдарованың бүйрегі гепатиттің ауыр формасына шалдықты. Аптасына үш рет пациент қанды тазарту шарасы – гемодиализ жасатады. Әйел адам донорлық ағзасын күткеніне 11 жыл болды. Бүкіл Астана бойынша кезекте 500 артық адам тұр. Көбі ауыстырылатын ағзаның жоқтығынан кезегі жетпей қайтыс болады.  

«Қысым ауытқулары болады. Бастысы – инусльттің қайталанбауы. Әйтсе де, бүйректі асыға күтудеміз. Жаңасы қондырылғанын қалаймын. Жастар азырақ келсе екен деймін. Біздің осылай жүргенімізге 14 жыл», -  дейді Қарлығаш Жылқайдарова.

Ел бойынша статистика қорқытарлық. Жаңа бүйрекке 2500 астам адам, бауырға шамамен 1700 адам, жүрекке 150 қазақстандық, өкпеге – 10 адам тапшы. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазіргі республикалық транспланттауды үйлестіру орталығының директоры Жақсылыс Досқалиев елде мәйіттік донорлықты дамыту, оны тіпті ынталандыру қажет деп санайды. Досқалиев ағзаларды ауыстыру бойынша көптеген оталардың орындаушысы. Қазірдің өзінде ол кезекті шараға асығуда.

«Ағзалар жер астында да қажет болады деп санайтындар үшін, бұл үлкен қате деп айтқым келеді. Климаттық жағдайларға байланысты бұл ағзалардың сақталу мерзімі 6 жылдан кем емес. Алты жылдан кейін олардың ізі де қалмайды. Органикалық емес қалдықтар – сүйектер ғана қалады. Ештеңе қалмайды. Мәйіттік донор бес адамға өмір сыйлай алады», - дейді республикалық транспланттауды үйлестіру орталығының директоры.

Дін басылары да мәйіттік донорлықты дамытуды ұсынуда. Бірнеше жыл бұрын ҚМДБ арнайы фетва жариялады, алайда, онда бірнеше ерекшелік бар. Мысалы, ағзаларды туыстарының рұқсатынсыз ауыстырып салуға болмайды немесе адамның өзі отаға өсиет немесе рұқсат қалтыруы тиіс. Сонда ғана транспланттау кінә болып саналмайды.  

«Біз тура да, жанама да тыйым салмаймыз. Біз қайтыс болғандардың туысқандарымен сұхбат жүргіземіз. Мысалы, жыныстық ағзаларды ауыстырып салуға болмайды, бұл кінә саналады. Ағзаларды жүрек тоқтағаннан кейін ғана алу өте маңызды. Шариғат бойынша адамның жаны денесінен шыққан кезде өлім саналады», -  дейді мұсылмандардың діни басқармасының қызметкері Медет Құрмашұлы.

Қазір бүкіл ел бойынша жаңа ағзаларды 4000 астам пациент күтуде. Бұл ересектер ғана. Балалар статистикасы да қайғылы – шамамен 200 бала донорлық ағзаны қажет етеді.

Транспланттауды үйлестіру орталығында қазақстандықтардың санасын өзгерту қажет дейді.

 

Анвар Шалекенов, Нұрлан Өтеген, «Алматы» телеарнасы, Астана

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау